Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Сандарды беру тiлдерi: санау жүйесi



Pdf көрінісі
бет129/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

10.4 Сандарды беру тiлдерi: санау жүйесi

Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері

«Санау жүйелері» тақырыбы сандардың математикалық теория-

сымен  өзара  байланыста  болады.  Бірақ  бұл  мектептегі  математика 

курсында арнайы оқытылмайды. Компьютер жадында сандар екілік 

санау жүйесінде ұсынылатын болса, ал сыртқы ақпараттарды ұсыну 

үшін  жадтың  ішіндегілері,  жадтың  адрестері  он  алтылық  немесе 

сегіздік  санау  жүйелерін  қолданады,  осындай  байланыстарда  бұл 

тақырыпты  информатика  курсында  оқыту  қажеттілігін  көруімізге 

болады.  Бұл  программалау  тілі  немесе  информатика  курсының 

дəстүрлі тақырыптарының бірі болып табылады. Осы тақырып ма-

тематикамен шектесе отырып, оқушылардың іргелі математикалық 

білімін қалыптастыруға үлесін қосуда. Санау жүйелері туралы ұғым 

информатиканың  алғашқы  оқулығында [18] мүлдем  айтылмай-

ды.  Тек  компьютердегі  барлық  ақпарат  екілік  түрде  ұсынылатыны 

жайында ғана айтылған. Сол тəрізді [14] оқулық туралы да осылай 

айтуға болады. Екінші буын  оқулықтары ішінде [15] оқулықта санау 

жүйелеріне баса назар аударылған. Бұл тақырыпқа «Санау жүйесі – 

сандарда берілген арнайы таңбалар (цифрлар) жиыны арқылы жазу 

əдісі», - деп  анықтама  берілген  тұтас  бір  жеке  параграф  арналған. 

Осы  авторлардың  кейінгі  оқулықтарында  «Сандарды  жазу  əдісі 

нөмірлеу немесе басқаша санау жүйесі деп аталады» деген анықтама 

берілген [16].

Жалпы  білім  беретін  мектептің 8-сыныбында  «Компьютердің 

арифметикалық  негіздері»  тарауында  сандардың  тарихы  жəне 

санау жүйелері туралы сұрақтар қарастырылады. Санау жүйелеріне 

«сандарды  өрнектеудің  қандай  да  бір  тəсілі  жəне  оған  сəйкес 

сандармен əрекет жасау ережелері» деген анықтама берілген [4].  

Егер  де  санау  жүйесін  сандық  ақпараттарды  ұсыну  тілі  деп 

қарастыратын болсақ, онда жоғарыда берілген анықтамалар сандар 

тілінің  тек  алфавит,  синтаксис  жəне  семантикасына  ғана  қатысты 

деп  айтуымызға  болады.  Осы  тақырыпқа  сəйкес  математикалық 

энциклопедиялық  сөздікте  келесідей  толығырақ  анықтама 

берілген: «Санау  жүйесі – сандарды  бейнелеу  əдісі  жəне  соған 

сəйкес  сандармен  əрекет  жасау  ережесі» [12].  Сандармен  əрекет 

жасау  ережесінің  астарынан  осы  санау  жүйесінің  шеңберіндегі 



302

арифметикалық  есептеулерді  орындау  əдісін  түсінуімізге  болады. 

Бұл ережені сандар тілінің прагматикасы деп атауымызға болады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет