Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет241/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   364
Жіберулер  тізімі (Mailing List).  Əдеттегі  электрондық  пош-

та 2 абонент  арасында  хат  алмасуды  ұйымдастырады.  Пошталық 

ақпараттың  үлкен  ағынын  өз  адресіңізге  жіберу  үшін  «жіберулер 

тізімі» жазылу арнасын ұйымдастыруға болады.



Телеконференциялар  қызметі (Usenet).  Бұл  электрондық 

поштаның қайталанатын жіберуіне ұқсас, бір хабарлама тек бір кор-

респодентке ғана емес, үлкен топқа жіберіледі. Осындай үлкен топ-

тар телеконференциялар немесе жаңалықтар тобы деп аталады.



WWW қызметі (World Wide Web) – дүние жүзілік өрмек, қазіргі 

Интернеттің  ең  көп  таралған  қызметі. WWW – Web-серверлерде 

сақталынған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын 

бірыңғай  ақпараттық  кеңістігі. Web кеңістігін  құрайтын  жекелеме 

құжаттарды Web-беттері деп атайды. Web-беттерді қарауға арналған  

программаны  браузерлер  деп  атайды.  Мысалы: Internet Expoler 

(Microsoft компаниясы), Netscape Navigator (Netscape Communications 

компаниясы), Opera (Opera Software компаниясы), Web – беттерді жа-




427

сау HTML (Hyper Text Markup Language – гипермəтіндерді белгілеу 

тілі) тілі көмегімен жүзеге асырылады. HTML тілінің командалары 

тег деп аталады. Көптеген тегтер жұппен қолданылады: ашылатын 

тег жəне жабылатын тег. Жабылатын тег «/» таңбасынан басталады.

Мысалы:


 Информатика – ғылым 
            

Бұл мəтін ортадан теңестіріліп жазылады.

Суретті қою:  

Гиперсілтемелерді қою:  сілтеме көрсеткіші 

     WWW серверлерінде сақталған гипермəтінді электрондық 

құжаттардың гиперкеңістігін құрайды, WWW – кеңістікте құжаттар 

арасында еркін ауысу Web – серфинг деп аталады (танысып қарау 

мақсатында орындалады).  Web – құжаттар арасында мақсатты түрде 

ауысу (жылжу) Web – навигация деп аталады.

Дүние жүзілік масштабта, яғни WWW-да файлдың адресі URL – 

ресурстың бірыңғайлық көрсеткішімен (əмбебап Universal Resource 

Locator) анықталады.

URL адрес 3 бөліктен тұрады: 

1. Берілген ресурсқа кіруі жүзеге асыратын қызметке көрсеткіш. 

Мысалы: WWW қызметіне  қолданбалы  хаттама TP – (Hyper Text 

Transfer Protocol – гипермəтінді  жіберу  хаттамасы)  болғандықтан, 

алдымен http: // жазылады.

2. Ресурс сақталған компьютердің, яғни сервердің домендік ата-

уы http: // www. toyota. сom

3.  Берілген  компьютердегі  файлға  қатынаудың  толық  жолын 

көрсету http: // www. toyota com / toyota. html

(Бумалар  мен  файлдарды  ажырату  үшін « / » таңбасы 

қолданылады).

IRC қызметі. IRC – Internet Relay Chat қызметі бірнеше адамның  

шынайы  уақыт  режимінде  қарым – қатынас  жасауына  арналған, 

кей  кездерде  чат – конференция  немесе  жай  ғана  чат  деп  аталады 

(бағдарлама кеңінен қолданылатын  mIRC.exe).

ICQ  қызметі.  Интернетке  осы  уақытта  қосылған  адамның 

желілік IP – адресін іздеуге арналған қызметі. Өзінің түйініне қосу 

жəне IP – адресті ерекшелеу мүмкіндігін беретін ұйымдар Интернет 

қызметін ұсынушылар немесе сервис – провайдерлер деп аталады.




428



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет