Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет117/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып та- былады. Психологиялық жас құрылымымен жəне динамикасымен сипатталады. Жастың құрылымы дамудың əлеуметтік жағдаятын жəне жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды қамтиды. Жас ерекшелік дағдарыс бұл – адам ағзасы мен психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған сандық өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын адамның өмірлік
циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.
Пренаталды – тіршілік иесінің құрсақтағы пайда болуынан дүниеге келгенге дейінгі дамуы.
Герминалды кезең – (ұрықтанғаннан 2 аптаға дейін) – жасушалардың жылдам жетілуі мен алғашқы дифференциялану кезеңі;
Эмбрионалды кезең – (2 аптадан 2 айға дейін) – негізгі құрылымдар мен ағзалардың қалыптасу кезеңі;
Фетальды кезең – (3 айдан туғанға дейін) – ұрықтың қарқынды морфофизиологиялық даму кезеңі.
Жандану кешені – алғашқы жарты жылда балада ересекпен қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген ересектің бет əлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық- соматикалық реакциясының қалыптасуы.
Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл балалардың ересектердің еңбек немесе əлеуметтік қызметтерін өзіне теңгеріп, арнайы құрастырылған немесе ойдан шығарылған ойын жағдайларында ересектердің өмірін қайталауы.
Психологиялық қолдау – адамның жаңа əлеуметтік жағдайларға бейімделуіне байланысты орын алған қиыншылықтарды едəуір жылдамырақ жəне қиыншылықсыз
кешіруге, стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің психологиялық, психикалық жəне физикалық денсаулығын сақтауға көмектесу.
Ассоциация – өзіндік ортақ іс-əрекеттің мақсаты, құрылымы бар, бірақ біртұтас əлеуметтік психологиялық бүтін бола алмай- ды.
Корпорация – ортақ мақсат жəне оны жүзеге асырудағы іс-əрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тəн серіктестік, топ мүшелерінің өзара əрекеттестігі, қарым- қатынастың белгілі бір дəрежеде топтық тəжірибені құрап, оның сол іс-əрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.
Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-əрекеттің негізінде қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипат- тайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет