Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет85/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   364
Ашық  түрдегi  тапсырма.  Ашық  тапсырмаға  жауап  бергенде 

оқушы тапсырмадағы жоқ сөздi жəне қойылған сызықтың орнын сан 

немесе формуламен толықтырады. Тапсырма бiрмəндi анық жауапты 

талап ететiндей жəне екi жақты түсiнiк беру жiберiлмейтiндей етiп 

құрылады. Сызықша бақылау материалы үшiн маңызды болып табы-

латын термин кiлтiнiң орнына қойылады. Бiрiншi жетi-сегiз сөзден 

аспайтын  сұрақты  тұжырымдау  ұсынылады.  Сосын  құрастырушы 

қойылған сұраққа жауап жазады. Содан кейiн тест құрастырушы ша-

мамен сол сұрақтың көлемiне сəйкес мөлшерде жауап жазады. Ары 

қарай айтылғандардан сөз кiлтi немесе бiр, екi сөз алынып тастала-

ды да олардың орнына сызықша қойылады.

Ашық түрдегi тапсырмалар үшiн бiр сөзден тұратын «Толықтыр» 

нұсқауын қолдануға болады. Болжам болмағандықтан ашық тапсыр-

малар сыналушы үшiн қиынырақ болуы мүмкiн. Шындығында да, өзi 

дұрыс жауапты құрастырып шыққанша, жауаптардың iшiнен дұрыс 

жауапты таңдап алу оңайырақ. Педагогтар үшiн ашық тапсырманың 

бұл қасиетi ерекше қызықтыратындай болып табылады. 



197

Сонымен қатар, ашық түрдегi тапсырмалардың да кемшiлiктерi 

бар.  Оқушы  сызықша  орнына  жауапты  жазғанда  жауаптың 

синонимiн  жазып  кетуi  мүмкiн  немесе  қалып  кеткен  формуланың 

элементтерiнiң  ретiн  өзгертiп  алуы  мүмкiн.  Мұндай  жағдайда 

орындалған тапсырманың қорытындысын дұрыс бағалауда, оқушы 

жауабына талдау жасайтын, оны эталонды жауаппен салыстыратын, 

мықты инструментальдi жүйенi қолдану қажет.

Тапсырманың ашық түрiне мынадай мысал келтiрейiк:

1. Ақпаратты өлшеудiң негiзгi бiрлiгi _________________ .

Тест  тапсырмаларының  үшiншi  түрi  «сəйкестiктi  анықтау» 

нұсқауымен берiлген тапсырмалар болып табылады. Олардың мəнi 

мынада, бiр жиынның элементтерiн екiншi жиынның элементтерiмен 

салыстыру.  Жиынның  бiр  элементiне  екiншi  жиынның  тек  бiр 

элементi  ғана  сəйкес  келуi  керек.  Тапсырманың  бұл  түрiне  мысал 

келтiрейiк. 

Мысалы.  Сəйкестiктi анықта.

1. s:=0; for i:=1 to 5 do s:=s+i;               а) 120 

2. p:=1; for i:=1 to 5 do p:=p*i;              ə) 15

3. s:=0; for i:=1 to 5 do s:=s+2*i;           б) 15 

4. p:=1; for i:=1 to 5 do p:=p*2*i;          в) 30

5. s:=0; for i:=5 downto 1 do s:=s+i;      г) 3840

Сəйкестiк дұрыс қойылған жағдайда тапсырма дұрыс орындалған 

деп  есептеледi.  Жабық  түрдегi  тапсырмалар  сияқты  бiрiншi  жиын 

элементтерiне  ұқсас  екiншi  жиын  элементтерiн  таңдап  алуда 

қиындықтар туады. Егер оқушылар ұқсас емес элементтерiн бiрден 

ажырататын болса, онда тапсырманың тиiмдiлiгi төмендейдi. Əрбiр 

артық  элементтiң  шындыққа  ұқсастығының  өлшемi  тəжiрибемен 

белгiленедi  жəне  осы  элементтi  дұрыс  элемент  ретiнде  таңдаған 

оқушылардың үлесiмен анықталады.

Тест  тапсырмасының  төртiншi  түрi – дұрыс  тiзбек  құруға 

арналған  тапсырма,  сыналушыдан  амалдар  немесе  үдерістердiң 

орындалу тəртiбiн көрсету талап етiледi. Нұсқау ретiнде тапсырма 

тұжырымдамасына  кiретiн, «дұрыс  тiзбектi  құрыңыз»  деген  сөздi 

қолдануға  болады.  Көрсетiлген  амалдар  нөмiрленедi,  ал  жауапта 

дұрыс тiзбек құрылатын код көрсетiледi.




198

Мысалы:    

1. BEGIN 

2. PROGRAM 

ESEP;

3.  READ (A, B);



4.  VAR A, B, D: INTEGER;

5. D:=SQR(A)+SQR(B);

6.  WRITE (‘D=’, D);

7. END.


Психологиялық-педагогикалық  жəне  əдiстемелiк  əдебиеттерде 

тестiлеудi жəне тест түрiндегi тапсырманы оқушының бiлiмiн жəне 

iскерлiгiн тексеру құралы ретiнде қолдануға талдау жасалынуы тегiн 

емес,  өйткенi  тест  тапсырмаларының  бiрқатар  жағымды,  ұтымды 

жақтары бар.

Тестiлеу  оқушының  тақырыпты  меңгеру  деңгейiн  айқындауға, 

сонымен  қатар  оқыту  қорытындысының  қойылған  мақсатқа 

сəйкестiгiн  көруге  мүмкiндiк  бередi.  Егер  оқушылардың  көпшiлiгi 

бiрдей бiр тапсырманы орындамаса, онда мұғалiмге оқытқанда кет-

кен кемшiлiктерi бар деген белгi бередi.

Тест тапсырмалары оқу қорытындысын тексеруде оқушылардың 

жеке ерекшелiктерiн жəне тақырыпты бүтiндей сыныптың жəне жеке 

əрбiр оқушының меңгеру деңгейiне көңiл қоюға мүмкiндiк бередi.

Тест  тапсырмалары  сұрауға  кеткен  сабақ  уақытын  үнемдейдi, 

оның  орнына  уақыт  жаңа  тақырыпты  түсiндiруге  жiберiледi.  Со-

нымен  қатар  оқушылар  орындаған  жұмысты  тексеруге  кеткен 

мұғалiмнiң де уақытын үнемдейдi. 

Тест  түрiндегi  тапсырмалар  оқушылардың  пəнге  деген 

қызығушылығын арттырады, оқу үдерісiн жандандырады. Əр түрлi 

тест  тапсырмаларын  қолдану  арқылы  мұғалiм  тексеру  үдерісіне 

айтарлықтай өзгешелік енгiзедi. Оқушылар мұндай тапсырмаларды 

орындауға зор қызығушылықпен кiрiседi.

Тест тапсырмалары бүкiл сынып оқушыларының бiлiмiн жүйелi 

түрде, үнемi тексеруге нақты мүмкiндiктер бередi. Бұл оқушыларды 

сабаққа белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн емес, жүйелi түрде, үнемi 

дайындалуға мəжбүр етедi.

Тест тапсырмаларының осындай жақсы жағымен қатар олардың 

кейбiр кемшiлiктерiн айтуға болады:

 

– оқушылар  дұрыс  емес,  қате  жауаптардың  көп  санын  оқып 




199

жəне талдап оларды ерiксiз есте сақтап қалып, бiраз уақыт өткеннен 

кейiн оны дұрыс сияқты еске түсiруi мүмкiн; 

 

– оқушылар дайын тұжырымдармен жұмыс iстеп үйренiп алып, 



алған бiлiмiн сауатты жəне қисынды жауаптармен толық құрай ал-

май, айтып бере алмауы мүмкiн;

 

– оқушылар дұрыс жауапты болжаммен табуы мүмкiн;



 

– оқушылар  дұрыс  жауапты  сұрақтың  мəнiмен  байланыспай, 

ұқсастығы, жауаптағы сөздер саны жəне т.б., дұрыс емес жауаптан 

шартты белгiлерi арқылы айыра алуы мүмкiн;

 

– оқушылар дұрыс жауапқа кездейсоқ, қате ойлау нəтижесiнде 



келуi мүмкiн [57].

Қазiргi  кезде  информатикадан  жарияланып  жүрген  тест  тап-

сырмалары  көбiнесе  сапалы  емес  жəне  тестке  қойылатын  барлық 

талаптарды  қанағаттандырмайды,  мұғалiмдер  ешқандай  керектi 

əдiстемелiк  құралдардың  жоқтығынан  əртүрлi  жинақтардағы 

жайдан-жай құрылған тестердi қолданады. Кездейсоқ алынған тап-

сырмалар жиынтығын тест деп қарастыруға болмайды, тест оқушы 

бiлiмiн нақты өлшеу құралы ретiнде қолданылып, қатал жəне нақты 

əдістемелік талаптарды қанағаттандыруы керек.

Сонымен  қатар,  информатика  пəнінен  оқушылардың  білімін 

бақылауда бақылаудың дəстүрлі түрінен басқа дəстүрден тыс түрлері 

де қолданылады. 

Информатика бойынша білім бақылауда интеллектуалдық ойын-

дарды қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, 

сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе, ал мұғалімге 

оқушылардың білімінде кеткен кемшіліктерді дер кезінде жөндеуіне 

мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мəселені 

шешу қабілеті, өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлығы 

оянады.  Оқушылардың  ойынға  қызыққандары  соншалықты  олар 

қойылған мəселені шешуге барынша ынтасымен тырысып, өз фан-

тазияларын одан əрі дамыта түседі. Интеллектуалдық ойындар мен 

ойын кезеңдері дəстүрлі  оқытумен де жақсы үйлесіп кетеді.

Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауда 

қолдануға  болатын  бірқатар  ойындарға  мысалдар  келтірейік. 

Информатика  курсында  бірқатар  тақырыптар («Компьютердің 

құрылғылары», «Программалық жабдықтау» жəне т.б.) оқушылардан 

көп  терминдерді  меңгеруін  талап  етеді,  сондықтан  да  білім 

бақылаудың  бастапқы  кезеңінде  мына  тапсырмаларды  қолданған 

ыңғайлы [57, 61, 62].



200

 «Таныс термин» ойыны. 8-сынып (Дербес компьютермен таны-

су).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет