алғашқы екі түріне сəйкес келетін сыртқы интерпсихикалық түрден ішкі интрапсихикалық құрылымға, содан соң «іс- əрекеттіңəрбіржекеактісіндетұлғаныңқатысуын»білдіретін психикалық үдерістер арасындағы рефлексивті байланыстар, яғни байланыстың жаңа типі – «үшінші қызметіне» қарай жүреді. Сонымен, ынтымақтастық түрін қайта жасау, яғни оқытушы мен студент тұлғасының ұстанымдарын өзгерту оқу субъектісінің өзін-өзі өзгертуіне алып келеді. Ынтымақтастық түрлері білім алушы өз бетімен оқу курсын, оқу мақсаттарының мазмұнын анықтай алатын басқару психологиясының үлгісі бойынша оқуды басқаруын қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастық – балалар мен ересектердің бірлескен дамыт- палы іс-əрекетінің өзара түсіністікпен бір-бірінің жан-дүниесіне бойлауымен, сол іс-əрекеттің жүру барысы мен нəтижелерін ұжымдық талдауымен бекітілген гуманистік идея.
Ынтымақтастық стратегиясының негізінде педагогтың оқушылардың танымдық қызығулары мен белсенділігін туында- туын бағыттау идеялары жатыр.
Оқытудың осындай формасының маңызы аса зор болғандықтан, бүкіл педагогикалық үдерісті педагогикалық ынтымақтастық деп қарастыру тенденциясы да бар.
Оқытудағы ынтымақтастық проблемасы (ұжымдық, кооперативті, топтық формалары) соңғы он жылдықта, біздің елде, алыс-жақын шет елдерде (С. Г. Якобсон, Г. Г. Кравцов, А. В. Петровский, В. Я. Ляудис, Г. А. Цукерман, А. К. Маркова жəне т.б.) белсенді жəне жан-жақты қарастырылуда.
Оқу үдерісіндегі ынтымақтастық негізгі төрт бағытты:
оқытушы-оқушы (оқушылар);
оқушы-оқушы (диада немесе триада);
жалпы-топтық қарым-қатынас;
оқытушы-мұғалімнің ұжымы қамтиды.
Г. А. Цукерман қосымша маңызды туынды ретінде оқушының
«өзі-өзімен» ынтымақтастығын ұсынады.
Қазіргі кезде, зерттелушілердің педагогикалық қарым- қатынасқа аса назар аударуына қарамастан, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара əрекеті мен ынтымақтасып істейтін іс-əрекет категориялары əлі жете зерттелмеген мəселелер қатарына жа- тады. Оқытушының студенттермен ынтымақтасқан іс-əрекеті
өзара коммуникативті сипатта болуымен қатар, оқытушының студенттердің ұжымымен бірлікте атқаратын практикалық іс-əрекеті болып табылады. Ондай істер студенттер тобы- мен де, ұжым құрамындағы дара студентпен де өзара іс- əрекеттерін де қамтиды. Мұндай өзара əрекеттер əрқашанда саналы түрде жүргізілмесе де, кез келген педагогикалық қарым- қатынас жасаудың негізін (фундаментін) құрайды. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынастағы əртүрлі əрекеттердің тұтас жүйесін түсіну үшін, ең алдымен «студент-студент» жүйесіндегі емес, «оқытушы-студент» жүйесіндегі өзара əрекетке баса көңіл бөліп, оқыту үдеріндегі оқытушы мен оқушы арасындағы əрекет түрлерінің психологиялық механизмін (тетігін) ашып көрсету қажет болады.
Ынтымақтастық сипаттағы оқу іс-əрекетінің тəсілдері мен түрлерін ұйымдастыруды зерттеу жəне оны үйреншікті тəсілге айналдырудағы қиындық, бұл тəсілдердің оқытушы санасында орнығып қойған оқытудың мақсаты мен міндеттерінің пəндік мазмұнының көлеңкесінде қалып қоюы. Мұндай көзқарас əдетте, оқытушының жеке адамдық позициясы мен оның студенттер ұжымымен қарым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері болып көрінетін оқушылардың өзара қарым- қатынасын ұйымдастыру тəсілдері сияқты оқыту үдерісіндегі маңызды компоненттерге жете мəн бермеуіне əкеліп соғады. Сондықтан оқыту үдерісіндегі қарым-қатынас түрлерінің əралуандығын теориялық тұрғыдан анықтау – оқытушының оқушылар ұжымымен ынтымақтасты іс-əрекетін оқытушының өзін педагогикалық қарым-қатынасқа баулудың қажетті шарты деп түсіну керек.
Оқытушының педагогикалық қарым-қатынас жасаудағы ерекшеліктерінің мынадай маңызды екі түрлі мəселесін қарастырып кеткеніміз жөн. Біріншіден, мұғалім мен оқушы арасындағы «оқу əрекетіндегі» жəне «ынтымақты іс-əрекет» ұғымдарының мазмұнын дəлелдеу. Екіншіден, ынтымақты іс- əрекеттің кез келген түрін оқыту үдерісінде оқушылардың жеке тұлғасын тəрбиелейтін мақсатқа бағытталған əдіс ретінде қарастыруға болады. Басқаша айтқанда, ынтымақтасқан іс-əрекет нəтижесінде оқу əрекетінің түрлі формалары мен одан туындай- тын жеке тұлғаның бойында пайда болатын жаңа құрылымдары толығырақ іске асырылатыны туралы мəселе.
Ынтымақтасты іс-əрекетті қалыптастыру үдерісінде түрлі əрекеттер мен операцияларды жүзеге асырудың əдіс-тəсілдері мен мақсат-міндеттерінің мəн-жайын анықтап, оқыту үдерінде қолданып отыру. Бірлескен іс-əрекет (ынтымақтасқан іс-əрекет) деп, біз іс-əрекетті қалыптастыру үдерісінде əрекеттермен, опе- рациялармен жəне осы əрекеттер мен операциялардың сөз жүзіндегі жəне сөз жүзіндегі емес сигналдарымен оқытушы мен сигналдарымен оқытушы мен оқушылар жəне оқушылардың өзара алмасу актілерін айтамыз. Бұл актілер іс-əрекеттің мазмұнымен де, оқытуға қатысушылардың өзара əрекеттесу процедураларымен де байланысты. Əрекеттермен алмасу актілері игерілетін іс-əрекеттің ішкі реттегіштерінің жасалуының объективті логикасында қайтадан басқаша жаса- лып, өзгеріп отырады. Заттық (пəндік) іс-əрекет тəсілдерінің өзін-өзі басқаруының механизмдерін құруға жеке тұлғалық позицияларды, қарым-қатынас нормалары мен оқыту үдерісіне қатысушылардың өзара əрекеттеріне бағытталған.
Оқытушының оқушылармен ынтымақтасқан іс-əрекетін қарастыруға арналған бірнеше эксперименттік зерттеулерге сүйеніп ынтымақтасқан оқу əрекетінің жалпы ерекшеліктерін анықтап, оның құрылымы мен функциясын айқындауға бола- ды.
Оқытушының студенттермен ынтымақты іс-əрекеті оқу жағдаятының айнымалы шамалар жүйесін ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде көрінеді. Кез келген жаңа іс-əрекетті қалыптастыру оқытушы мен оқушылар арасындағы жан-жақты дамыған əрекеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес.
Оқушылардың тапсырманы орындау, дағдыны қалыптастыруда бірлескен əрекетінің артықшылығын осы проблеманың жетекші зерттеушісі Г. А. Цукерман əлемде жүргізілген зерттеулерді жал- пылай отырып, былай деп көрсетеді:
игерілетін (ұғынылатын) материалдың көлемі мен тереңділігі артады;
балалардың танымдық жəне тұлғалық белсенділігі мен өзіндік шығармашылығы өседі;
білім мен іскерліктерді қалыптастыруға азырақ уақыт қажет болады;
оқу мотивациясының кемшілігінен туындайтын тəрбиелік тұрғыдағы қиындықтар азаяды;
оқушылар сабақта көбірек қанағаттанып, мектепте өздерін жақсырақ сезінеді;
оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты өзгереді, т.с.с.
Оқу ынтымақтастығының өзінде екі жағы:
а) бірлескен əрекеттің баланың дамуына, оның оқи білу іскерлігінің, топ, ұжымның қалыптасуына жəне ə) бірлескен іс-əрекетті қалыптастыру мен оның балалардағы жаңа іс- əрекеттің туындауындағы рөлі көрінеді.
Проблеманың екінші жағы оқу-танымдық, іс-əрекеттің даму негізі бола тұрса да аз зерттелген. Бірлескен іс-əрекетті жаңа іс-əрекетті туындатушы тұрғысынан қарастыру субъектіге емес, сол іс-əрекеттің өзіне əсер етудің алғышарты болады.
П. Ф. Каптеров бойынша – бірлескен іс-əрекет формасы оқу əрекетіне қажетті көптеген іскерліктерді қалыптастыруға түрткі болады.
Барлық зерттеушілер, бірлескен топтық ынтымақтастықтың іс-əрекет нəтижелеріне, оқушының тұлғасына, топтың ұжымдық деңгейге көтерілуіне күрделі психологиялық механизмдер арқылы оң əсерлерін айта келіп, рефлекцияның маңыздылығын көрсетеді, сол арқылы «қатысушының өз əрекетіне жəне сол əрекеттің бірлескен іс-əрекет мазмұны мен формасына сəйкес көзқарастары».
Рефлексияның дамуының, оқушылардың рефлексивті ойлануының үлкен тəрбиелік, жалпы дамытпалы да мəні бар, себебі бірлескен əрекетте іс-əрекеттің рефлексивті сəттері жəне де бақылау (өзін-өзі бақылау), бағалау (өзін-өзі бағалау) пай- да болып, дамып отырады. Бірлескен əрекеттің жемісті өтуіне бірнеше факторлар: тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, іскерлік қарым-қатынас жəне қатысушылардың іс- əрекетке дайындығының деңгейі əсер етеді.
Сонымен, оқытушы мен студенттің жеке тұлғалық позицияларының өзгеруіне байланысты ынтымақтастық формаларының өзгеруі оқу субъектісінің өзін-өзі өзгертуінің мүмкіндігін тудырады. Ынтымақтастық формалары оқытуды басқару кибернетикалық модель типінде емес (кейбір зерттеушілердің образды теңеулері бойынша студент берілген курспен жүретін рульді басқарушы), басқарудың психологиялық
моделі типінде, студент соңында капитан сияқты, өз бетімен оқыту мақсатының мазмұнын айқындайтын бағыт алады.
Студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен, танымдық іс- əрекеттері арқылы қалыптасады. Оқыту əрекетінде студенттердің қызығушылығы, қабілеттері, мотивтері (ниеттері), темпераменті мен мінезі тағы басқа да психикалық қылықтарынан көрінеді. Сондықтан оқытушылар негізгі мақсатқа жету – қандай психикалық үдерістер, жағдайлар мен қасиеттерге байланыс- ты екенін ажырата білулері керек. Оқу материалын қалай ұтымды пайдалануды, теориялық жəне практикалық даярлығы бар болашақ мамандарды жан-жақты дамытуға қажетті оқыту жағдайларында білулері қажет.
Аса күрделі де өзекті мəселелердің бірі – жоғары мек- тепте студенттерді кəсіби деңгейі жоғары маман əрі тұлға ретінде жетілдіру. Бұл мəселені өзінің сыртқы жəне ішкі əлемін өзгерте, дамыта алуға психологиялық денсаулығы мен əлеуеті жеткілікті, белсенділігі мен жауапкершілігі жоғары студенттерді психологиялық дайындаудың ерекше жүйесін құру арқылы шешуге болады. Анығында, жоғары оқу орнындағы психологиялық дайындау студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерін ұштастыра дамытуға бағытталуы тиіс.
Студенттің тұлғалық белсенділігін арттырудағы өзіндік сана сезімінің реттегіштік рөлі студенттің өзін практикалық жəне танымдық іс-əрекетінің субъектісі, жеке өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын жəне мінез-құлқын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауда көрінеді. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істеу, білу, яғни оқу материал- дарын таңдау, жаңаны қабылдаумен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, т.б. студенттердің тұлғалық белсенділігін қалыптастырудың алғы шарттары болып есептеледі.
Студенттің өзіне сыни көзқараспен қарай отырып, өз мүмкіндігін өмір талабына сəйкес бағдарлай білуінің негізінде, өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланысты- ра алу қабілеттілігі белсенділіктің белгілі бір мəнді көрсеткішке жеткізетіндігі сөзсіз. Оның ішінде, өзін-өзі бағалау студенттің өзіне деген сенімін арттырып, рухани күш алады, өзінің ай- наласын қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, өзіне сыни
көзбен қарауын, талап қоя білуін, сəтсіздік пен жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, студент өзінің іс-əрекетінің тиімділігіне жəне оның тұлға ретінде дамуына əсер етеді, мұнда ескеретін жағдай, ең алдымен сол адамға басқалардың беретін бағалау критерийлеріне қарай қалыптасуы, бұл тұлға өзін қоршаған адамдар қалай бағалайтындығына қарай өзіне-өзі бағалауға бейім екендігін көрсетеді.
Өзін-өзі белсендіретін студент қай уақытта болмасын өзінің мүмкіндіктерін үнемі толық ашып, дамытуға ұмтылушылық қасиеті тəн тұлға. Осындай тұлға болып жетілуде студент- тер болашақта шығармашылыққа, толыққанды қарым-қатынас жасауға, өз ойындағысын орындауға қабілетті бола отырып, ізгілікті, тұлғалық бағдары тəрбие жүйесінде өзін қалыптастыра алады.
Сонымен белсенділік студенттердің оқу-тану əрекетіне, ол мəселеге берілген уақытта мақсатқа жетуге ұмтылыс жасаумен сипатталады.
Белсенділік – жаратылыстағы заттардың, құбылыстардың, тірі организмнің іс-əрекеті мен қимыл-қозғалысының қарқынын білдіретін ұғым. Оқытудың белсенді əдістері – студенттердің танымдық іс-əрекеттерін ынталандыратын əдістер. Белсенді оқыту əдістері студенттердің белсенділіктерінің жоғары деңгейімен си- патталады. Оқу жəне оқу-өндірістік іс-əрекеттегі белсенділіктерін арттыруда оқыту əдістерінің мүмкіндіктері түрліше.
Психикалық белсенділік – субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысындағы іс-əрекетінің жігерлілігі. Ол жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай əсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байла- нысты. Психологиядағы белсенділік – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс- əрекетпен байланысты бағаланады. Психологияда белсенділікті тұлға белсенділігі, жағдаятқа үстем белсенділігі, іздену белсенділігі, шектен асқан белсенділік деп бөледі.
Тұлға белсенділігі – адамның шығармашылықтағы, іс- əрекеттегі, қоғамдағы, қарым-қатынастағы тегеурінділігі. Бұл адамның əлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқалатын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптілігі мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірлігінен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретінде сипатталады.
Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, студенттің қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсаты – бағыт-бағдар беру. Шығармашылық қалыптастыру кезеңінде əртүрлі іс-əрекеттер, қасиеттер қалыптасады.
Шығармашылықтың дамуы бірінші кезекте меңгеру арқылы жүзеге асады. Меңгеру – психологиялық тұрғыдан алғанда адамның икемділігінің, бейімділігінің, қабілеттілігінің нəтижесі. Шығармашылық үдерісінде студенттің іскерлік қабілеті нығайып, жетіледі. Сонымен қатар жаңа дағдыларды игереді. Екінші жағынан, қарастырсақ материалдық жəне рухани байлықтар жасап, сол арқылы адамзат мəдениетіне өз үлесін
қосады.
Шығармашылық қабілет студенттің бойында практикалық сипаттағы əртүрлі тапсырмаларды орындау барысын- да қалыптасады. Педагогикалық іс-тəжірибе студенттердің шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастырады. Студенттердің шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда аудиториядан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда, шығармашылық ой, пəндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пəндік үйірмелер жəне факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Барлық шығармашылық жұмыстарда студенттердің қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Студенттердің танымдық, ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін, шығармашылығын қалыптастыруға əсер етеді.
Сонымен қатар студенттің шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда оқытудың педагогикалық шеберлігі қажет.
Оқытушы студенттерге шығармашылық іс-əрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі ғылыми тақырыптарды орын- дауда мынадай талаптар қояды:
шығармашылық тапсырмалар орындауда пəннің жеке си- патын, мазмұнын ескеру;
шығармашық тапсырмалар деңгейінің əртүрлі болуы;
ғылыми тапсырмалардың бұрын берілген тапсырмалармен байланыста жəне бір жүйеде берілуі;
студенттердің білімі мен біліктерін жетілдіретіндей бо- луы;
студенттердің жеке қабілеттерін ашатындай жəне шығар- машылық дербестігін дамытатындай дəрежеде болуы керек.
Студенттердің дербес шығармашылықпен жұмыс істей алу əрекеті белсенділікті, ізденімпаздықты, өз еркімен жұмыс істеуді талап етеді. Оны ыңғайландыру, студенттің күнделікті рухани қажеттілігіне айналдыру, жоғары оқу орындарындағы қазіргі кездегі маңызды міндет болып отыр.
Шығармашылық студенттің танымдық қабілетіне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нəтижесінде туындай- ды. Студенттің шығармашылық деңгейінің пайда болуы оның іс-əрекетінен аңғарылады. Ең алдымен, студенттің іс-əрекетке көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. Мысалы:
қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге;
ғылыми жаңалықтарға тұрақты қызығушылықтың пайда болуы;
оқу танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;
білім алуға, шығармашылық жұмыспен тұрақты қызы- ғушылық;
тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-əрекеттің нəтижелі болуына əсер етуі. Шығармашылық студенттің дер- бес іс-əрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді əрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Оқытудың педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді əдіс-тəсілдер, оқытушы мен студент арасындағы жылы қарым- қатынас шығармашылықтың қалыптасуына септігін тигізеді.
Жоғары оқу орындарында лекция, семинар сабақтарының жоғары деңгейде өтуі студенттің дайындығына сəйкес əртүрлі əдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру, сабақта түрлі танымдық ғылыми тұрғыда берілген тапсырмаларды кеңінен пай- далану студенттің білімге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, өз бетінше іздену жұмыстары арқылы шығармашылығын
қалыптастырады. Аудиториядан тыс уақытта өздігінен ізденіп, белгілі бір нəтижеге жету шығармашылықтың қалыптасуына негіз болады.
Студенттер осындай жүйелі жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстың нəтижесінде өз бетінше ізденуге, ойын тұжырымдауға, шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бейімделеді.
Оқуəрекетіоқытудыңерекшеқырыболыптабылады, себебісту- дент оны өзі жүзеге асырады жəне өзін-өзі белсенді түрде өзгертіп, ұйымдастырады. Студент өзінің оқу əрекетінде жаңа, тіпті көп жағдайда жоғары сатыға көтеріледі – мұғалімнің жетекшілігімен жəне күнделікті сабақтағы байқаған мəліметтерден қоршаған ортаның ғылыми бейнесін өз бетінше игереді жəне өз бетімен оқу тəсілдеріне ие болады.
Дəл осы жағдайда студенттердің ЖОО оқу өндірісіндегі
«жақын даму аймағы» жан-жақты қызмет етеді – дербес түрде мұғалімнің көмегімен жаңа теоретикалық білімдерді сынау, игеру мен қолдану, қолданбалы іскерліктерді практика арқылы өз бойына сіңіру жəне дағдыларға айналдыру. Тұлғалық жағдайда да жақын даму аймағының студенттің өмірлік бет алысын анықтауында, кəсіби өзіндік бағалауды қалыптастыруда əлеуметтік жəне рухани құндылықтарды белгілеуде көрінеді. Студенттердің құндылық жүйелерінің айырмашылықтарында жəне олардың тұлғалық кемелденуінің деңгейінде, сонымен қатар оқытудың табыстылығымен байланысты студенттердің көпқырлы типологиясының бірнеше түрде сипатталуын анықтауға болады. Осы типологияны құру үшін негізгісі ең алдымен студенттердің мамандыққа, оқуға, ғылымға деген қатынастарды жəне студенттердің өмірлік құндылықтар жүйесі мен бағдарлары болып табылады.
Оқу іс-əрекеті сипаттамасы жəне оған сəйкес мінез-құлық моделі бойынша студенттердің үш типін ажыратуға болады:
Студенттердің бірінші типіне сəйкес олардың қызығушылықтары білімнің жоғарғы шегіне шығады, оқу жос- парлары мен пəн бағдарламаларын жан-жақты қарастырады. Олар ЖОО өмірінің барлық сфераларында белсенділік таны- тады жəне болашақ мамандығына байланысты əртүрлі кəсіби дайындықтарға өздерін бағыттайды.
екінші тип мамандық жайында нақты мəлімет алуға бағытталған. Бұл жерде студенттердің танымдық іс-əрекеті
оқу бағдарламаларымен танысуымен шектеледі. Белсенділіктің барлық жүйесі «кəсіптің маңайындағы қызығушылық» шеңберінде ғана жүзеге асады.
үшінші типтегі студенттерде танымдық белсенділік оқу бағдарламасы шеңберіндегі білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Бұл студенттер белсенділік пен шығармашылықтарының аз деңгейін жүзеге асырады. Оқыту іс- əрекетінің мотивация мəселесінің шешімі оны ұйымдастырудың мазмұны мен формасын анықтауда туындайды. Оқу мате- риалын қабылдау, оның түсініктілігі мен меңгерудің тереңдігі мотивацияның интенсивтілігіне тəуелді. Осыған байланысты мұғалімнің маңызды мақсаттарының бірі – оқушылардың мотивациясын күшейтетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың əдістерін табу. Бұл арнайы ұйымдастырылған жұмыста мотива- ция аймағының қайта құрылмайтындығын, оның құрылымының өзгермейтіндігін жəне мотивтердің дамымайтындығын көрсетеді. Студенттің жекелік мотивациялық аймағын зерттеу- де тиімді бағыттардың бірі бірлескен іс-əрекеті жағдайындағы оқудың қайта құрылуы болып табылады. Бұл жағдайда оқу, біріншіден, студенттің оқытушымен жəне өзге студенттермен бірігіп атқарған іс-əрекеті ретінде қарастырылады. Екіншіден, бұл іс-əрекет білімді меңгеруге ғана емес, қарым-қатынас жүйелерін құруға, бірге еңбек ету мен қарым-қатынас білім берудің барлық сатыларында оқудың жетекші əрі ынталанды- рушы факторы ретінде қарастырылады. Оқу мотивациясына əлеуметтік тəжірибені меңгеруді қамтамасыз ететін, іс-əрекет ретінде анықтайтын, өзге жағдайлар ішінде оған біршама маңызды үстемділік ететін рөлі тəн келеді.
Білім беру үдерісіндегі тұлға қоғамның жəне əлеуметтік топтардағы мінез-құлық үлгілерін оларға мүшелік ету арқылы меңгереді, не болмаса өзінің мінез-құлқын олардың нормалары мен құндылықтарымен салыстырады. Студенттердің тіршілік əрекеттерінің ерекше түрін білдіретін оқу тобы қоғамның білім беру аумағындағы тұлғаға ықпал ететін жақын əлеуметтік орталардың бірі болып табылады. Студенттік топтардың білімдердің «тасымалдаушысы» жəне тұлғалық қалыптастыру орта ретіндегі осындай ерекшеліктері əртүрлі ғылымдардың тара-
пынан студенттер тобына деген қызығушылықтың туындауына себепкер болуда.
Адамның топтағы мінез-құлқының көптеген аспектілерін антикалық дəуірдің философтары да қарастырған. Ол зерттеулер əлеуметтік топты болашақта зерттеудің берік негізі іспеттес бол- ды.
Үлкен статистикалық материалдың жəне дербес психологиялық эксперименттерінің негізінде антикалық фило- софтар əлеуметтік топтағы (өндірістік ұжым, отбасы жəне т.б.) адамның мінез-құлқын зерттеп, өндірістегі əлеуметтік топтар- ды басқарудың əрқилы түрлері мен əдістерін анықтау жəне ғылыми негіздеу əрекеттерін жасаған. Олар топ мүшелерінің өзара əрекеттестігінің тиімділігін артырудың себептері мен тəсілдерін, топтық өзара əрекеттестікті қалыптастыру кезеңдерін қарастырып, топтық үдерістерді зерттеудің əртүрлі əдістерін байқап көрген. Алайда, олардың зерттеулерінде «студенттік топ» ретіндегі ондай феноменнің əлеуметтік-психологиялық негізі жəне құрылысы жеткілікті дамуын таппады.
Ал біз «студенттік топты» əлеуметтік психологияда шағын топтарға жатқызылған топ ретінде қарастырамыз.
Жалпы алғанда, студент тұлғасының жоғары білімі бар болашақ маман ретінде дамуы бірқатар бағытта жүзеге асырыла- ды:
жоғары сенім, кəсіби бағыттылық нығаяды, қажет қабілеттер дамиды;
психикалық үдерістер, күйлер, тəжірибе жетілдіріліп,
студент тұлғасының болашақ мамандық саласындағы та- лаптанулары артады;
əлеуметтік жəне кəсіби тəжірибені қарқынды беру жəне қажет қасиеттерді қалыптастырудың негізінде студент тұлғасының жалпы ересектігі жəне тұрақтылығы артады;
студентке болашақ маман ретінде қажет болатын қасиеттердің, тəжірибенің қалыптасуында оның өзін-өзі тəрбиелеуінің меншікті салмағы артады;
болашақтағы тəжірибелік жұмысқа даярлық жəне кəсіби дербестілік сезімі нығаяды.
Студент тұлғасының психологиялық дамуы – қарама- қарсылықтардың таңдауы мен шешімін табуының, сыртқының ішкіге көшуінің, өзін-өзі қозғалысқа келтіру, өзін дамытуда белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үдерісі.
Студенттік жастардың құрамды бөлігі бола тұра өмірдің, еңбек пен тұрмыстың ерекше жағдайларымен, əлеуметтік мінез- құлықпен жəне психологиямен, құнды бағдарлардың жүйесімен сипатталатын ерекше əлеуметтік топты білдіреді. Оның өкілдері үшін материалды жəне рухани өндірістің таңдалған аумағындағы болашақ іс-əрекетке дайындық жалғыз болмаса да басты міндеті болып табылады.
Əлеуметтік топ ретінде студенттік нақты əлеуметтік маңызды ұмтылыстары мен міндеттері бар жастардың одағы болып та- былады. Сонымен қатар студенттік оқып білім алған жастардың ерекше тобы бола тұра, тек өзіне тəн ерекшеліктерге ие.
Бірқатар бітістерді студенттердің айрықша ерекшеліктерінің қатарына жатқызуға болады. Ең алдымен əлеуметтік мəртебе. Жоғарыда атап өткеніміздей, студенттіктің жастардың анағұрлым даяр, білімді бөлігі болуы, сөзсіз оны жастар тобының алдыңғы қатарына шығарады. Ол өз кезегінде студенттік жас шамасы психологиясының ерекше бітістерінің қалыптасуын болжайды.
Студенттердің көпшілігі жоғары оқу орнында білімін аяқтап, сонын негізінде жоғары білімге ие болу арманын жүзеге асыруға тырысып, жоғары оқу орнының жастардың əлеуметтік алға басуының негізгі құралдарының бірі болып табылатынын сезінеді, ал ол əлеуметтік алға басудың психологиясын қалыптастыратын объективті алғышарт ретінде қызмет етеді.
Жоғары білімді алудағы мақсаттардың ортақтығы, еңбектің біріңғай түрі – оқу, өмір салты, жоғары оқу орнының қоғамдық істеріне белсенді қатысу студенттердің бірауыздылығына ықпал етеді. Ол студенттердің ұжымдық іс-əрекетінің көптеген түрлерінде көрініс табады.
Қоғамның əрқилы əлеуметтік ұйымдарымен белсенді өзара əрекетесудің, сондай-ақ жоғары оқу орнында оқу ерекшеліктерінің
қарым-қатынастың үлкен мүмкіндігіне ұласатыны маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Сондықтан қарым- қатынастың біршама жоғары қарқындылығы – бұл студенттер тобының ерекше бітісі болып табылады.
Студенттердің өмірдің мəнін іздеуі, жаңа идеяларға жəне қоғамдағы алдыңғы қатарлы өзгерістерге ұмтылысы олардың əлеуметтің маңызды бітісі болып табылады. Ол ұмтылыстар жағымды фактор болып табылады. Алайда өмірлік (əлеуметтік) тəжірибенің жетіспеушілігінен, өмірдің бірқатар құбылыстарын үстіртін бағалаудың əсерінен кейбір студенттер кемшіліктердің əділ сынынан ойсыз сыншылдыққа көшуі мүмкін.
Психолог Ю. А. Самарин студенттің жас шамасына тəн төмендегідей қарама-қайшылықтарды белгілеген болатын:
Əлеуметтік-психологиялық. Үдемелі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үнемдеу мүмкіндіктерінің, уақыттың қатаң шектеулілігі мен студенттің интеллектілі жəне дене қуатының артуының арасындағы қарама-қайшылық.
Білімдерді іріктеуде дербестілікке ие болу ұмтылысы мен нақты профильдегі маманды даярлаудың қатаң түрлері мен əдістерінің арасындағы қарама-қайшылық. Дидактикалық сипаттағы аталмыш қарама-қайшылық студенттер мен оқытушылардың оқу үдерісінің нəтижелеріне көңілдерінің толма- уына əкелуі мүмкін.
Əрқилы каналдардан келіп жететін ақпараттың зор ауқымы студенттердің білімін кеңейтіп, сонымен қатар сол ақпараттың ауқымдылығы жеткілікті уақыттың тапшылығында жəне оның ойша өңдеу тілегінің болмауында білім мен ойлаудың үстіртінділігіне ұласып, оқытушылардың білімдерді, сондай- ақ тұтастай студенттердің іскерліктері мен қызығушылықтарын тереңдету жөнінде арнайы жұмыс жасауын талап етеді.
Əр адамның өміріндегі студенттік шақ көп жағдайда оның жастық шағына сəйкес келеді. Жастық шақ бұл – адамның өміріндегі ең белсенді кезең болып табылады: оқу, жұмыс, от- басын құру жастардан олардың барлық ақыл-ой, дене жəне психологиялық мүмкіндіктерінің шоғырлануын талап етеді. Бұл кезеңде тұлғаның мінезі толық дамиды.