Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет141/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Сұрақнаманың мəтіні:


  1. Қызмет бойынша өсу жеке қабілеттер мен күштерге қарағанда көбінде жағдайлардың сəтті ағымына байланысты бо- лады.

  2. Ажырасудың көпшілігі адамдардың бір-біріне бейімделе ал- мауларынан орын алады.

  3. Ауру – жағдайға байланысты болады; егер ауырған болсаң, ештеңе істей алмайсың.

  4. Адамдар айналадағыларға қызығушылық пен достастық та- ныта алмағандықтан жалғыз қалады.

  5. Тілектерімнің жүзеге асуы көбінде сəттілікке байланысты.

  6. Басқа адамдарға ұнау үшін əрекет еткеннің еш пайдасы жоқ.

  7. Сыртқы жағдайлар, ата-аналар жəне жайлылықтың əсері отбасының бақытына ерлі-зайыптылардың қатынастарынан еш кем түспейді.

  8. Мен өз басымнан өтіп жатқан жəйттарға аса көп ықпал етпейтінімді сеземін.

  9. Басшы қоластындағылардың дербестілігіне сүйенгеннен гөрі, дұрысы əрекеттерін өзі толықтай қадағалағанда неғұрлым тиімді болады.

  10. Менің мектептегі бағаларым өзімнің əрекеттеріме қарағанда кездейсоқ жағдайларға (мəселен, мұғалімнің көңіл- күйіне) байланысты болды.

  11. Мен жоспар құрғанда оларды жүзеге асыра алатыныма сенемін.

  12. Көптеген адамдарға сəттілік немесе жолы болғыштық бо- лып көрінетін дүниелер, шын мəнінде ұзақ мерзімді мақсат еткен əрекеттердің нəтижесі болып табылады.

  13. Дəрілерді қолдану жəне дəрігерлердің көмегіне сүйенуге қарағанда, салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізер көмегі көбірек деп ойлаймын.

  14. Егер адамдар бір-біріне сəйкес келмесе, олар отбасылық өмірлерін қаншалықты реттеуге тырысса да ештеңе істей алмай- ды.

  15. Менің істеген жақсылықтарымды өзгелер əдетте, жоғары бағалайды.

  16. Балалардың өсіп-жетілуі ата-аналарының тəрбиесіне бай- ланысты болады.

  17. Өмірлік жағдайлар немесе тағдыр өмірімде аса маңызды рөл ойнайды деп ойламаймын.

  18. Мен тым терең жоспарлауға тырыспаймын, өйткені көп нəрсе жағдайларға байланысты болады.

  19. Менің мектептегі бағаларым көп жағдайда өзімнің еңбегім мен дайындығымның дəрежесіне байланысты болған.

  20. Отбасылық қақтығыстарда мен қарсы жаққа қарағанда, көбінесе өзімді кінəлі сезінемін.

  21. Адамдардың өмірі жағдайларға байланысты болады.

  22. Мен қалай əрекет етуді өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін басшылықты қалаймын.

  23. Менің өмір салтым ешқандай жағдайда да ауруларымның себебі емес деп ойлаймын.

  24. Дұрысы, жағдайлардың сəтсіз тоғысуы адамдардың өз ісінде жетістікке жетулеріне кедергі келтіреді.

  25. Ұйымның нашар басқарылуына онда жұмыс жасайтын адамдар жауапты болады.

  26. Мен отбасында қалыптасқан қатынастарда ештеңені өзгерте алмайтынымды жиі сезінемін.

  27. Егер қатты қаласам мен кез келген адамды өз ыңғайыма көндіре аламын.

  28. Өскелең ұрпаққа көптеген жағдайлардың ықпал ететіні соншалықты, оларды тəрбиелеу жөніндегі ата-аналардың күш- қуаты көп жағдайда еш пайдасыз болады.

  29. Менің басымнан кешіргендерімнің барлығы – өз еңбегімнің нəтижесі.

  30. Басшылардың басқаша емес дəл солай əрекет ететінін түсіну қиын.

  31. Өз қызметінде жетістікке жете алмауы адамның жеткілікті күш жұмсамауынан.

  32. Көбінде мен отбасымның мүшелерінен қалағандарымды ала аламын.

  33. Өмірімде орын алған сəтсіздіктер мен келеңсіздіктерге өзімнен гөрі басқа адамдар кінəлі.

  34. Балаға дұрыс қарап, киіндірсе, оны əрдайым суық тиюден сақтауға болады.

  35. Күрделі жағдайлар мен проблемалар өз бетінше шешілмейінше, сəл кідіре тұрғанды қалаймын.

  36. Сəттілік қажырлы еңбектің нəтижесі болып табылады əрі жағдайға немесе сəттілікке аса байланысты бола бермейді.

  37. Мен отбасымның бақыты өзгеден гөрі көбінде өзіме байла- нысты екендігін сезінемін.

  38. Маған неліктен бір адамдарға ұнайтынымды, ал кейбіреулеріне ұнамайтынымды түсіну əрдайым қиынға соғатын?

  39. Мен басқа адамдардың көмегіне немесе тағдырға үміт артқаннан гөрі өз бетімше əрекет еткенді қалаймын.

  40. Өкінішке орай, адамдардың еңбегі оның бар əрекетіне қарамастан көбінде мойындалмайды.

  41. Отбасылық өмірде қанша қаласаң да, шешімі табылмай- тын жағдайлар болады.

  42. Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған қабілетті адамдар оған тек өздерін ғана кінəлауы керек

  43. Менің көптеген жетістіктеріме тек басқа адамдардың көмегімен ғана қол жеткіздім.

  44. Менің өмірімдегі қолайсыз жағдайлардың біразы сəттілік не сəтсіздікке баланысты емес, керісінше білмегендіктен немесе жалқаулықтан болды.

Толтырылған жауаптардың өңделуін «+» бағаналарындағы пунктілерге өз белгілерімен жəне «-» бағаналарындағы пунктілерге теріс белгілерімен жауаптарды қосып төмендегі кілттерге сəйкес жүргізу қажет.
Сұрақнаманың барлық пунктілерінің жауаптары біршама араласқанын зерттеулер бойынша көруге болады: бағананың жартысының біреуі де 15%-дан сирек іріктелмеген. Жекелеген сыналушымен толтырылған сұрақнама нəтижелері бірліктердің стандартталған жүйесіне өңделеді жəне көрнекі түрде көрсетілуі мүмкін.
Субъективті бақылау деңгейін зерттеу сұрақнамасының көрсеткіштері (іс-əрекетті реттеу жүйесінің иерархиялық құрылымы қағидасына сəйкес) іс-əрекеттің жеке жағдайларына сай жалпыланған дара субъективті бақылау деңгейін зерттеудің жалпылама көрсеткішін, орталықтандырудың орта деңгейінің
2 көрсеткішін жəне жағдайлық көсеткіштердің қатарын қамтитындай ұйымдастырылған.


1-бөлім. Тұлға, мотивация, қажеттілік. 82



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет