Изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тəсілдердің жиынтығы;
Орын басу (алмастыру)
Изоляция– ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тəсілдердің жиынтығы;
Орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;
Рационализация– жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың бұрмалануы;
Сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
Операциялар– өзге əрекеттер арқылы біртұтас жүйеге реттелген əрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі əрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып, негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты.
Метаморфоза заңы– дамуды сана күйлерінің бір ізді сапалы өзгерісі.
Инстинкт – тума мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің барлық мүшелеріне ортақ, бейімделу шеңбері өте тар.
Дағдылар немесе жаттықтыру– тума емес, үйретудің нəтижесінде туындайды, бейімделу шеңбері едəуір кеңірек.
Интеллект – мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді қажет етпейді, қиын жағдаяттың мəнді қатынастарын күтпеген жерден түсінуге, яғни инсайтқа негізделеді).
Сексуалды мақсат– лəззат алудың бастауы болып табыла- тын денедегі эрогенді аймақ.
Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық;
Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу.
Тепе-теңдіккеұмтылыс – қызмет етудің жəне дамудың басты қағидасы əрі негізгі реттеушісі болып табылады.
Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын біртұтас тума жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын ала болжайды.
Пубертантты кезең(12-19 жас шамасы) – ұқсастықтың қалыптасуының сын кезеңі. Əлеуметтік-психологиялық дағдарыстың мəні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың алмасуының арасында таңдау жасауда анықталады.