Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Сыныптан тыс жұмыстың маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет95/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   364
Сыныптан тыс жұмыстың маңыздылығы

Сыныптан  тыс  жұмыс – мұғалім  ұйымдастырған,  оқушы 

тұлғасының  əлеуметтенуіне  қажетті  шарттарды  қамтамасыз  ететін 

оқудан тыс уақыттағы оқушы іс-əрекеттерінің əртүрлілігі.

Сыныптан  тыс  жұмыс – мектептің  оқудан  тыс  уақытында 

өткізілетін,  міндетті  оқу  бағдарламаларының  шекарасынан  асып 

кететін түрлі тəрбиелік-білімдік іс шаралар.

Сыныптан тыс жұмыс түсінігі кең, əрі бірмəнді емес. Ол өзіне 

сабақтардың түрлі мазмұнын, берілуін, өткізу əдістемесін, түрі мен 

тəсілін кіріктірген. Мысалы, пəндік үйірме отырысы, сыныптан тыс 

оқу,  мектеп  мерекелері  мен  кештерін  ұйымдастыру  сыныптан  тыс 

жұмысқа  кіреді.  Бірақ  кейбір  жағдайларда  (үйірме,  сыныптан  тыс 

оқу)  оны  мұғалім  басқарады,  ал  кейбірінде  (мереке  мен  кештерді 

ұйымдастыру)  өзін-өзі  басқару  негізінде  оқушылардың  əрекетінен 

сипат алады. 

Осыған  байланысты  «сыныптан  тыс  жұмыс»  түсінігінің  орны-

на  кейбір  педагогикалық  əдебиеттер  мен  тəжірибеде  «оқудан  тыс 

жұмыс», «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылуын түсіндіру 

қажеттілігі туындайды.

Сабақтан  тыс  жұмыс  мақсаты,  мазмұны,  əдіс  бойынша  оқу 

үдерісіне қосылады.

Оның  орнын  анықтау  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  кезінде 

мұғалімге  жүктеледі.  Мұның  мысалы  ретінде  мұғалімдердің 

қабілетті  оқушылардың  бағдарлама  материалын  тереңдету  мен 

кеңейту  мақсатында  жəне  үлгермеушілердің  білімдерін  дұрыстау 

мақсатында пəн мұғалімдері қолданатын жұмыстарды айтуға бола-

ды.


Оқудан тыс жұмыстар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің 

бағытымен  өзін-өзі  басқару,  белсендіру,  əрекеттендіру  негізінде 

оқушы ұжымында жүргізілетін жұмыстарды айтамыз.



223

Сыныптан  тыс  жұмыс  оқушыларға  жағымды  əсер  беретін  кең 

мүмкіндіктерден,  əрекеттердің  əртүрлі  жиынынан  тұрады  жəне 

сабақ  кезінде  жұмыстың  байланыстылығынан  тұратын  мұғалімнің 

өзіндік оқу-тəрбие жұмысы болып табылады.

Информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстар  компьютер  мен 

ақпараттық  технология  ұсынатын  мүмкіндіктер  мен  құралдардың 

əртүрлілігіне  байланысты  пəнаралық  сипат  алуы  мүмкін. 

Компьютерлік  əдістер  информатикадан,  физикадан,  шет  тілінен, 

көркем  өнер  жəне  география  жəне  тағы  басқа  пəндерден  сынып-

тан тыс жұмыс кезінде сəтті қолданылады. Мұндай сыныптан тыс 

жұмыс түрлерінің арналары оқушыларды түрлі қызығушылықтарды 

біріктіріп,  басқа  пəн  мұғалімдерінің  ақпараттық  технологияны 

толық  деңгейінде  қолданыла  алмауына  байланысты  сыныптан  тыс 

жұмысты информатика пəн мұғалімдері жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет