Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет328/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   364
Теориялық мəліметтер

Нақты  жағдаяттарды  талдау  əдісі (case-study) жоғары  сынып 

оқушыларының  оқу-танымдық  əрекеттерін  белсендірудің  тиімді 

тəсілі  болып  табылады,  өйткені  бұл  əдіс  өмірлік  жəне  өндірістік 

есептерді талдау қабілетін дамытады. Информатикадан таңдау курс-

тарын  меңгеру  үдерісінде,  оқушылардың  жеке  оқу  траекториясын 

таңдауын жасау барысында бұл қабілеттің өзектілігі арта түседі.

Нақты жағдаяттарды бірнеше түрге бөлінеді:



1.  Жағдаят-мəселе – оқушылар  өмірінде  кездесетін  фактілер 

жиынтығы,  оқушылар  рөлдерге  бөлініп,  қиын  жағдайдан  шығу 

жолдарын  табулары  қажет  немесе  «тығырықтан»  шығар  жол  жоқ 

екендігі туралы тұжырым жасаулары керек.



2.  Жағдаят-бағалау – белгілі  бір  мағынада  шығу  жолы 

анықталған  жағдай  талданады,  оқушылар  бақылаушылар  ретінде 

болып, алдын ала қабылданған шешімді сынай талдаулары қажет.

3.  Жағдаят-иллюстрация – шынайы  оқиғаны  сипаттау,  оның 

пайда  болу  себептерін  түсіндіру,  осы  жағдайдан  шығу  процедура-

сын сипаттау; оқушылар міндеті – шешімге баға беру. 

Нақты  жағдаятты  талдау  əдісінің  мақсаты – жоғары  сынып 

оқушыларының аналитикалық қабілеттерін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет