Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет77/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   364
символдық  көру  əдісін  қолдану  ұсынылады [14]. Оқушылардың 

программалық құралдардың интерфейсін саналы түрде меңгерулерін  

ұйымдастыру үшін бейнелік көру əдісін қолдануға болады, ол нысан 

мен оның графикалық (немесе ауызша түрде) белгіленуін оқытуды 

ұсынады, мысалы, монитор экранындағы «шартбелгілер» [12].

Бастауыш  мектептің  информатика  сабақтарында  оқушылардың 

қиялын  жəне  оймен  көз  алдына  елестетуін  дамыту  орынды,  осы 

мақсатта,  белгілі бір ойлау əрекеттерінің нəтижесінде оқушыларға 

бұрын таныс емес өнімді жасау – ойлап табу əдісін қолдануға болады 

[4]. Мысалы, шығармашылық тапсырма: қане, балалар, əдеттегіден 

өзгеше  ақпаратты  тасушыларды  қиялмен  жасап,  ойланып  көрейік 

[12].


Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту қателерге 

дəті шыдамайтын жағымсыз қатынасты болдырмау – қателер əдісі 

арқылы  мүмкін,  ол  алгоритмдеу  мен  программалау  негіздеріне 

оқытуда тиімді қолданылады. 



Зерттеушілік  əдіс  оқушылардың  білімді  шығармашылықпен 

меңгеруін  қарастырады:  мұғалім  оқушылармен  бірге  проблеманы 

тұжырымдайды  жəне  оларға  қиындық  туған  кезде  көмектеседі,  ал 

оқушылар  проблеманы  өз  беттерінше  шешеді [13]. Мұғалім  бұл 

жағдайда оқушылардың өзіндік іздеу іс-əрекетін ұйымдастырушысы 

болып  табылады.  Оқушыларға  адамның  қызметінің  əр  түрлі 

салаларында қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі заманғы АКТ 

құралдарын  қолдану  мүмкіндігі  берілген  кезде,  бұл  əдіс  ерекше 

мəнге ие болады.

Жобалар əдісі – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған  

оқушылардың  бірлескен  іс-əрекеттері,  ол  информатиканы 

оқытудың  барлық  кезеңдерінде  табысты  қолданылуы  мүмкін  [15, 



169

16, 17]. Телекоммуникациялық  жобалардың  негізінде  əр  елдің,  əр 

қаланың, əр мектептің оқушыларының ынтымақтастықта бірлескен 

жобаларын  ұйымдастырудың  неғұрлым  тиімді  екендігін    практика 

көрсетіп  отыр,  олар  əрқашанда  пəнаралық  жəне  мұнда  жалпы 

проблеманы жергілікті шешумен алмасу үшін, бірлескен бақылаулар 

жүргізу үшін, бірлескен жарияланымдар дайындау үшін, үдерістер 

мен құбылыстарды модельдеу үшін жəне т.б.  қолданылады [18, 19, 

20, 16, 21].

Оқу  жобасын  жасағанда  оқушы  ақпаратты  өз  бетімен  іздеп-

тауып  жəне  түсініп  қана  қоймай,  өзі  жаңа  идеялар  туғыза  алуы 

қажет.  Бұл  оқытудың  (дəлірек  айтсақ  компьютерлік  технологияға) 

іс-əрекеттік əдісінің мысалы болып табылады. Бұл оқытудың жаңа 

түрі.  Жоба  белгілі  бір  тақырыпты  оқытатын  компьютерлік  курс, 

логикалық ойын, компьютерде модельденген зертханалық құралдың 

макеті,  электрондық  поштамен  тақырыптық  қатынас  жəне  т.б.  бо-

луы мүмкін. Жобалар əдiсiн қолданғанда нақты тəжiрибе негiзiнде 

алынған бiрқатар шарттарды ескеру керектiгiн көрсетемiз:

1.  Оқушыларға  нақты  таңдау  мүмкiндiктерiн  iске  асыру  үшiн 

жеткiлiктi  үлкен  жобалар  жиынын  көрсетуi  керек.  Жоспарлау 

өзiндiк  немесе  ұжымдық  болуы  мүмкiн  екендiгiн  айта  кету  керек. 

Соңғысы,  басқаларға  қарағанда  оқушыларды  ұжымдық  жұмыс 

əдiсiн меңгертуге машықтандырады. 

2. Оқушы жұмысты жоспарлау əдiсiн бiлмегендiктен, ол жобамен 

жұмыс iстеу ережесiмен қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай жағдайда 

əрбiр  оқушының  өзiндiк  қабiлетiн  ескеру  маңызды  (бiреулерi – 

мəтiндi оқи отырып, екiншiлерi – түсiндiргендi тыңдай отырып, ал 

үшiншiлерi – тəжірибелік жұмыс барысында қателескенiн шешiмiн 

таба отырып материалды жақсы меңгередi).

3.  Бала  үшiн  алған  нəтижесiнiң  тəжірибелік  мəндiлiгi  мен 

айналасындағылардың  берген  бағасы  маңызды.  Сондықтан  ОЖ 

орындаушыға  iстелген  жұмыстарының  ойын  немесе  имитациялық 

түрде  жинақтылығы  мен  аяқталғандығын  болжауы  керек.  Бiткен 

жобаның көрсетiлуi жəне үлкендер мен құрдастарының назарында 

болуы өте маңызды.

4. Практика көрсеткендей, оқушылардың бiр-бiрiнiң жетiстiктерi 

мен сəтсiздiктерiн өзара талдау үшiн оларға жағдай жасау керек. Бұл 

жағдайда өзара оқыту үдерісі жүредi, ол оқушыға да, мұғалімге да 

пайдалы.



170

5. Жобалау əдiсi компьютермен (АКТ) жұмыс жасауды меңгеруге 

бағытталады.

Өнімді  оқыту  оқушылардың  шығармашылық  ойлауын 

дамытудың негізгі қызметтерімен қатар, əлеуметтік белсенділікті та-

ныту түрі ретінде информатика аумағында оқушылардың танымдық 

белсенділіктерін  қалыптастыруға  байланысты  неғұрлым  күрделі 

мəселені шешеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет