В. Шелдон бойынша дене бітімінің үш типі
Эндоморфтық тип
|
Мезоморфтық тип
|
Эктоморфтық тип
|
Босаң.
|
Батыл, қайратты.
|
Реакция жылдамдығы
|
Тəбетпен
|
Қимыл-
|
жоғары, шапшаң.
|
тамақтанудан
|
қозғалысы көп.
|
Социофобия. Əлеуметтік
|
қанағаттану.
|
Дауысы зор.
|
қатынастарды орнатуда
|
Мақтауды аңсау
|
Қиын жағдаятта
|
қиындыққа тап болады. Жаңа
|
жəне ұнату. Терең
|
тікелей оңтайлы
|
əдеттерді баяу меңгереді.
|
ұйқы.
|
əрекетке көшеді.
|
Дауысы жай. Ұйқысы
|
Қиын жағдайда
|
|
қанбайды. Бозбалаға тəн
|
адамдардың
|
|
қызуқандылық мəнері тəн
|
көмегін
|
|
жəне сыртқы келбеті үнемі
|
қажетсіну.
|
|
шаршаңқы. Қиын сəттерде
|
|
|
жалғыз қалуға тырысады.
|
Ғылыми əлемнің сын пікірлеріне қарамастан, Э. Креч- мер мен В. Шелдонның тəлімінің практикалық бөлігі адамның тəндік феноменологиясын ғылыми тұрғыдан тану үшін құнды эмпирикалық негіз болып табылады. Адамның дене бітімі, со- нымен қоса көлемі емес, дене пропорциясы мен аяқ-қолы жəне морфологиялық мінездемесі еш күмəнсіз, адамның не бұрынғы, не қазіргі əлеуметтік нормаларының айғағы. Рухани қобалжулары жəне сыртқы əлемді қабылдау типтері оның есею мүмкіншілігі.
Жасөспірімдердің бойының тез өсу тенденциясы бар, сондықтан да, олардың формасы белгілі бір қалыпқа жетпегенше, олар кейде «қадаға» ұқсас болады. Кеудесінен аяқ-қолдары тез өседі, сол себептен, жасөспірім ұзынтұра, икемсіз жəне белінің өте биік болуы мүмкін. Бет əлпеті шығыңқы болып көрінеді де, ол мұрын жəне иек асты сияқты арнайы бөліктері айқын шығып тұруы ықтимал.
Алайда, жасөспірімнің кеуде бөлігі жайлап ұзара бастайды
да, олардың бойының өсуіне деген көзқарастары арта түседі. Белі төменге түсіп, иықтары кеңейіп, қыздардың бөксе жағы ауқымданып, барлық дене тұлғасы көбірек жетілген қалыпқа ие болады. Аяқ-қол бұлшық еттері жəне бұлшық ет салмағы дами бастайды, сондықтан аяқ жəне қолдың ұзындығы пропорционал- ды емес сияқты көрінбейді. Бойдың өсуі аяқталған сəтте дене про- порциясы тағы да теңесіп балансқа түсе бастайды.
Дəстүрлі мəдени ортасы, яғни кіршіксіз сыртқы бейнесі мен дене бітімі жасөспірім үшін өте маңызды.
Ереже бойынша, қыздар мен ұл балалар дене тұлғасының ор- таша болғанын қалайды. Толық жəне аласа бойлы құрдастары сияқты ұзын жəне сүйегі ірі жасөспірімдердің де өздеріне көңілі толмайды. Əсіресе, эндоморфты конституциялы қыздар қиындық көреді, көбінесе батыс мəдениетінде сұңғақ бойлы, сұлу жəне пропорционалды əйелдердің тұлғасына орасан зор мəн береді.
Ер адамдарды тексеру барысында орташа дене тұлғасы мен сыртқы сымбатының болуы əлеуметтік маңыздылығын дəлелдейді. Ұзын бойлы, ірі денелі ер адамдар, аласа бойлы ер адамдарға қарағанда, əлдеқайда сымбатты, сұлу болып саналады. Конституциясы мезоморфты жəне бұлшық еттері дамыған ер адам- дарды, дене тұлғасы басқа типке жататын ер адамдарға қарағанда, мезоморфты жігіттерді əлеумет, қоғам жеңіл қабылдайды. Сту- дент жасындағы жастардың, соның ішінде конституциясы эндо- морфты жəне эктоморфты жастарға қарағанда, дене құрылысы атлетикалық жас жігіттер, қоршаған адамдардың өзіне деген қарым-қатынас ынта оптимизммен қарайды. Өзін сымбатты да, сұлу деп есептейтін жасөспірімдерден жалғыздықты жиі сезінетіні байқалады.
Эксперименттік тестің стереотиптік болжауларында жасөспірімдердің сыртқы келбетінің үш тобына жататын консти- туциясы əртүрлі типтегі ер адамдардың көптеген фото бейнелері көрсетіледі. Жасөспірімдер олардың əрқайсысының жеке тұлғалық сапаларын бағалаулары керек еді. Жеткіншек жастың барлық үш тобына жүргізген сынақтардан мезоморфты тұлғалы тип социалдық-ұнамды тұлғалық сапаларымен байланысты бола- ды.
Эндоморфты жəне эктоморфты типтер көпшілік жағдайда жеке тұлғаның жағымсыз жақтарымен қатысты. «Аты əйгілі
емес» немесе «аз достары бар» деп бөлінетін жасөспірімдердің басым бөлігі анық эктоморфты немесе эндоморфты тип өкілдері. Бұл нəтижелер дене құрылысы мезоморфты емес бозбалалардың, өздерінің тұлғасына көңілі толмай жəне оны өзгерткісі келетіні факт екенін дəлелдейді.
Жасөспірім қыздар, шамамен 6-7 сыныпта, мысалы, көкірегінің өсуі сияқты организміндегі кейбір даму өзгерістерін сезе бастайды.
Есейе келе олар өздерінің сыртқы келбетінің басқа да элементтері: көзі, тісі, мұрыны, құйрығы мен бөксе жақтарына айрықша мəн бере бастайды.
Сыртқы келбеті сұлу ер адамдардың ұзын бойлы, қою шаш- ты, кең иықты жəне аяқ-қолының пропорционалды болуы да дене құрылысының сұлулығын көрсетеді. Кейбір жасөспірімдер дамудың алғашқы кезеңдерінде арық, икемсіз, əлсіз жəне құрылысы пропорционалды емес болып көрінеді.
Бойлары əлі де болса аласа, кеш жетілетін жасөспірімдердің сыртқы кейпі кішкене балаға ұқсас келеді. Ал басқалары артық салмақ қосып, олардың көкірегі ұлғаяды. Нормаға сəйкес келмейтін ұл балалардың сыртқы тұлғаларына мынандай лақап ат қойып: «скелет», «каланча», «семіз» деп келеке етеді.
Дене тұлғасы əлсіз жасөспірімдер өздерінің фигурасын жақсарту үшін ұзақ уақыт жаттығулар жасайды. Диетаның көмегімен арықтай алмайтын толық жасөспірімдер, қыздармен қарапайым қарым-қатынас жасай алмай өзімен-өзі болып тұйықталып қалуы мүмкін жəне эмоционалды адаптацияның жаман симптомдары едəуір байқалады. Дене бітімі атлетикалық тұлғаның маңызы зор, егер жасөспірім тұлғасы осы формаға сай болмаса, ол əлеуметтен оқшауланып шектен тыс ұялшақ болады.
Организмдегі эмоция мен сезімнің өзгеріп отыруы: жүректің соғуы, қан тамырларының жиі соғуы, жиі дем алу, мимика мен пантомимикалар осы қыртыс астындағы басқару орталығына байланысты. Қуаныш, қайғы, ашу сияқты əртүрлі эмоционалдық сезім кезінде адамның ішкі құрылысымен қатар, оның сырт пішінінде өзгерістер болады. Бет əлпеті, көзі өзгеріп, тек өзіне тəн қол сермеулері мен дене қимылы, дауыс ырғағанда спецификалық өзгерістер пайда болады.
Осы өзгерістерге қарап адамның қандай эмоцияны сезініп тұрғанын білуге болады.
Сезімнің пайда болуы жəне оны жеткізе білу ми қыртысы (кора), қыртыс асты (подкорка) жəне вегетативтік жүйке жүйесіне байланысты. Ең басты рөлді қыртыс (кора) алып жүреді, бірақ (подкорка) қыртыс астының да өз рөлі бар. Себебі қыртыс астын- да вегетативтік жүйке жүйесін жəне ішкі органдарды басқаратын орталық орналасқан.
Жастық кезде эмоция адамның ішкі дүниесіне үлкен əсер етеді. Жасөспірім терең қайғырып, дүниедегі болып жатқан өзгерістерге, жағдайларға өз көзқарастары қалыптасып, жас баланың бойында əртүрлі эмоция мен сезімдерді тудырады.
«Есейген сезім». Көп авторлардың байқағанындай, жасөспірімнің бойында болатын субъективті сезім. Жасөспірім үлкендердің ұжымының тиісті мүшесі болғысы келіп, өзін-өзі би- леп, өзінің есейгенін дəлелдегісі келеді. Үлкендер оның есейгенін мойындап, сыйлағанын, онымен ақылдасқанын қалайды.
К. Левиннің ойынша, жасөспірім маргиналдық күйде бола- ды. (Бұл терминмен əлеуметтануда екі мəдениетке жататындар- ды белгілейді). Жасөспірім енді бала болғысы келмейді, бірақ ол өзінің əлі үлкендер қатарына жатпайтынын түсінеді.
Маргиналдық тұлғаның ең басты дəлелдері: эмоционал- ды тұрақсыз болу, сезімталдық, ұялшақтық, агрессия көрсету, қоршаған адамдармен конфликтік қарым-қатынас, асыра баға бе- румен бірге шектен тыс қимылдар жасау (Фельдштейн, 1996).
«Өзін есейдім» деп сезінудің ең басты көзге түсер белгілері мыналар:
Үлкен адамдардың сырт пішініне еліктеу: темекі тарту, кар- та ойнау, вино ішу, ерекше лексикон пайдалану, үлкен адамдар- ша киіну, шашын жасауы, косметика қолдану, əшекейлер тағу. Үлкендерше дем алу, олардың ойындарын ойнау, біреуге көңіл бөлу. Бұлар ересек болудың ең оңай жəне де ең қауіпті түрлері.
Ұл балалардың «нағыз еркекше еліктеуі» бұлар: күшті болу, батыл болу, жаужүректік, төзімділік, қайратты болу, досқа деген берілгендік. Өзін-өзі тəрбиелеудің бір түрі спортпен айналысу бо- лып келеді. Айта кететін жағдай: қазіргі заманда көп қыздар осы еркектік қасиеттерді иеленгісі келеді.
Əлеуметтік есею. Бұл жасөспіріммен үлкен адамдардың
арасындағы əртүрлі қарым-қатынас тəн жасөспірім үлкен адамға көмекші болған жағдайларда қалыптасады.
Ақыл-ой жағынан жетілу. Бұл жасөспірімнің бірдеңе біліп, үйренгісі келетінін өзіндік ізденістерінен көруге болады. Осы жастағы жасөспірімнің білім деңгейі оның өздігінен ізденіп, талаптанғанының нəтижесі. Білім алудың мұндай балалар үшін зор мағынасы бар.
Жасөспірім шиеленіскен сезімде жүреді. М. С. Неймарктың жұмыстарында «адекваттылық емес аффекті былай суреттеледі: орынсыз қызбалық, кішкентай балалардың мінезіне лайық өзін- өзі ұстай алмаушылық. Оның байқауынша, бұл жағдайдың түбінде жасөспірімдердің өзінен шектен тыс көп талап етуі, сол талаптарға сəйкес келе алмауы жатыр.
Əсіресе, осы жастарда жасөспірімдер сезімнің үлкен диапа- зондарында болады. Албырт сезімді жасөспірімді алған бетінен ештеңе қайтара алмайды, олар мұндай кезде ұят, өнегелік дегендерді мүлдем ұмытады. Олар, тіпті өлімнен де қорықпайды. Олардың көздері жалын шашып қайсарлық білдіріп тұрады. Өз мақсаттарынан басқа ештеңені елемейді. Бірақ ынта кетеді, ішкі жəне сыртқы энергияны орынсыз көп жұмсағаны босқа болады. Ол еш əрекетсіз болады. Ол рухани босап, енді ештеңе оған күш бере алмайтын сияқты. Бірақ ең əлсіз деген ұшқынның өзі оған күш беріп, лаулатып жіберуі мүмкін. Осындай сəттерде олар жаңа армандарға талпынып кездескен əрбір қиындықтарды жеңуге да- йын болып шыға келеді.
Жасөспірімдер өзімшіл, өздерін дүниедегі ең қызықты, ең маңызды адам деп санайды. Сонымен қатар өмірінің басқа период- тарында адамдар жасөспірімдерге лайық, досқа деген қимастық пен өзін-өзі құрбан қылу сияқты қасиеттерді жасай алмайды.
С. Л. Рубинштейн бойынша адам мінез-құлығының сыртқы көрінісі негізінде оны танимыз, оның сыртқы мəліметтерінің мəнін ашамыз. Қарым-қатынас үдерінде мұндай мəліметтер маңызды реттеуші рөл атқарады. Біріншіден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзі де дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дəлдігінің өлшеміне онымен келісілген əрекеттердің жетістігі бай- ланысты. Адамдар бір-бірін қабылдау үдері қарым-қатынастың құрамды бөлігі, яғни перцепция деп аталады. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы танудың ең бір жолы сол адамның
орнына өзін қоя білуі. Яғни, оның ішкі жан күйзелісін ұғып, түсіну эмпатия құбылысымен ұқсас. Бұл өзін басқа адамның орнына қойып оны түсіну. Эмпатия – басқа адамның ішкі əлеміне еніп, оның барлық сезімдері мен ойларын эмоциялы түрде қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |