Қазіргі заманғы психологияда даму барлық даму кезеңдерінде алға əрі кері жылжудың мезеттерін қатар қамтитын үдеріс ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда прогрессивті өзгерістердің үдерістері регрессивтіден басым түсетін тиімді əрі сəтті қартаю ұғымы қалыптасқан. Э. Эриксон қарттық кезеңін даналыққа ие болуды жас шамасы ретінде қарастырған.
Дамудың қайнар көзі. Ішкі қарама-қайшылыққа толы; даму өз бетінше жүзеге асқан қозғалыс ретінде қарастырылады. Кеңестік психологияда бала дамуының əлеуметтік жағдайы мен оның тұлғалық жəне ақыл-ой аумақтарындағы психологиялық жаңалықтарының арасындағы қайшылық дамудың қайнар көзі ретінде анықталады (Л. С. Выготский).
Дамудың екі қалпы болады: эволюциялық – баяу, сандық өзгерістер; секірмелі – салыстырмалы қысқа мерзімде маңызды өзгерістердің орын алу, яғни дағдарыстар арқылы даму.
Психологиядағы дағдарыстар негізі – дағдарыстардың табиғаты (пайда болу себептері) жəне олардың қалыпты жəйт бо- лып табылатын ерекше мəселе. Л. С. Выготскийдің еңбектеріне дейін онтогенетикалық дамудағы дағдарыстар дамудың бұзылуы деп есептелген болатын. Ол ұстанымға сəйкес дағдарыстар нақты бұзылыстарын дұрыс тəрбиелеу арқылы болдырмауға болатын дамуға қатысты оғаш үдеріс ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда дағдарыстар дамудағы, тұлғаның түрленуі мен жетілуіндегі қажетті сатысы. Егер бұрында балалық шақтағы жəне жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыстар зерттелсе, бүгінде дағдарыстардың егде жастарға қатысты да қалыпты үдеріс екендігі мойындалуда. Мəселен, Д. Левинсон 27-30 жастағы «арманның» қирауынан туындайтын дағдарысты жəне егде жастағы ең күрделі де айқын көрініс беретін 45 жастағы дағдарысты зерттеген.
Дамудың сатылылығы. Дамудың əрбір сатысының өткен шақты қамтитынын, яғни тұрақтылығын сақтай отырып, жаңа қасиеттің туындауына негіз болатынын білдіреді. Сатылылық адамның психикалық дамуының үзбелілігі мен үздіксіздігінің бірлігі ретінде түсіндіріледі.