Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет96/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   364
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері

Сыныптан тыс жұмыс мектептегі тəрбиелік жұмыстың құрамдас 

бөлігі болғандықтан, оқушыға қоғамдағы өмірге қажетті əлеуметтік 

тəжірибе меңгеруге, яғни оқу мен тəрбиенің жалпы мақсатына жету-

ге бағытталады.

Сыныптан тыс жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:



1.  Оқушыда  жағымды  МЕН-тұжырымының  қалыптасуы, 

ол  келесідей  сипатталады:  а)  оған  басқа  адамдардың  жақсылық 

тілейтіндігіне  сенімділігі;  ə)  түрлі  əрекеттерді  сəтті  меңгергеніне 

сенімділігі; б) өзіндік мағынасына сезіммен қарауы. Жағымды МЕН-

тұжырымдамасы оқушының жеке тұлғасының əрі қарай дамуының 

негізі болып табылатын оқушының өз-өзіне жақсы қарауымен, өзін-

өзі бағалауымен сипатталады. Түрлі сыныптан тыс əрекеттер сабақта 

көріне бермейтін оқушының жеке мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан 

тыс  əрекеттердің  əртүрлілігі  баланың  өзіндік  құрылуына,  өзін-өзі 

бағалауға,  өз-өзіне  сенуіне,  яғни  өзін-өзі  жақсы  қабылдауына  əсер 

етеді.  Оқушыларды  түрлі  сыныптан  тыс  жұмыстарға  қатыстыру 

олардың  өзіндік  тəжірибесін  арттырады,  адам  əрекеттерінің 

əртүрлігі  жайында  білім  береді,  қажетті  біліктілік  пен  дағдыны 

қалыптастырады. 



2. Қарым-қатынас дағдысы мен ұжымдық өмір тəжірибесінің 

жинақталуына  жағымды  шарттар  құру.  Мұнда  оқушылар 


224

көпқырлы  өзара  қатынасқа  түседі.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың 

түрлі формасында өздерінің жеке қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, 

ұжымда  өмір  сүруге  үйренеді.  Осыған  байланысты  сыныптан  тыс 

əрекеттер оқушыларға оқу тəрбиелік əсер береді.

3. Əрекеттердің əр түрімен танысып, сəйкес жеке қызығушылық 

пен  қажетті  біліктілік  пен  дағдыны  меңгеруге  бағытталған 

өнімді,  əлеуметтік  қызмет  қажеттіліктерін  құру.  Сыныптан  тыс 

жұмыстарда  біліктілікті  қалыптастыру  үшін  өнімді,  əлеуметтік 

қызмет  қажеттіліктерін  құру  шарттары  қалыптасады.  Бұл  кезең 

қоғамға қарсы өмір салтын (қылмыс, нашақорлық, ішімдік жəне т.б.) 

ұстанатын жеткіншектер санының өсуі кезінде өте маңызды.

4. Дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компонент-

терінің құрылуы. Сыныптан тыс жұмыс кезінде құлықты түсініктерді 

меңгеру арқылы моральдік нормалар қалыптасады. Эмоционалдық 

орта шығармашылық əрекетті эстетикалық ұсыну арқылы құрылады. 

5. Танымдық қызығушылықтың дамуы. Сыныптан тыс жұмыс-

тың бұл міндеті оқу жəне оқудан тыс əрекеттерді біріктіреді, себебі 

сыныптан  тыс  жұмыс  сабақтың  оқу  тəрбиелік  жұмысымен  бай-

ланысты,  сонымен  қатар,  оқу  үдерісінің  тиімділігін  арттыруға 

бағытталған.

Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде оқушылардың қызығушылығын 

тəрбиелеу  маңызды  міндет – оқушылардың  мамандық  таңдауы 

мен  еңбекке  дайындығын  шешумен  байланысты.  Сыныптан  тыс 

жұмыстардың  əр  түрі  оқушылардың  кəсіби  қызығушылығының 

тууына  алып  келеді,  оларға  арнайы  білім,  біліктілік  пен  дағдыны 

меңгеруіне көмектеседі.

6.  Оқушылардың  бос  уақыттарын  ұйымдастыру.  Қазіргі  кез-

де  оқушылар  бос  уақытын  қалай  өткізетіндігі  жөнінде  байланыс 

орнатылған.  Кейбір  балалар  мектеп  не  сынып  өмірімен,  қоғамдық 

талаптармен  санаспайды,  ешқандай  үйірмелерге  қатыспайды.  Бос 

уақыттың  көп  болуы  жəне  оны  қолдану  мəдениетінің  мəселесі 

қоғамда үлкен мəнге ие. Үлгермейтін балаларды оқу сабақтарынан 

алаңдатпау  керек  деген  пікір  бар.  Бұл  дұрыс  емес,  себебі  дəл  сон-

дай  балаларға  бос  уақытты  қалай  қолдану  керектігіне  көмектесу 

керек.  Информатикадан  оқу  үлгерімдері  төмен  оқушыларға  үлкен 

мүкіндіктер ұсынады.

Тізбектелген  міндеттер  сыныптан  тыс  жұмыстың  негізгі 

мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды. Нақты тəрбие жұмысында 




225

сыныптың ерекшелігімен, мұғаліммен, жалпы мектептік жұмыстар 

жəне т.б. нақтыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет