Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



бет9/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары





  1. Даму психологиясының зерттеу объектісі.

  2. Онтогенез ұғымына түсінік.

  3. Даму парадокстары туралы пікірлерге сипаттама жасап, кесте түрінде көрсету, мысалдармен толықтыру.

  4. Дамудың гетерохрондығы ұғымына түсінік беріп, мысал- дармен дəлелдеу.

  5. Депривация жəне госпитализм ұғымдарына психологиялық тұрғыда сипаттама.

  6. Дамудың негізгі сипаттамаларын түсінік беріп, кесте түрінде көрсету.

  7. Дамудың психологиялық зерттеу əдістерін жіктеңіз.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)


тақырыптары



  1. Б. Г. Ананьев бойынша зерттеу əдістерінің топтастырылуы

(кесте түрінде).

  1. Б. Г. Ананьев бойынша əдіснамалық принциптерге сипат- тама.

  2. Студенттердің өз білімдерін тексеруге арналған сұрақтар қатарымен танысып, талдау жұмыстарын жүргізу (3-қосымша).

Реферат тақырыптары





  1. Балалардың психикалық дамуын диагностикалаудың ерекшеліктері.

  2. Зерттеуде проективті əдістерді қолданудың шарттары.

ІІ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ МƏСЕЛЕСІ ЖАЙЛЫ ФАКТОРЛЫ ТҰРҒЫЛАР


2. Баланың онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтары


Жоспары:
    1. Қазақ халқының бала дамуының жас кезеңдері туралы ой-пайымдаулары

    2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жал- пы сипаттама


    3. Нативизм теориясы
    4. Эмпиризм теориялары. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштерінің бихевиоризмде қарастырылуы

    5. Екі фактордың конвергенциясы жайлы теория



    1. Қазақ халқының бала дамуының жас кезеңдері туралы ой-пайымдаулары

Қазақ халқы өзі өмір сүрген заманының əлеуметтік-қоғамдық жағдайларына, мəдениеті мен тарихына,тілі мен діліне, тіршілік ортасына лайық жас ұрпаққа тəлім-тəрбие берудің жазылмаған ереже-талаптарын жүйелеп, қалыптастырған. Ежелден балаға болашағым деп қарап, «Бақытыңды балаңнан ізде » деп ой түйген ата-бабаларымыздың ой-пайымдаулары мен бағалы өсиеттерін кейінгі ұрпақтың тəрбиесінде ұстаным ретінде пайдаланып, оның жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасып, нағыз азамат деңгейіне жету барысында орнымен қолданып отырса, қазіргі таңда бала психикасындағы байқалып жатқан көптеген олқылықтардың орны толар еді.


Əр жастың, əр мүшелдің өзіне лайық мінез-құлқы, ойлау жүйесі, өмірге деген өзіндік көзқарасы, мақсат-мүддесі болады.
Халқымыз баланың əр жас кезеңіне сай оның ойы биіктеп, білім көкжиегінің кеңейетінін де бағамдай білген. Осы орайда балаға айтылатын ертегі, əңгіме, жұмбақ, жаңылытпаштарды жа-
сына лайықты біртіндеп күрделендіріп отырған. Балаға кешегінің көзімен қарамай, бүгінгінің биігінен қарау идеясын ұстанған. Əрине, ұлағаты мол, тағлымы терең, халықтық өнегенің тереңге тартқан тамыры ғылыми даму психологиясының заңдылықтары мен тұжырымдарының ілкі бастауы екені сөзсіз.
Адамның əрбір жас кезеңіндегі тек сол жасқа ғана тəн өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, талдай білген Құлекеұлы Шал ақынның (1748-1819) ой-пайымдаулары даму психологиясымен астарласып жатқаны анық байқалады. Мəселен, мына толғауында:
Он бесте тартып міндім аттың жалын, Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын. Құрдым мен он сегізде жігіт салтын, Байқамай еш нəрсенің алды-артын.
Жиырмаға келген соң, Жын қуалап ақтадым. Жиырма беске келген соң, Жақсыларды жақтадым, –
деп жүз жасқа дейінгі кезеңге сипаттама береді (16-қосымша).
Мəделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888) «Келіппіз дүние деген кең сарайға» деген өлеңінде алғашқы мүшел жасқа келу баланы өзін азамат ретінде жауапкершілікті сезіну жəне т.б. қасиеттерді бойы- на сіңіру жасы деп дəріптейді (16-қосымша).
Əлемнің екінші ұстазы, ғұлама Əбу Насыр əл-Фараби еңбектерінде жас ерекшеліктеріне сай бала психикасының дамып, жетілуі оның тіршілік қажеттілігінен туындап отыратындығын ескертеді.
Ұлы ақын Абай өзінің ұлағат пен тағлым туралы қырық бес қара сөзінің жетінші жəне оныншы қара сөздерінде адамның жас ерекшеліктеріне сай болмыс-бітімі туралы парасатты ойын жүйелеген. Жетінші қара сөзінде:
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола алмайды. Һəм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?»,
«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет