Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет93/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Тұлғалық рефлексияның дамуы. Тұлғалық рефлексия – жасөспірімнің өз ішкі дамуын жəне басқа адамның ішкі дүниесін түсініп, меңгеру формасы.
1-стадияда (10-11 жас) жасөспірімнің жас заттық рефлекстік күтулері жеке əрекет негізінде құрылады.
2-стадия, 12-13 жаста адамдармен өзара қарым-қатынас ерекшеліктері жəне өзіндік мінез сипаттары қаралады. Бұл уақытта тұлғалық рефлексия өзіне тəн өзгеріске түседі жəне жасөспірімнің өзін-өзі тəрбиелеу стимулына ауысады.
Тұлғалық рефлексия құрылымындағы 3-стадия, 14-15 жаста жасөспірімнің өзіне сын көзқараспен, сыни қарым-қатынаста бо- лады.
Жасөспірімдердің «Мен – тұжырымдамасы» дамуының психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасына əлем тура- лы жəне өзі жайында, ересек адамның ішкі ұстанымы өзін қалыптастырудағы ұғымы бір мағыналық жүйе сияқты өзін- өзі анықтауға кіреді. Бұл ішкі ұстанымдар жасөспірім өзінің бұрынғы өткен тəжірибесі негізінде өзінің мүмкіндіктерін, өзінің ерте жастағы пайда болған қажеттіліктеріне қатысты өмірде, нақ осы өмірде қандай жағдайда немен айналысқысы келетіні кіреді. Мұндай ішкі ұстаным жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасын жаңадан қалыптастырады, оның іс-əрекетке деген қоршаған ортаға қарым-қатынасы себепші болып, қоғамда болашақ орнын қалауға, өмірлік жоспарын немесе өмірлік бағдарламасын құрады. Жасөспірімнің уақыты жəне Мен – тұжырымдамасы.
Жасөспірімдік жаста өткенді, осы шақты жəне болашақты қабылдау бір-бірімен түйіседі, ал жеке психологиялық уақытты қабылдау шиеленістік жағдайда болады жəне бұл жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасының дамуын анықтайды.
Тұлғалық өсудің позитивті динамикасы өмір уақытының жай қозғалыстарын ғана емес, жаңа жетістіктерге көтерілуі бо- лып саналады. Мұндай жағдайда есею үдерінің өту кезеңінде жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасы дағдарыстық формада, яғни үйлесімсіз формада болады.
Мен – бейнесінің 3 варианты бір-біріне оқшауланған арақатынаспен байланысты: бүгінгі өткеннің нəтижесі бо- лып саналмайды, ал болашақ бүгінгінің жалғасы болып са- налмайды. Мұндай Мен – тұжырымдамасында балалық Мен – бейнесін ересектердің Мен – бейнесіне қарама-қарсы қойып, ал шындықтағы Мен – бейнесі екеуінен оқшауланып бүгінгімен өмір сүреді.
Жасөспірімнің «Мен» деген қасиеті өзінің кім екенін біліп, күшіне сеніп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді. Мұны əдетте, əркім өзін-өзі бағалай алуы, сананың өзіне тəн қасиеті деп атайды.
Жасөспірім өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне-өзі дер- бес азамат деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, со- ларды жақсы білуден пайда болады. Кіші оқушы өзін жақсы біле алмайды. Өзін көбінесе жұрттың (оқытушының, құрбысының) бағалауынан біледі, ал жасөспірімді алсақ, осылардың басым көпшілігі өзінің ісіне, не бұрын келген шешіміне талдау жасап, ісінің қолайлы, не қолайсыз жақтарын ажырата бастайды. Өзін-өзі білгісі келу жасөспірім кезде қажеттіліктің бір түрі. Қажеттіліктің бұл түрінің пайда болуы үлкендердің, не құрбыларының жасөспірімге қоятын талабы дұрыс па, бұрыс па, соны білуге ар- налады. Сонымен қатар жасөспірімнің өз қолынан бір нəрсенің келетінін, не келмейтінін білуге ұмтылуы, өзін тек əлі келетін жұмыстарға жұмсауға ұмтылдырып, осы жөнінде едəуір көмегін тигізеді.
Сонымен қатар, өзін-өзі бағалап, мүмкіншілігін сезе алу, жасөспірімнің өзін меңгере алуына көмегін тигізеді. Жасөспірім азамат қатарына көшуді талап еткендіктен, осы мақсатқа жету үшін, мінезінің, не ісінің қолайсыз жақтарымен күресіп, қолайлы жақтарын одан əрі дамытып, сөйтіп, өзгелердің алдында жақсы көрінгісі келеді. Егер жасөспірімді азаматтық қасиетке ие болуға не итермелейді десек, осының бір себебі өзінің кемшілік жақтарын сезе алуы. Өйткені өзінің жақсы жағын айтып, мақтану кім болса соның қолынан келеді. Бірақ өзінің кемшілігін сезіп, соған біреудің қатысынсыз объективтік түрде талдау беру кім болса, соның қолынан келмейді. Жасөспірім өзінің ісін, əсіресе, қателерін талдау үшін біраз уақытын жібереді. Жіберген қатесі үшін өзін-өзі əшкерелеуі де ықтимал.
Жасөспірімнің өзін қаншалықты дұрыс бағалай алуын алсақ, бұл түрліше келеді. Өзінің мүмкіншілігін объективті түрде бағалай алмайтындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жо- йылып, жасөспірім өзін объективті түрде бағалауға ұмтылады. Осыған негізгі түрткінің бірі – құрбыларымен əңгімелескенде мінез-құлықтың қандай түрі жақсы, нендей қолайсыз екені тура- лы пікір алысуы. Осыдан олар өз мүмкіншіліктерін дұрыс бағалай алуды үйренеді.
Баланың жасөспірімдік кезеңге аяқ басуы оның өзіндік санасының дамуымен айрықша мəнді. Жасөспірім ересек адамның позициясы қалыптаса бастайды. Жасөспірімде ересек адамның позициясы қалыптаса бастайды. Оған ересектік сезімнің дамуы жəне жасөспірімнің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл позиция жасөспірімнің өмірдегі объективтік жағдайына əлі сай келмесе де, оның пайда болуы жасөспірімнің өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктер дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жасөспірім бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-əрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне жəне басқаларға қойылатын талаптар, бағалау менөзін-өзібағалаудың критерийлері болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген əлеуметтік сана-сезім (Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша) болады.
Өзінің ерекшеліктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы – жасөспірім жастағы балаларға тəн ерекшелік. Кемшіліктерге ерекше назар аудару бүкіл жасөспірімдік кезеңде сақталады; көбінде өзіне көңіл толмау көбейеді.
Жасөспірімнің көпшілігі бірден бірнеше адамға теңелгісі келеді, яғни өз басының сондай болсам деген бейнесі түрлі адамдардың жақсы жақтарынан жасалады: бір адамнан ойша бір қасиеттерді, екіншіден басқасы не біріншісіне ұқсасы, т.б. алынады. Жасөспірімдер үлкендерге, өзінен үлкен балалар мен құрдастарына теңессем дейді, осының өзінде құрдастары өте үлкен орын алады. Жасөспірімдерді өздері теңессем деген адамдардағы өзін тартатын көптеген қасиеттер мен ерекшеліктердің арасын- да қасиеттердің екі тобы басым болады. Бұлар – адамгершілік қасиеттер мен ерлік қасиеттер; алғашқыларының арасында жолдастық қасиеттер орын алса, екіншілерінің арасында ерлік қасиеттері үлкен орын алады.
Кіші шəкірттік шақтың аяғына қарай балалар оқу қызметіне байланысты өздерінің ерекшеліктерін жақсы əрі дұрыс ұғынып, бағалайды. Жасөспірімдік кезде өзі туралы түсінік ұлғайып, тереңдей түседі, өзі туралы пайымдауларда дербестік артады, бірақ өзін білу жəне өзін дəлме-дəл бағалау дəрежесі жөнінен
балалар өте əртүрлі болады. Көптеген жасөспірімдер кейбір қасиеттерін асыра бағалайды жəне талаптарының дəрежесі нақты мүмкіндіктерден асып жатады.
Өзін-өзі бағалау құрылымы екі компоненттерден – когнитивті жəне эмоционалды компоненттерден тұрады. Біріншісі, адамның өз жайындағы білімін бейнелесе, екіншісі, оның өзіне қарым- қатынасын бейнелейді.
Өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі жасөспірімдерде өз- өзіне сенімділігін, өз-өзіне сын көзбен қарау немесе керісінше, қарамаушылық, табанды немесе орынсыз өз-өзіне сенімді. Жасөспірім барабар өзін-өзі бағалаудан үлгерімнің жоғары деңгейіне ие болады.
Барабар өзін-өзі жоғары бағалайтын жасөспірімдер қызығушылықтың көп өрісін алады, іс-əрекеттің əртүрлі бағытында, олардың бағыты белсенді болады, сонымен қатар тұлғааралық байланыстарда қарым-қатынас үдерісінде өзін жəне басқаларды тану мақсатқа лайықты, біркелкі бағытталған.
Агрессивті жасөспірімдер өз-өзін бағалауда (максималды жағымды немесе максималды жағымсыз) жоғары мазасыздану, кең əлеуметтік байланыстар алдында үрей, эгоцентризм, қиын жағдаяттан шығуға икемінің жоқтығын көрсетеді.
Жасөспірімнің нысанасында болып жатқан іргелі өзгерістер жасөспірім кезеңінің маңызды белгісі болып қалады.
Бұл өзгерістердің жасөспірімдердің тұлға ретінде дамып, қалыптасуында мəні зор. Көрнекті психолог Б. Г. Ананьевтің пікірінше, дəл осы кезеңге сана-сезіміміз, көптеген қарым- қатынас нысаналардан өтіп, мінездің құрылымын аяқтайды. Оның тұтастығын қамтамасыз етеді, тұлғаның қалыптасып, тұрақталуына ықпал етеді.
Жасөспірім кезеңінде жастардың сана-сезімі белсенді қалыптаса бастайды, өзіндік бағалау өзіне деген көзқарастың тəуелсіз бір үлгілі жүйесі жасалады. Осы кезеңде жасөспірім өзінің өзгешелігін сезіне бастайды. Оның санасында бағалаудың бағыттары ауысып жатады. Сыртқы бағалау (ата-аналардың бағалауы) ішкі бағалауға ауысады, сонымен бірте-бірте жасөспірімдік өзіндік «Мен – тұжырымдамасы» қалыптасады. Бұл тұжырымдама баланың іс-əрекет жоспарын жасауға ықпал етеді. Жасөспірім кезеңінің дағдарысы. Тұлғаны ұқсастыру жəне
рөлдің ауысуы. Классикалық психоанализдің анықтауынша, бала өз дамуында бесінші кезеңге өткен кезде (12-18 жас) ата-анаға де- ген «махаббат пен қызғаныш» сезімдерінде қақтығыстар пайда болды. Осы мəселенің оң шешілуі мынада: өз кезеңінде махаббат нысанасын таба ала ма, жоқ па? Жасөспірімдерде осы мəселенің пайда болуын Э. Эриксон растайды, бірақ бұдан да басқа мəселелер бар екенін айтады. Жасөспірім физиологиялық жəне психикалық тұрғыдан өсіп-жетіледі, нəтижесінде жаңа сезімдер мен тілектер, ойлар пайда болады, əр нəрсеге деген жаңа көзқарасы, өмірге деген көзқарасы дами түседі. Жасөспірімнің психикасының жаңа ерекшеліктерінде маңызды орын алатын басқа адамдардың ой- ларына қызығушылық таныту қасиеті, өзгелер өздері туралы не ойлайды деген сияқты қызығушылық танытады. Жасөспірімдер ой-қиял арқылы үлгілі отбасы, дін үлгісін, қоғам үлгісін жа- сайды. Идеалмен шынайы өмірдегі жанұяны, дінді, қоғамды салыстырсақ, екінші жақ жеңіліп қалады. Жасөспірім теориялық біліммен дүниетанымдылықты қабылдауға, өңдеуге қабілетті болады. Қысқаша айтқанда, жасөспірім – ол шыдамсыз диалист, теориялық қиялды іске асыру қиын емес деп ойлайды.
Осы кезеңде пайда болған айналамен байланыс параметрі
«Мен» ұқсастың оң полюсімен рөл ауысу кері полюсінің ор- тасында теңселіп тұрақсыздықта тұрады. Былай айтқанда, қорытындылауды үйренген, білетін баланың алдында мына мəселе тұрады: өзін-өзі оқушы, бала, спортшы, дос, бойскаут ретінде білетінін біріктіріп, қосу керек, осы рөлдердің барлығын ол біртұтас етіп жинап, ақыл-ойға салып, өткен шақпен байла- ныстырып, болашақтың жоспарын жасау керек. Егер жас адам осы мəселенің табысты шешімін тапса, ол өзінің кім екенін сезініп, қайда тұрғанын жəне қайда бағыттап бара жатқанын анық сезеді. Жас ерекшелігі дамуының алғашқы кезеңдерінде баланың даму дағдарысына ықпалын тигізіп отыратын ата-аналары болады. Ендеше кейінгі даму кезеңдерінде ата-ана балаға бұрынғыдай ықпал жасай алмайды. Ата-аналардың көмегімен жасөспірім өзінің бойында сенім, өзіндік басқару, шеберлік деген қасиеттерді дамытқан, өзінің жеке, дара екендігіне көзі жететіндей мүмкіндігі молая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет