Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



бет31/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары


  1. Э. Эриксон бойынша эпигенетикалық теорияның тұлға дамуындағы мəні.

  2. Эпигенез ұғымына түсінік.

  3. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі атты кестеге аналитикалық талдау жасау.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)


тақырыптары

  1. Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдері.

  2. Балалар психологиясындағы жас туралы ұғым.

  3. Бала белсенділігі психикалық дамудың маңызды факторы ретінде.

  4. Тұлғаның өзін-өзі бағалауы.

  5. Сіз өзіңізді қаншалықты бағалайсыз? (эссе жазу).

Реферат тақырыптары





  1. Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мəселесі.

  2. Э. Эриксон тұлға кезеңдері туралы.

  3. Даму тұлғаның белсенділігі мен шартталған үдеріс ретінде.

  4. Тұлғаның үйлесімді дамуына қоғамдық қатынастардың ықпалы.



    1. Мəдени-тарихи тұғыр. Баланың психикалық дамуы ту- ралы Л. С. Выготскийдің теориясы




Жоспары:
  1. Баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары


  2. Психологиялық жас туралы ілім

  3. Жас ерекшелік дағдарыс ұғымы

  4. Жоғары психикалық қызметтер жайлы ілім

  5. Оқыту мен тəрбиенің арақатынасы

  6. Л. С. Выготский тұжырымдамасының мəні


  1. Баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары

Л. С. Выготский дамудың метафизикалық жəне диалек- тикалық атты екі тұжырымдамасын қарсы қойып салыстыру. Метафизикалық тұғырдың шеңберінде баланың психикалық да- муы тума нышандардың қарапайым өсуі, жүзеге асуы, түрленуі жəне араласуы ретінде, яғни адамға бастапқыдан берілген қабілеттердің тек сандық өзгерісі ретінде қарастырылады. Баланың диалектикалық тұғырдағы психикалық дамуы өзіндік қозғалыстың үздіксіз үдерісі, психиканың сапалы өңделуі, сананың мүлде жаңа құрылымдарының туындауы ретінде қарастырылған. Дамудың өсу ретіндегі ботаникалық үлгісіне Вы- готский дамудың психикалық қызметтер құрылымының қайта құрылуының жəне сананың жүйелі жəне мағыналы құрылысының өзгерісінің негізінде мінез-құлық дамуының сапалық үдерісі ретіндегі түсінікті қарсы қойып салыстырады.


Л. С. Выготский адам психикасының əлеуметтік-тарихи шартталуының қағидасын жəне оның онтогенезде дамуының ерекшелігі жайлы қағиданы ұсынып, негіздеген. Ол адамның са- насын қоғамның тарихи дамуының өнімі ретінде қарастырады. Выготский бойынша сана адамға берілмейді, оның шығу тегі мен өмір барысында дамуының тарихи бар.
Л. С. Выготский психиканың онтогенезде дамуының бірқатар заңдарын құрастырады.
Метаморфоза заңы дамуды сана күйлерінің бірізді сапалы
өзгерісі ретінде анықтайды. Бұдан онтогенетикалық дамуды тал- дау «бірлігі» ретінде психологиялық жас шамасы туралы ілім туындайды. «Бірліктерді» бөліп алудың əдіснамалық қағидасы даму үдерісінің жалпы қасиеттері мен сипаттамаларын сақтай отырып, оның сапалы кезеңдерінің жалпы құрылымын беретін онтогенетикалық дамудың ерекше «жасушысын» талап етеді.
«Психологиялық жас шамасы» балалар психологиясында сондай
«бірлікке» айналды.
Дамудың гетерохрондығы жайлы заң баланың психикалық дамуы оның хронологиялық жасымен сəйкес келмейтінін тұжырымдайды, яғни ол уақытқа байланысты қарапайым қызмет емес, күрделі құрылымға ие. Басқаша айтқанда психикалық даму биологиялық жетілудің ырғағынан өзге ырғаққа ие. Адам өмірінің барысында дамудың ырғағы мен темпі өзгеріп отырады. Өмірдің бастапқы кезеңдерінде дамудың өте жоғары темпы байқалады, алайда адам есейген сайын ол төмендейді. Выготский нəрестелік кезеңдегі бір жыл негізгі өзгерістері бойынша адам өмірін кез келген басқа бір жылымен салыстыруға тұрмайды деп есептеген. Жоғары психикалық қызметтердің дамуы жөніндегі заң белгілердің интериоризациялану жəне мəндердің даму үдерісі ретінде адамның санасын құрайтын жоғары психикалық
қызметтердің шығу тегін анықтайды.
Орта заңы дамудың бастауы ретінде əлеуметтік ортаның рөлін анықтайды.
Даму үшін оқытудың жетекші рөлі туралы заң бойынша оқыту дамудың алдында жүреді.
Сананың жүйелі əрі мағыналы құрылуы туралы заң баланың психикалық дамуындағы сензитивті кезеңдердің табиғатын аша- ды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет