Тұлға дамуының заңдылықтарына қатысты психоанализ бен Эриксон теориясының арасындағы айырмашылықтар
№
|
Психоанализ теориясы
|
Э. Эриксонның теориясы
|
1
|
Ал З. Фрейдтің назарында Ид, Супер Эго болды.
|
Э.Эриксон Эгоның құрылымы мен дамуын қарастырады.
|
2
|
З.Фрейд «бала-қоғам» қатынасын балалық шақ пен ересек əлемдерінің күресі, тұлға мен қоғамның қарама- қарсылығы ретінде қарастырады.
|
Э.Эриксон тұлға мен қоғамның қатынастарын тұлға үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін ынтымақтастық қатынасы ретінде қарастырады.
|
6-кестенің жалғасы
|
3
|
З. Фрейд жетекші рөлді сексуалдылыққа арнайды.
|
Э. Эриксон оның мəнін мойындай отырып, балалық шақтағы инфантильді сексуалдылықтың приматы жайлы постулатқа қарсы пікірін білдіреді. Ол оның дамудың негізгі бастауы болмайды деп есептеген.
|
4
|
З.Фрейдтің тұжырымдамасы дамудың себепшілері ретінде екі фактордың парадикмасына тұйықталады.
|
Э. Эриксон тұлғаның белсенділігі мен қарым-қатынасын қамтитын дамуының шарттары мен факторларының, себептерінің едəуір күрделі жүйесін ұсынады. Баланың əлеуметтік ортамен қарым-қатынасының мəні
«маңызды қатынастар радиусы» жəне «ритуал» сияқты ұғымдармен қарастырылады.
|
Э. Эриксонның ойынша, тұлғаның дамуы соматикалық, психологиялық-əлеуметтік, психологиялық-жыныстық жолдар- дың бірлігімен жəне өзара əрекеттестігімен анықталады. Эго- ұқсастықтың қалыптасу үдерісі тұлға дамуының негізгі мазмұнын құрайды. Ұқсастық өзін-өзі теңдестіру ретінде түсіндіріліп, уақыт пен кеңістікте адамның өз-өзіне деген ішкі ұқсастығы ретіндегі өзін-өзі ұқсастыру; тұлғаның өзін-өзін ұқсастыруын маңызды əлеуметтік ортасымен мойындалуы; ішкі жəне сыртқы ұқсастықтың сақталынып, тұрақты сипатқа ие екендігіне сенімділік атты негізгі үш өлшемді қамтиды. Тұлғаның даму үдерісін Э. Эриксон ұқсастықтың түрленуі мен қалыптасуының тұрғысында қарастырады.
Эпигенетикалық қағида тұлға дамуы кезеңдерінің ретін анықтайды. Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын біртұтас тұма жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын ала болжайды. Онда тұлғалық құрылымдардың пайда болуы мен дамуының «сын кезеңдері» сипаттауды керек етпей жора- малдап келтіріледі. Əрбір кезеңнің тұлғаның қайсібір қасиетінің
қалыптасуына ерекше сезімталдығы болады, егер ол кезең уақытында іске қосылмаса, тұлғалық даму бұрмаланады. Əрбір саты алдыңғысына негізделеді, яғни сатылардың сабақтастығы мен байланысы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |