Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет217/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   364
Теориялық мəліметтер 

Іскерлік ойын жаңа материалдарды меңгеру, материалды бекіту, 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  жалпы  оқу  біліктіліктерін 

қалыптастырудың  кешендік  есептерін  шешу  үшін  қолданылады; 

оқушыларға  əртүрлі  тұрғыда  оқу  материалын  түсінуге  жəне  оқуға 

мүмкіндік береді.

Іскерлік  ойын  технологиясы 3 кезеңнен  тұрады:  Дайындық 

кезеңі:  а)  ойынды  əзірлеу  (іскерлік  ойынның  сценариі,  жоспа-

ры,  ойынның  жалпы  сипаттамасы,  нұсқау  мазмұны,  материалдық 

қамтамасыздандырудың  дайындығы);  б)  ойынға  кіру  (мəселе  мен 

мақсаттардың  қойылымы,  шарттар  мен  нұсқаулар,  регламент  жəне 

ережелер,  рөлдерді  тарату,  топтарды  құру,  кеңестер).  Жүргізу 

кезеңі: а) тапсырмаларға топтық жұмыс (əдебиеттермен жəне АКТ 

құралдарымен жұмыс, тренинг, ми шабуылы жəне т.б);

б)  топтар  арасындағы  дискуссия  (топтардың  сөз  алуы, 

нəтижелерді  қорғау,  дискуссия  ережелері,  сарапшылар  жұмысы). 

Талдау жəне жалпылау кезеңі: талдау, рефлексия, жұмысты бағалау 

жəне өзіндік бағалау, қорытындылар мен жалпылаулар, ұсыныстар.

Іскерлік  ойынның  түрлеріне  байланысты  қатысушылардың 

əртүрлі  типтік  рөлдік  ұстанымдары  енгізілуі  мүмкін: 1) топта 

жұмыстың  мазмұнына  қатысты  анықталатын  ұстанымдар  (идея 



400

генераторы,  əзірлеуші, талдаушы); 2) ұйымдастырушы ұстанымдар 

(ұйымдастырушы,  координатор,  интегратор); 3) жанашылдыққа 

қатысты 


анықталатын 

ұстанымдар 

(инициатор, 

сыншы, 


консерватор); 4) əдіснамалық  ұстанымдар  (əдіснамашы,  сыншы, 

мəселе  туындатушы  (проблематизатор),  бағдарламалаушы); 5) 

əлеуметтік-психологиялық ұстанымдар (көшбасшы) [11].

Информатика сабақтарында қандай да бір ұйымның, мекеменің 

жəне  оның  бөлімшесінің  қызметін  имитациялайтын  іскерлік  ой-

ындар  жиі  қолданылады.  Осындай  ойынның  сценарийі:  оқиға 

сюжетінен басқа имитацияланатын үдерістер мен қызметтерінің си-

паттамасын құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет