Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет14/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110
Франц Бопп (1791-1867). 
Франц Бопп Майнц қаласын-
да туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, 
араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин 
университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің 
профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі - 
«Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, 
неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш 
томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 
жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет 
басылды.
 Салыстырмалы- тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. 
1816 ж. Ф.Боптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу 
жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің 
жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда 
аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ғалым 1833-1849 
жылдар арасында «Үнді-Еуропа тілдерінің салыстырмалы 
грамматикасын» жазды. Ф.Бопптың бұл еңбегіне Панини 
еңбегінің әсері тиген. Ф.Бопп негізгі зерттеу объектісі етіп 
морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда 
қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды. Тіл білімі 
тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін 
салушы деп саналады.


– 
33 

Есеналиева Жанар
Расмус Кристиан Раск (1787-1832). 
Расмус Кристиан 
Раск Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап 
осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, 
испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген 
тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін 
салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері 
және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп 
аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, 
грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет