Оқу іс-əрекеті жəне оның құрылымы
Оқу – оқу əрекеті деп аталатын ерекше жəне адамның іс- əрекетінің жетекші түрінің бірі. Оқудың «ерекше» болуы, оның нəтижесінде, ойын жəне еңбек əрекеттеріндегідей, субъектінің əрекет ететін заттарының өзгеруі емес, керісінше, əрекет жасау- шы субъект – адамның өзінің өзгеруіне байланыстылығында. Егер оқу əрекеті дұрыс ұйымдастырылса, онда педагогикалық психология тұрғысынан кез келген іс-əрекет сияқты, оның өзіне тəн психологиялық құрылымы, ниеттері мен мақсаты, құрал- саймандары жəне олардан туындайтын соңғы нəтижесі болуы қажет.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейннің
еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрінде (ал даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді иемдену) қарастырылады.
П. Я. Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті əрекетінің негізінде білімді ұғыну. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтарша, оқу – оқу əрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н. Леонтьев теориясы бо- йынша, оқу (ойын жəне еңбекпен бірге) – жетекші əрекеттің типі. Оқу полимотивті жəне полимағыналандырылған іс-əрекет деп қарастырылады.
Қазақстандық психолог С. М. Джакупов оқу əрекетінде оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін белсендіруде бірлескен- диалогтық танымдық іс-əрекетін қалыптастыру ұғымын енгізді.
Г. В. Габайдың көрсетуінше, оқу əрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-əрекеттен құрылатын əрекет. Біріншісі – жүйеше немесе іс-əрекет түріндегі оның негізгі функционалды компоненті, оқу. Оқу əрекетінің дайындаушылық функционалды компоненттері оқу іс-əрекетінің басқа жүйешесіне топталады. Оқу əрекеті – қол жеткен тəжірибені ұғыну арқылы іске асырылатын «таза» та- ным үдерісі. Оқыту іс-əрекеті – оқу іс-əрекетінің жемісті өтілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
И. И. Ильясовтың анықтауынша оқу əрекеті – субъектінің өзін-өзі өзгертуі, өзін-өзі дамытуы, нақты білімдер, іскерліктер, дағдылар жоқ субъектіден, соларды иемденген субъектіге айна- луы.
«Оқу» ұғымымен қатар кеңестік психологтарда (Л.С. Выгот- ский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А.К. Маркова) жəне шет елдіктерде де (Х. И.Лийметс, И. Лингарт) көбінесе «оқу əрекеті» деген ұғым да жиі қолданылып жүр. Оның мазмұнына үдеріс жəне нəтижесімен қатар, құрылымдық ұйымдастырылуы, ең негізгісі – оқудың субъективтілігі кіреді.
Қазіргі кезде оқу əрекеті – оқудың арнаулы формасы ретінде, арнайы ұйымдастырылатын (өзін-өзі ұйымдастыру), басқарылатын (өзін-өзі басқару), бақыланатын (өзін-өзі бақылау) объект түрінде көрінеді.
Жоғарыда айтылғандар «оқу» ұғымының мазмұны тым кең, көпжақты жəне түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылатынын көрсетеді.
Оқу проблемасы пəнаралық болып табылады. Соған сəйкес əртүрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін. И. Лингарт төмендегідей аспектісін белгілеп көрсетеді:
Биология позициясынан оқу адаптациялық (бейімделушілік) үдеріс, бұл жағдайда тұқымқуалаушылық, орта, үйрену, реттеу қарастырылады.
Физиология тұрғысынан шартты рефлекстердің қалыптасуы, жоғары жүйке əрекетінің заңдылықтарына, мидың аналитикалық- синтетикалық əрекетіне байланысты қарастырылады.
Психология тұрғысынан, оқу əрекеті – субъект белсенділігі, психикалық дамудың факторы түрінде қарастырылады. Оқу əрекеті адам мінез-құлығын ары қарай жүйелік өзгерістерге жетелейді. Бұл тұрғыдан белгілік-символдық құрылымдардың мəліметтік функциясына, мағыналандыруға, танымдық жəне мотивациялық құрылымдарға ерекше назар аударылады.
Əлеуметтану тұрғысынан оқу-əлеуметтендіру факторы, жеке- даралық пен қоғамдық сананың əрекеттесуінің шарты.
Педагогика тұрғысынан, «тəрбиелеу мен оқыту, қоғамдық тəжірибені аса тиімді түрмен беруді қамтамасыз ететін қоғамдық жағдайларға байланысты, мақсатталған жүйе» тұрғысынан қарастырылады.
Оқу əрекетінің мотивтері өте көп немесе қазір айтылып жүргендей, ол полимотивті. Барлық мүмкін мотивтерді теория жүзінде əртүрлі негіздерге сүйеніп, бірнеше түрге бөлуге бо- лады. Осылайша мотивтерді органикалық (олар организмнің табиғи қажеттіліктерін тамаққа, жылуға, т.б. қанағаттандыруға жəне сол үшін жағдайлар жасауға бағытталуы), функционалды (белсенділіктің түрлі мəдени формаларымен, мысалы, ойын, спорт, т.б. қанағаттандырылуы), материалдық (адамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық құралдарды жасау мен өндіру, мы- салы, үй-жабдықтары, əртүрлі заттар, аспаптар, т.б.), əлеуметтік (адамның қоғамдағы белгілі орынға ие болуына іс-əрекетінің бағытталуы, негізінен қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасының арқасында басқа адамдар үшін қадірлі жəне сыйлы болуы, адамның рухани – адамгершілік жəне парасаттылығы жағынан қасиеттерін жетілдіруге бағытталатын іс-əрекеттері. Мысалы, оқу-танымдық əрекеттерін дамытуы. Ниеттерді (мотивтерді) осы- лайша бөлу шартты түрде алынады. Өйткені ниеттердің бөліну түрлерінің арасында ажыратуға болатын дəл шекара жоқ. Осы орайда сол ниеттердің психологиялық табиғатын түсінудің өзі де айтарлықтай нəтиже бермейді, ниеттерді түр-түрге бөлу тек аб-
страктылы теориялық сипаттағы жорамал ғана. Оны мəселенің теориялық талдаудың бір мүмкіндігі деп қана қабылдауға бола- ды. Ниеттерді алътруистік, эгоистік, жақын жəне алыс, жалпы жəне жеке, қоғамдык; маңызды, жеке адамдық жəне т.б., т.с.с. бөлуге болады. Сондай-ақ ниеттерді саналы жəне санадан тыс (құмарту), түсінілетін жəне кез келген іс-əрекеттік, оның ішінде оқу əрекетіндегі ниет деп бөлуге болады. Мəселен, А.Н. Леонтьев ниеттерді түр-түрге бөле отырып, мектеп өмірінен, оқу-тəрбие іс- əрекетінен мысалдар келтіреді; оқушы жақсы оқудың, кейіннен сауатты жəне қоғамға, отанға пайдалы жоғары дəрежелі маман болу керектігін түсінеді. Дегенмен нақты жағдайда басқа ниетті, мысалы, ата-анасының көңілін қалдырмау немесе екілік алмауды жетекшілікке алады.
Ниеттердің алғашқысы – түсінушілік мотиві, ал екіншісі – нақты əрекетті жүзеге асыруы. Оқу ниеттерінің нақты жүйесін дəйекті түрде ұсынған П. Я. Гальперин. Оның пікірінше, оқу іс-əрекетінде ниеттің нақты үш типі іске асырылады. Олар
«іскерлік», «жарысушылық» жəне «танымдық» ниеттері. Оқу іс-əрекетінің ішкі ниеті танымдық қызығу. Оқу іс-əрекетіндегі маңызды компоненттің бірі – мақсат қоя білу. Оны субъекті (адам) өз алдына нақты əрекетпен байланысты түрде қарап, орындап іске асыру үшін əрекеттенеді. Ниеттің кез келген түрін индивид өзінің іс-əрекеті арқылы қанағаттандыратын болады. Ал мақсат қою да сол адамның іс-əрекетінің белгілі нəрсені қанағаттандыруға бағытталуы деп саналады. Басқаша айтқанда, іс-əрекеттің мақсаты, соның ішінде оқу əрекетінің мақсаты да, субъектінің ба- сында туған идея. Сол идея болашақта жүзеге асырылуға тиісті іс-əрекет нəтижесі.
Кез келген іс-əрекетті бастаудан бұрын оның нəтижесін адам ойша пайымдап алады. Ондай пайымдаулар кейде анық жəне айқын немесе аморфты, көмескі сипатта болуы мүмкін. Егер мо- тив ретінде танымдық қызығу болса, онда оқушының алға қойған мақсаты анық та айқын болатыны түсінікті, себебі ол неге қол жететінін біледі. Ал егер мотив оқу үдерісінің сыртында жатса, (іскерлік немесе жарысушылық), онда анықтық та болмайды. Соның нəтижесінде саналы оқу, болашақ кəсіптік іс-əрекеттің та- бысты болуы үшін «іске пайдалы» ғылыми əдебиетті тиянақты өз бетімен оқу да болмайды. Оқу іс-əрекетінде, мотивтелген
танымдық қызығу, саналы түрде алға қойған мақсат ретінде əрқашанда, теориялық тұрғыдан алынған білімді іс жүзінде пай- далана білу іскерлігі болады.
Іс-əрекеттің психологиялық құрылымының үшінші компоненті, мақсатқа жетуде пайдаланатын құралдар. Оқу іс- əрекетінде құралдар ретінде – əдістер, тəсілдер, оқу əрекетінің жолдары, оқыту үдерісіндегі білім беру органдарының əдістемелік нұсқаулары мен ұсыныстары жəне оқушының өзі тапқан ыңғайлы жолдары (мысалы, екі оқушының тапсырманы бірігіп орындауы). Оқытудың əртүрлі техникалық кұралдарына микроскоптан бас- тап компьютердің түрлері де жатады. Психологиялық тұрғыдан алғанда, құралдардың «жақсы» не «жаман» болуы, оқушының оқу барысында тиісті тапсырмаларды орындауы мен алдына қойған мақсат немесе оның өзіндік дербес оқу əрекетіндегі ны- саналы əрекетіне байланысты. Қысқаша айтқанда, оқушының оқу мақсатына тезірек жəне сапалы түрде жетуіне көмектесетін оқу құралдардың бəрі де жақсы. Оқу əрекетінің психологиялық құрылымындағы төртінші құрамдас элементі – оқудың соңғы нəтижесі. Бұл нəтиже, егер бүкіл оқу үдерісі логикалық- психологиялық талаптармен сəйкес кұрылған жағдайда мақсатқа жақындай түседі, себебі оның мақсатпен толық сəйкестігі, оқу үдерісінің жүз пайыз тиімділігін көрсетер еді, бірақ ондай бол- майды жəне ешқашан ешбір іс-əрекетте ондай болуы мүмкін емес те.
Үдерістің мақсаттан нəтижеге қарай жылжуында əрқашанда белгілі шығындар болады, негізінде ол шығындар қаншалықгы көп екендігі ғана маңызды. Егер олар аз болса, онда тиімділік жоғарылау (нəтиже жақсы) жəне керісінше, оқу əрекетінде де осындай.
Оқушылар сабақта, өздігінен оқығанда қажетті мəліметтермен танысып, олардың бəрін естерінде сақтай алмай, көптеген бөлігін ұмытады. Меңгеруге тиісті оқу материалдарын ұмытып, шығынға ұшырауларының басты себептері қандай деген қисынды сұрақ туады. Ондай себептерге біріншіден, естілген не оқылған мазмұндардың ішінен кейбіреуі ұғынылмай қалады. Бұл – негізгі шығын, білімді меңгерудегі айтарлықтай олқылық.
Достарыңызбен бөлісу: |