Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тəсілі



Pdf көрінісі
бет126/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   364
Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тəсілі. 

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Алфавит, алфавиттің қуаттылығы.

2. Алфавиттегі символдардың алфавиттік салмағы.

3. Алфавиттік көзқарас тұрғысынан мəтіннің ақпараттық көлемі.

4. Байт, килобайт, мегабайт.

Бұл  тақырыпта  қарастырылатын  ақпаратты  өлшеуге  қатысты 

тəсілдер  алдыңғы  тақырыпта  талқыланған  мазмұндық  тəсілге 

альтернативті болып табылады.

Мұнда  қандай  да  бір  алфавиттің  символдарынан  құралған 

мəтіндегі ақпараттың санын өлшеу туралы сөз болып отыр. Мəтіннің 

мазмұнына ақпаратты өлшеудің ешқандай қатысы жоқ.  Сондықтан 

мұндай тəсілді оны қабылдайтын субъектіден тəуелсіз объективті деп 

атауға болады. Алфавит тəсілі – ақпараттық техникада, компьютерде 

циркуляцияланатын ақпаратқа қатысты ақпаратты өлшеудің жалғыз 

тəсілі.

Бұл  тақырыптағы  тірек  ұғымы  «алфавит» – ақпаратты  беру 

үшін  қолданылатын  символдардың  шекті  жиыны.  Алфавиттегі 

символдардың  саны    алфавиттің  қуаттылығы  (бұл  термин 

жиындардың  математикалық  теориясынан  алынған)  деп  аталады. 

Негізгі базалық курстың мазмұнында алфавиттік тəсіл теңықтималды 

жақындау тұрғысынан қарастырылады.  Бұл ұйғарымнан, мəтіндегі 

барлық алфавит символдарының көрінуі ықтималдылығы бірдей.

Ақпарат санына байланысты, мəтіндегі əрбір символ (і) Хартли 

формуласымен есептеледі: 2

= N, мұндағы N –алфавит қуаттылығы. 



і өлшемін символдың ақпараттық салмағы деп атауға болады. Бұдан, 

К символдан тұратын барлық мəтінде (І) ақпараттар саны, (К) сим-

волдардан  тұратын  К-дағы  символдардың  ақпараттық  салмағына 



296

тең:  К: I = i*K. Бұл өлшемді мəтіннің ақпараттық көлемі деп атауға 

болады. Мұндай ақпаратты өлшеу тəсілі көлемдік тəсіл деп аталады.

Ақпаратты  тасымалдауға  жарайтын  алфавиттің  минималды 

қуаттылығы 2-ге тең. Мұндай алфавит екілік алфавит деп аталады. 

Екілік  алфавиттегі  символдың  ақпараттық  салмағын  жеңіл 

анықтауға болады.  2

 = 2 болғандықтан, i =1 бит. Сонымен, екілік 



алфавиттің  бір  символы 1 бит  ақпаратты  білдіреді.  Осыған  орай 

оқушылар  компьютердің  ішкі  тіліндегі  алфавитпен – екілік  код 

тілімен танысады.

Бит – ақпаратты өлшеудің негізгі бірлігі. Одан басқа да бірліктер 

қолданылады.  Оқушылардың  назарын  кез  келген  метрикалық 

жүйеде  негізгі  (эталондық)  жəне  одан  шығатын  туынды  бірліктер 

бар екендігіне аудару керек. Мысалы, негізгі ұзындықтың физикалық 

бірлігі – метр. Бірақ миллиметр, сантиметр, километр өлшемдері де 

бар.  Əртүрлі  өлшемнің  арақашықтығын  əртүрлі  бірліктер  арқылы 

өрнектеген  ыңғайлы.  1 бит – бұл  бастапқы  бірлік.  Келесі  өлшем 

бойынша  бірлік – байт. 256 = 2

8

,  онда 1 байт = 8 бит.  Біз  тағы  да 



болашақта компьютерді оқып-үйренудің өзіндік пропедевтикасы бо-

лып табылатын тақырыппен кездесеміз. Аталған тақырып аясында 

оқушыларға  компьютер  мəтінді  жəне  басқа  символдық  ақпаратты 

сырттай көрсетуге арналған 256 қуаттылықпен алфавитті пайдала-

нады (ішкі түсінікте компьютердегі кез келген ақпарат екілік алфа-

витте кодталады). Компьютерлік ақпараттың көлемін өрнектеу үшін, 

негізгі бірлік ретінде байт қолданылады.

Оқушыларға килобайт, мегабайт, гигабайт тəрізді ірі бірліктерді 

айта отырып, олардың назарын біз «кило» сөзін 1000 рет арттыруды 

қабылдау үшін қолданатынымызды ескерткен жөн.

Информатикада бұлай емес. Килобайт байттан 1024 рет артық, ал 

1024 = 2


10

. Сонымен қатар «мега» «килоға» қарағанда т.с.с. Дегенмен 

жуықтап есептеулерде 1000 коэффициентін жиі қолданады.

Оқыту нəтижесінде оқушылар:

 

– «ақпарат» (мазмұндық  жəне  кибернетикалық  тəсілдер); 



«ақпарат саны», «ақпарат санын өлшеу бірліктері» ұғымдарын білуі 

керек;

 

– ақпарат  түрлеріне,  ақпаратты  жəне  ақпаратты  емес 



хабарламаларға  мысалдар  келтіре  білуді;  əртүрлі  бірліктегі 

ақпараттар  санын  қайта  санауды  (бит,  байт,  Кбайт,  Мбайт,  Гбайт) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет