Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет70/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   364
Үйрету программалық құралдары. Əдістемелік мақсаты – білім 

хабарламасы, оқу құралын қажетті деңгейде толығымен  меңгеруді 

қамтамасыз  ету.  Мысалы: «1С:  Школа.  Вычислительная  математи-

ка  и  программирование, 10-11 кл.».  Бұл  оқулық Visual Basic.NET, 

Turbo Pascal, Borland Delphi программаларында  қолданылатын, 

кездесетін  есептеу  математикасы  мен  алгоритм  сабақтарынан 

тұрады.  Бұл  сабақтардың  əрқайсысында  педагогикалық  програм-

малау  құралдарымен мəтіндік жаттығулар бар жəне алгоритм мен 

программалауға байланысты практикум жұмыстары қарастырылған.

Электрондық  кітаптар  мен  энциклопедиялар – бұл  кітаптың 

немесе  энциклопедияның  электрондық  (цифрлық)  нұсқасы.  Бұл 

оқулықтарда толық мультимедиялық функциялар соның ішінде бей-

не,  интерактивті  карта,  дыбыс  пен  фотолар,  интерактивті  барлау 

жүйесі бар. Мысалы, «Энциклопедия персонального компьютера и 

Интернета Кирилла и Мефодия» – мультимедиа-энциклопедия, ком-

пьютерлерге жəне жаңа технологияларға арналған.

Аудио,  бейне  жəне  компьютерлік  құралдар  оқулықтарды  құру 

жəне жобалауда дидактикалық принципке сəйкес келуі керек.

Ғылыми принциптің болжауы бойынша оқулықтың мазмұнында 

ғылыми-анықталған  мəліметтерді  қолдану  қажет.  Модельдеу 

мүмкіншілігі,  зерттелінетін  объектілердің,  құбылыстардың  имита-

циясы экспериментті-зерттеулердің əрекетіне шарт қояды.

Қолайлық принципі оқулық əрекеттілігіне жəне оның əдістеріне  

байланысты  оқушылардың  дайындығы  мен  жас  мөлшеріне  байла-

нысты болуы қажет.

Көрнекілік  принципі  қазіргі  заманға  сай  визуалдық  нысандар 

оқуды болжайды (компьютерлік графика мен анимация, мультиме-

диа).


Электрондық оқу құралдары – бұл құралдар, оқу ақпараттарына 

негізделген мультимедиалық технологиялар көмегімен қолданылып, 

қолданушымен  интерактивтік  байланыспен  жүзеге  асырылады. 

Электрондық оқыту құралдарын қолдануда компаниялар мен басқа 

да оқу орындары орын алады.



157

Электрондық оқу құралдарын бағалаудың бірнеше əдістері бар:

 

– өлшемдік  бағалаудың  əдістемелік  жарамдылығы,  яғни 



құралдың колданылуы кезіндегі өлшемдік бағалаудың сапасы.

 

– эксперименталдық  тексеру,  кандай  да  бір  уақытта  оқу 



жүйесінде қолданылуы.

 

– эксперттік сапасының бағалануы, яғни берілген құрылғыларды 



білетін  олармен  жұмыс  жасай  алатын  ғылыми-практикалық 

көзқарасы бар эксперттердің бағалауы.

Электрондық оқу құралдары жұмыс құралы ретінде, мұғалімге 

сабақтың  мақсатын  жүзеге  асыруға  көмектеседі.  Сонымен  қатар, 

олардың  қолданылуы  басқа  электрондық  əдістемелер  жасауда  кол-

данылады.

1.  Техникалық-технологиялық  өлшем – оқу  құралдарының, 

компьютерлердің техникалық деңгейіне сəйкес келуі.

Оның құрамына:

 

– оқу-құралдарының  орнату-жоюына  байланысты  қойылатын 



талаптар  (инсталлятор  программасының  болуы,  автожүктеу 

мүмкіндігі жəне т.б);

 

– оқу-құралдарының  қызметттеріне  қойылатын  талаптар 



(операциялық  жүйемен  келіспеушіліктің  болмауы,  тышқан  мен 

пернетақта көмегімен басқару, басқару элементтерінің болуы жəне 

т.б.).

2. Эргономиялық өлшем – электрондық құралдардың эргономия-



лық талаптарға сəйкес келуі.

Оның құрамына:

 

– сұхбатты  ұйымдастырудың  талаптары  (ақпарат  алудың 



жеңілдігі, интерактивті сұхбаттың болуы, көмек пен түсініктеменің 

болуы жəне т.б.);

 

– визуалдық ортаға қойылатын талаптар (дизайн сапасы);



 

– мəтін  жəне  белгілер  параметріне  қойылатын  талаптар 

(мəтіннің оқылуы);

 

– мультимедиаға 



қойылатын 

талаптар 

(сурет 

пен 


бейнефрагменттердің,  компьютерлік  графиканың,  дыбыстық 

сүйемелдеу, дыбыстық сатысының өзгеруінің мүмкіндігі);

3.  Педагогикалық  өлшем – электрондық  оқулықтың 

педагогикалық талаптарға сай болуы. Оның құрамына:

 

– педагогикалық 



мақсатты-жинақылық 

(нормативті 

құжаттардың, дидактикалық талаптардың сəйкестігі);



158

 

– білімнің  вариативті  мүмкіндігі  (бірнеше  қиын  кезеңдердің, 



сызықтық емес материалдардың, сұхбат құралдарының əртүрлі бо-

луы);


 

– психология-педагогикалық  есептелуіне  қойылатын  талап-

тар (дамушы компоненттердің, құралдардың белсенділігінің болуы 

жəне т.б.);

 

– əдістемелік қолдау (əдістемелік материалдардың, электрондық 



журналдың болуы, оқу сапасының мүмкіншілік бағасы жəне т.б.).

Қазіргі  кезде  тұтынушыларға  ұсынылатын  электрондық 

оқулықтардың  көбі  əртүрлі  шарттарда  сынақтан  өтеді.  Бірақ 

көбінесе оны жасаушылардың өздері программалық тауардың сапа-

сын бағалайды, оның қолдануымен педагогикалық эксперименттерді 

ұйымдастырады  жəне  өткізеді.  Соңында  нəтижелердің  маңызды 

қателіктері  мен  ауытқуларын  жіберіледі.  Оқу  бағытындағы 

электрондық  құралдардын  сапасын  нақты  бағалау  үшін  оқу 

бағытындағы аппарат-программалық жəне ақпараттық кешендерінің 

еркін  сертификациялау  жүйесін  қолдануға  болады.  Ол  жерде  та-

уарды  өз  еркімен  сертификаттан  өткізеді  жəне  ұйымдастырады, 

педагогикалық-эргономикалық  стандарттар  мен  техникалық  шарт-

тар  еркін квалификациялаған бағалаумен қамтамасыз етіледі жəне 

сəйкесінше талаптарға сай болады.

АПИКОН  жүйесі  тауарлардың  сертификациялау  келесілерді 

қарастырылады:

 

– оқу бағытындағы электрондық құралдар;



 

– қолданбалы  программалық  құралдар  жəне  білім  беру 

үдерісінде автоматтандырудың ақпараттық-əдістемелік жүйелерінің 

қамтамасыз етілуі жəне білім беру мекемесімен басқарылу;  

 

– оқуға  арналған  электрондық  құралдарды  қамтитын  оқу-



əдістемелік кешендер;

 

– оқу мекемелерінің ақпараттық желілері;



 

– жергілікті  жəне  ғаламдық  желілердің  оқуға  арналған 

таратылған ақпараттық ресурстары;

 

– оқу есептеу техникасының жиынтықтары;



 

– жеке  компьютерлермен  байланысқан  оқу  зертханалық 

жабдықтар;

 

– қолданушының (оқу мекемесі қызметкері) автоматтандырыл-



ған жұмыс орны;

 

– оқу  есептеуіш  техникасының  жиынтықтарына  арналған  бей-



немониторлар.


159

Сынақтан табысты өткен өнімді ұсынған өкілдерге  сертификат 

пен сəйкестік белгісін қолдану рұқсаттамасы беріледі.

Сертификат – өнімнің сапалы жəне тұтынушының жұмыс істеуге 

тиімді екенін көрсететін дəлелдемелердің бірі. Сертификаттың бар 

болуы  өнімнің  нарықта  бəсекеге  түсуін  жоғарылатады  жəне  оның 

оқу орындарында тиімді қолдану мүмкіндігін растайды. Сəйкестік 

белгісі – тұтынушыларға берілген талаптарға сəйкес келетінін мəлім 

ететіні  белгі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет