Орташа арифметикалық жəне стандартты үйлесімсіздікті есептеу негізінде өзі-өзі қабылдаудың жоғары, орташа, төменгі деңгейіне бөлінеді.
Жеке тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктің құрамдас бөлігін зерттеу үшін аяқталмаған сөйлемдер əдістемесі қолданылды (ДЖ.Нюттен əдістемесі негізінде) [51].
Сыналушыларға келесі сөйлемдерді аяқтау ұсынылды:
Мен үміттенемін…
Болашақта менің өмірім …
Мен жас кезімде ұмтылған…
Өз өмірімді саралай отырып ... деп ойлаймын.
Өмірімдегі ең жақсы кезең…
Мен зейнеткерлікке шыққанымда…
Зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін менің өмірім…
Бұл сөйлемдер сыналушылардың болашаққа, өткенге, зейнеткерлік демалысқа шыққанына, қарттыққа, туыстарына де- ген қатынастары жүйесінің қандай да бір дəрежесін сиптатайтын топтарға бөлінуі мүмкін.
Сөйлемдердің əр тобы үшін, осы қатынастар жүйесін анықтайтын сипаттамалар қарастырылады: