Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет284/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Зертханалық тəжірибе 

Филология мен қоғамдық білім саласында информатиканың 

теориялық негіздері мен қосымшаларын қолдану

Дидактикалық мақсаттары: іздеу, зерттеу.

Сабақ түрі: тəжірибе.

Оқыту  технологиясы  мен  əдістері:  кітаппен  жұмыс,  іздеу 

жаттығулары, ақпаратты құрылымдау, оқу дискуссиясы.



Студенттердің алдын-ала дайындығы: баяндайтын сабағының 

тақырыбын таңдау, материалды оқу жəне жүйелеу.



Теориялық мəліметтер

Тезаурус құруға қажетті ұғымдар:

1. ақпарат;

2. тіл;


3. жүйе;

4. білім;

5. жіктеу;

6. жаттығу;

7. жасанды интеллект.

 Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау

Информатика  ғылымы  ақпараттың  барлық  аспектілерін 

қарастырады,  ал  адамның  тұлға  ретінде  қалыптасуы  сезім 

мүшелерінің  көмегімен  қоршаған  əлем  туралы  ақпаратты 

(бейнесін) қабылдаудан басталады. Осындай бейнені түйсіну сана-

ны  қалыптастырады,  санамен  шынайылықты  түйсінуге  жету  жəне 

танып  білу  нəтижесі  білімді  тудырады.  Осыдан  кейін  қағидалар, 

көзқарас  пен  танымдар  негізінде  адам  өмір  сүріп  отырға  əлем 

бейнесі құрылады, яғни дүниетаным қалыптасады. Түйсік, білім мен 

дүниетаным қалыптастыруға сезімдік ақпарат негіз болады.

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  жоғары  сыныптардағы  ин-

форматика    пəнінің  мазмұнында  жалпы  білімдік  аспектісінен  өзге 

екі аспектіні бөліп айтуға болады:

 

– əлемнің  жүйелік  ақпараттық  картинасы,  өзі  басқарылатын 



жүйелердің  құрылуы  мен  əрекет  етуінің  жалпы  ақпараттық 

заңдылықтары;




483

 

– ақпаратты алу, өңдеу, жіберу, сақтау жəне қолдау, компьютер 



жəне ақпараттық технологиялар құралдарының көмегімен есептерді 

шығару əдістері мен құралдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет