Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Ересектік жас шамасындағы дағдарыстар



бет100/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Ересектік жас шамасындағы дағдарыстар


Ересектік жас шамасындағы нормативтік дағдарыстар төмендегіше жіктеледі:



  • «ерте ересектікке аяқ басу» дағдарысы (17-22 жас шамасы);

  • 30 жастағы дағдарыс;

  • орта жас дағдарысы (40-45 жас аралығы);

  • 50-55 жас шамасындағы дағдарыс;

белсенді кəсіби іс-əрекетті тоқтату жəне зейнеткерлікке шығу дағдарысы (65 жас шамасы).
Д. Левинсон, «ерте ересектікке аяқ басу» дағдарысын (17- 22 жас шамасы) сипаттай отырып, аталмыш жас шамасының негізгі екі міндетін атап көрсетеді – ата-анасынан сепарация жəне ересектер қоғамында өз орнын іздеу. Сепарация үдерісі ата-анасының үйінен кету, қаржылық тəуелділіктің азаюы, жаңа əлеуметтік рөлдерді қабылдау, соның есебінен адамның неғұрлым автономды жəне жауапты болуы. Басты міндеті тұлғаның өмірлік құрылымының базалық моделін анықтайтын «арманды» құрастыру. Ол негізгі үш өлшемді қамтиды:

  • əлеуметтік-мəдени əлем (мамандық, əлеуметтік топтың мүшесі болу, отбасы, мансап, əлеуметтік рөлдер);

  • Менді өлшеу (мотивтерді, қақтығыстарды, меңгеру амал- дарын, іскерліктерді, сезімдерді жəне т.б. қамтитын саналы жəне ығыстырылған психологиялық мазмұн);

  • белсенділік түрі жəне əлеуметтік өзара əрекеттесуге қатысу. Өмірлік құрылымда жүзеге асырылған «арман» оның шы- найы жүзеге асырылуынан асатындықтан, Д. Левинсон бойын- ша 30 жастағы дағдарыс – «өмірлік қорытындыларды жасау»

дағдарысы осы алшақтықты анықтайды.
Жоғары жəне қалыпты стреске ұласатын 30 жастағы дағдарыс өмірді əлі кеш болмайынша өзгерту ұмтылысын анықтайды. Осы жас шамасында мамандықты ауыстыру, ажырасу, дүниетанымы мен өмірлік фəлсафаны өзгерту ұмтылыстарымен айшықталады. 30 жастағы дағдарыс аяқталған соң, өмірлік мақсаттарды көздеу жəне жүзеге асыру кезеңі қалыптасады. Тұлға бір жағынан өзіне, отбасына, қызметіне, қоғамға, достық қатынастарға, өзінің тұлғалық өсуіне үлес қосуды көздесе, екінші жағынан

  • жетістіктерінде, мансабында, артықшылықтарында тəуелсіз болуға тырысады.

Орта жас дағдарысы (40-45 жас аралығы) жастық шақтың аяқталуымен жəне өмір сағаттарының тілдері қозғалысын ау- ыстырумен сипатталады. Егер дағдарысқа дейін өмір туғаннан есептелінсе, дағдарыстан кейін өмір кері есептің негізінде жүзеге асырылады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін егде адамдарда, өмір салтының өзгеруі мен еңбек іс-əрекетінің тоқтауы кезінде қоршаған ортамен байланысты, əрекеттілікті жəне өмірге қызығушылықты барынша сақтау үшін жаңа құндылықтарды, рөлдерді, дағдыларды меңгеру қажеттілігі пайда болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет