Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет139/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   364
Графикалық  ақпараттарды  ұсыну.  Компьютерде  суретті 

ұсыну мəселесін шешудің екі тəсілі бар: растрлық жəне векторлық. 

Декомпозициялауда  екі  тəсілдің  де  мəні  бір,  яғни  оңай  сипаттауға 

болатын суреттің бөліктерге бөлінуі. 




315

Растрлық  тəсіл – кішкентай  бір  түсті  элементтер  мен 

бейнепиксельдердің қосылып ортақ бір суретті беретін кескіндердің 

жиынтығы.

Мұндай  жағдайда  бейнеақпарат  осы  элементтердің  нақты  бір 

түсін  қарастыруда    өзін  көрсетеді.  Векторлық  тəсіл  бұл – сызық, 

доға, шеңбер жəне тік төртбұрыш тағы басқа сияқты геометриялық 

элементтер  жинағынан  тұратын  кескіндер.  Мұндай  тəсілде 

бейнеақпарат – бұл аталған элементтердің экран дисплейіне қатысты 

координаттар жүйесінде математикалық сипатталуы. 

Векторлық  тəсілді  көбінесе  сызба,  сұлба  жіңішке  сызықты  су-

реттерде қолданылады.

Бұл  жерде  вектор  дегеніміз – осы  объектілерді  сипаттайтын 

мəліметтер жиынтығы.

Растрлық тəсілдің əмбебап екенін түсіну қиын емес, яғни суреттің 

сипатына  қарамастан  жұмыс  жасай  береді.  Кез  келген  дискретті 

(пиксельді)  сурет  құрылымы  монитор  экранында,  бейнежадта 

растрлық  түрде  ұсынылады.  Қазіргі  кездегі  ДК-де  тек  кескіндерді 

жол сайын жазатын принцип бойынша жұмыс жасайтын растрлық 

дисплейлер қолданылады.

Бейнежадтағы  ақпарат  экранның  əрбір  пикселінің  түсінің 

кодтарының  жиынтығын  ұсынады.  Бұдан  кескінді  ұсыну  туралы 

сұрақтардың түстерді кодтау əдістерімен байланысты екенін ұғамыз.

Дисплей  экранындағы  əр  түрлі  түстерді  алудың  физикалық 

принципі үш негізгі қызыл, жасыл жəне көк түстердің (RGB-моделі) 

араласуымен анықталады. Демек, пиксель кодымен алынған ақпарат 

оны құрайтын əрбір түстің қандай болатыны туралы мəліметтерден 

тұруы керек.

Түс кодының разряды-b мен түстің санының-K байланысы K=2

формуласымен анықталады. Компьютерлік графика əдебиеттерінде 



b шамасын түстің биттік тереңдігі деп атау қабылданған.

Осылай аталатын түстердің табиғи палитрасы b=24 тең болғанда 

пайда  болады.  Палитра  мұндай  бит  тереңдiгi  үшiн 16 миллион 

түстер енгізеді. 

Векторлық тəсілде суреттер графикалық қарапайым элементтер: 

түзу сызықтар, доғалар, шеңберлер, эллипстер, тік төртбұрыштардың 

жиынтығы ретінде қаралады. Графикалық ақпарат – бірмəнді кескінді 

құрайтын,  барлық  графикалық  қарапайымдарды  анықтайтын 

мəліметтер.



316

Графикалық қарапайымдардың формасы мен орналасу жағдайы 

экранмен  байланысқан  графикалық  координаталар  жүйесінде 

беріледі.  Əдетте  координатаның  басы  экранның  сол  жағында 

орналасқан.  Пиксельдердің  торы  координаталық  тормен  сəйкес 

келеді. Көлденең  Х өсі солдан оңға; тiк Y өсі – жоғарыдан төменге 

қарай бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет