Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себебін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Алдымен, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеңіне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын, оның жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерін өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруға болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бас- тауымыз керек, мұндай материалдарды түсіндіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстың мəн-жайын ашып көрсету үшін баланың дамуындағы сыртқы жəне ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мəселенің түйінді жері бала- ның үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады жəне оның қалыпты жағдайдан ауытқуына əсер етуші фактор қандай? деген мəселенің мəнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Осы мəселенің мəнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бəріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нəрсені істеуге зауқы болмаса, жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы,
ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден төсегіне жатып ұйықтамайды), мұның бəрін дағдарыс кезеңінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бəрін қисық- қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы əрекеті оның өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, он- дай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала əрекетіндегі өзіндік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың міне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер ба- ладан басқа бір нəрсені істеуді өтініп сұраса, онда ол бұл жағдай өзінің көңіліне қонымды болғандықтан, қарсылықсыз орындайды. Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу.
Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нəрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі.
Мысалы,ттбыала бір за иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала ал-
майды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қолжеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сəбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталық, сəбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дəлелдеп, үгіттейміз, ол дəлелді түсінгенімен; бəрібір үйге кірмейді. Сəбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кəдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сəтбар.
Бірінші сəт. Жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себеп- ке қатысы бар. Егер бала дəл қазір қажет етіп тұрған нəрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шана- мен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.
Екінші сəт. Егер жағымсыздыққа əлеуметтік сипат тəн бол- са, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше əрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі бола-
ды деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерінің қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Үшінші сəт. Баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлық жеке бастың ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы бағытталған əрекеттері. Ал қыңырлық бала тəрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» де- ген баланың өзіне тəн риза болмауын білдіреді, сəби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бəріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтың қасарысудан айырмашылығы сол, ол қалай да өзінің қажетін орындауға табандылық көрсетуі
Енді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бəрін өзі істегісі келеді.
Талданып отырған дағдарыс түрлерінің бұдан басқа да үш түрі бар деп жүр, бірақ олардың қосымша ғана маңызы бар. Оның біріншісі – қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы бірқатар көріністердің бəрі қарсыласу сипатында болады. Оның мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, өз маңыңдағылармен ұрысып, таласып, үнемі ренжісу жағдайында болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы əдетке айнал- ды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату болған отбасында бала өз анасына «сен ақымақсың» дейді. Бюлер осы тақырыпқатсбəайскыенсыоң ренішін суреттеп жазды .
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысыкелмейді, оныңсөздеріндебалағаттау менкемсітусөздері пайда болады. Мұндай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екіжақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі жалғыз бала болғандықтан, оның талап-тілектерінің бəрі орын- далып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл көрініс əртүрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады. Жалғыз ғана баласы бар семьяда өктемдік етуге ұмтылушылық кездеседі. Ондай бала маңындағы адамдарға айтқанын істетіп, ай-
дауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап еткеннің бəрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу үшін неше алуан тəсілдерді табады. Ол барлық та- лаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бəріне əмірші болғысы келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те ата- лады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне, үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез ны- шандары осындай. Бұл ерекшеліктердің бəрі бала тəрбиесіне бай- ланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына іліккен мəселелер.
Осы ерекшеліктер бала тəрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұған тəрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін асырауы қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген түсінікте боласың. Бұрын мəпелеп жүрген «қуыршағың» енді қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ əрі өзімшіл тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс- бітімі күрт өзгереді,
Сайып келгенде, баланы жас кезінен тəрбиелеудін кеңінен тараған түрі семьялық жеке тəрбие болып табылады. Семьялық тəрбиенің басты ерекшелігі – бала өздігінен ешнəрсеге ұрынып қалмай саналы əрі əдепті болып өседі деп санаған.
Бала дамуының сəбилік кезеңінде елеусіз нəрсеге ашу шақырып, маңындағы адамдардың бəріне өз айтқанын істеткісі келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екіжақты құбылыс пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, ойыншықтарына ұрсып кею арқылы білдіреді. Баланың мұндай қылықтарын екінші жағынан қарағанда, оның өзімшілдік əрекеті мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бо- йында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланың ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланың өзіне деген қатынасының өзгергенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен əрекеттерінде пайда болып отыратын қылықтарының бəрі оның өзіндік өскендігі мен айналасындағыларға тəуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін қасиеттер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бəрін кейбір зерттеушілер бала дағдарысына тəн қасиет деп атайды.
Енді екінші белдеу дейтін мəселенің ерекшеліктеріне тоқталып
өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі – сəбидің дербестікке ұмтылу нəтижесінен туындайтын сипаттар. Сəбидің тіршілік ортасындағы əр алуан қарым-қатынастарға іштей на- заланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш білдіріп, қақтығыстарға ұшырайды. Осының бəрі баланың бойын- да ызақорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зəрін төсегіне жіберіп қою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездес- кен ерекшеліктерін қайталауға мəжбүр болады. Түнгі қорқыныш, жайсыз ұйқы жəне басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұтықпалық пай- да болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып, жерге жата қалып аунайды. Мұның бəрі ішкі дертті қозғағандай болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қылықтарының бəрі баланың жағымсыз қылығын онымен санаспағандыққа қарсылық көрсетіп, өзімшілдігін өзгелерге білдіру əрекеттері болып табылады.
Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдары- на – əкесі мен шешесіне жəне олардың беделіне деген əлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез- қылықтары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке тұлғасы мен оның маңындағы адамдардың өзара əлеуметтік қарым- қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор деп санаумыз керек.