Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет72/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   364
7-ТАРАУ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, 

ƏДІСТЕРІ ЖƏНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен əдiстерi

Оқу-тəрбиелеу үдерісінің тиімділігі оны ұйымдастырудың (неме-

се ұйымдастыру түрлері) алуан түрлерін қолдану өнеріне тəуелді бо-

лады. «Оқытуды ұйымдастыру түрлері – бұл мұғалім мен оқушының 

өзара  əрекетінің  ерекшеліктері,  басқару  мен  өзін-өзі  басқарудың 

ара қатынасы, оқыту орны мен уақыт ерекшеліктері, оқушылардың 

саны,  оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  əдісі,  құралы  мен  нəтижелері 

көзқарасы тұрғысынан оқыту үдерісінің толыққанды жүйелік сипат-

тамасы» [1, 307 б.]. Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің жіктемесінің 

көптеген əдістері бар [1-5].

Атақты  чех  педагогы  Я.  А.  Коменскийден (1592-1670) бас-

тау  алған  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  сыныптық  сабақ  жүйесi 

отандық  мектептiң  бүкiл  тарихындағы  сабақты  ұйымдастырудың 

құрылымдық  негiзi  болып  табылады.  Мектептегi  сабақ  оқытудың 

сыныптық-сабақ жүйесiнiң негiзiн құрайды, оның ерекше белгiлерi: 

жастары  жəне  дайындық  деңгейлері  бірдей  оқушылардың  оқу 

топтарының  тұрақты  құрамы  (сынып);  əрбір  сынып  өздерінің 

жылдық  жоспарларына  сəйкес  жұмыс  істейді  (оқытуды  жоспар-

лау); оқу үдерісі, бір бөлігі келесі бөлікпен  жеке өзара байланысқан  

түрде іске асырылады (сабақ); əрбір сабақ тек бір ғана пəнге арнала-

ды (монизм);  сабақтардың үнемі кезектесіп отыруы (сабақ кестесі);  

оқу  сабақтарының  кестесiн  анықтау;  мұғалiмнiң  жетекшi  рөлi 

(педагогикалық басқару); оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің 

түрлері  мен  формалары  қолданылады  (іс-əрекеттің  вариативтілігі) 

[2]. Əрбір сабақ үш бірлікті: оқыту, тəрбиелеу, дамыту мақсаттарына 

жетуге  бағытталады.  Өткізілетін  барлық  сабақтардың  ішінде  ара-

лас  сабақтардың  үлесі 75-80%-ды  құрайды.  Практикада  аралас 

сабақтар  кеңiнен  таралған,  оның  құрылымында  мынадай  элемент-

тер  (кезеңдер)  ерекшеленеді: 1) оқытылған  материалды  қайталау 

(білімді  өзектендіру); 2) жаңа  білімді  оқыту,  жаңа  біліктіліктерді 

қалыптастыру; 3) бекіту, жүйелеу, қолдану; 4) үйге тапсырма беру.



162

АКТ-ны  қолдану  мектептегі  сабақтың  сипатын  елеулі  түрде 

өзгерте алады, ол оқу-тəрбиелеу үдерісін ең жақсы түрде қамтамасыз 

ету  үшін,  оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа  түрлерін  іздестіруді 

өзекті етеді. Сабақтың инновациялық түрлері, дəстүрден тыс сабақ 

– «дəстүрден  тыс  құрылымнан  тұратын  тосын  шығарылған  оқу 

сабағы»  пайда болады [2, 530-б.].

И. П. Подласый əртүрлі жіктемелерді талдау негізінде сабақтың 

негізгі  типтерінің  нақтыланған  тізімін  келтіреді: «1) аралас  сабақ; 

2) жаңа білімді меңгеру сабағы; 3) жаңа біліктілікті қалыптастыру 

сабағы; 4) өтілген материалдарды жалпылау жəне жүйелеу сабағы; 

5)  бiлiм,  біліктілікті  бақылау  жəне  түзету  сабағы; 6) білім  мен 

біліктілікті практикада қолдану сабағы»  [2, 526 б.].   

Қазіргі заманғы сапалы сабақ жауап беретін жалпы талаптардың 

ішіндегі  бастысы – ғылымның  жаңа  жетістіктерін  қолдану.  

Компьютерлік техниканың үлкен мүмкіндіктері, дүниежүзілік желі 

интернеттен  алынатын  ақпараттың  аса  зор  əр  алуандығы,  бүгінгі 

күнгі  бар  білім  беру  жүйесімен  терең  қарама-қайшылықта. «Жаңа 

ақпараттық мүмкіндіктерді дəстүрлі сабақ шеңберіне бейімдеу» [6, 

136-б.]  қажет  жəне  осы  мағынада  оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа 

түрі ретінде компьютерлік сабақ жайлы айту орынды.

Информатика  пəнінің  маңызды  ерекшелігі – оқушылардың 

компьютердегі  жүйелі  жұмыс  істеуі  болып  табылады,  сондықтан 

сабақтарды  көлемі  мен  компьютерді  пайдалану  сипаты  бойынша: 

демонстрация, зертханалық жұмыс, практика деп жіктеуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет