Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет7/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110
2. Лингвистикалық типология
Қазіргі тіл біліміндегі тілдерді типологиялық жіктеудің 
тағы бір саласы - лингвистикалық типология. Ол тілдердің 
арасындағы туыстық-генетикалық қатынастардың сипатына 
қарамастан тілдердің құрылымдық және функционалдық 
қасиеттерін салғастырмалы зерттеп, қарастыру болып табылады. 
«
Лингвистикалық типология» – ғылыми пән. Типологиялық тіл 
білімі жалпы тіл білімінен бөлініп шығады. Ол туыстық тегіне 
байланыссыз, тілдердің құрылымдық және функционалдық 
қасиеттерін салғастырып зерттейді. Типологиялық мәлеметтер 
көптеген сферада қолдануына қарамастан, тіл білімі үшін 
лингвистикалық типология – тікелей тіл теориясымен байланысты. 
Бұл пәннің мақсаты – студенттер мен магистранттарды негізгі 
тіл дік теориялармен қаруландыра отырып, лингвистикалық 
типология ның пәні, мақсаты мен міндетін саралап, типологиялық 
терминдер мен ұғымдарға толық түсініктеме берумен қатар, 
құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық жағынан зерттеу 
жұмыстары на бағыт-бағдар беру.


– 
16 

Салғастырмалы тіл білімі
Жаңа ғасыр таңында тілдің мәдени, этнолингвистика лық, 
ұлттық, аспектілеріне қызығушылықтың артуына байланысты 
тілдерді типологиялық тұрғыдан салыстырмалы және 
салғастырмалы түрде тереңірек әрі жүйелі зерттеу қажеттігі туып 
отыр. Өйткені, құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыра зерттеу ол 
тілдердің ұлттық ерекшелігін, құрылым-құрылысын танып білуге, 
сол тілдерде сөйлейтін ұлттардың дүниетанымы мен болмысын,
тұрмыс тіршілігін, менталдық айырмашылығын жақынырақ 
тануға мүмкіндік береді. Әрине, тілдердің ерекшеліктерімен бірге 
олардың өзара ұқсастықтары, сәйкестіктері де болуы мүмкін. Біз 
мұны тек әртүрлі құрылымды тілдерді салыстыра және салғасты-
ра зерттегенде ғана анықтай аламыз.
Тілдерді бір-бірімен салғастырғанда, бұған дейінгі тіл 
білімінде олардың жеке бірліктерінің тұлғаларын, ерекшеліктері 
мен ұқсастық қасиетерін негізге ала отырып, морфологиялық, 
синтаксистік, 
фонетикалық 
деңгейлерінің 
мәселелері 
қарастырылды, олардың жеке категориялық ерекшеліктері 
сарапқа салынды. Осы дәстүр бойынша қазіргі қазақ тілі 
көпшілік жағдайда орыс тілімен салғастырыла зерттеліп, орыс-
қазақ тілдерінің салғастырмалы грамма тикасы жасалды.
Кейінгі жылдары, ұлтаралық қатынастардың дамуына 
байланысты, әр-түрлі тілдік топтарды және құрылымы жағынан 
мүлдем алшақ тілдерді типологиялық тұрғыдан зерттеу дәстүрге 
айналды. Ғылыми ізденістер тіларалық сәйкестіктердің 
теориялық негізінің жасалуына үлкен үлес қосты. Дегенмен 
бұл проблеманың тіл ғылымының кейінгі жетістіктері 
тұрғысынан әлі де нақтылай, жүйелей түсетін тұстары жоқ 
емес. Мәселен, соңғы кездегі лингвистикалық зерттеулерде 
қайсыбір тіл құбылысын жаңаша зерделеу, бұрынғы дәстүрлі 
әдістен шығып, өзгешерек түсіндіру бағыты байқала бастады. 
Мұндай жаңа нышан құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық 
жағынан зерттеу мәселесінде де сезіледі. Тіл ғылымындағы 
бұл ерекшелікті ескермейінше құрылымы алшақ тілдерді 
салғастырғанда, ол тілдердің ішкі жүйесінің заңдылықтарын да, 
олардың грамматикалық табиғатын толық тану, жете сипаттау, 


– 
17 

Есеналиева Жанар
әрине, мүмкін болмайды. Қазір тілдерді типологиялық жағынан 
зерттегенде мынадай негізгі ұғымдармен байланысты зерттеу 
қажеттігі туып отыр. Ол ұғымдар, атап айтсақ, типологиялық 
жіктемелердің негіздері, тіл типі, тілдегі тип, типологиядағы 
метатіл, тілдердің көпөлшемді классификациясы, тіл 
құрылымын дағы типологиялық басымдылық (доминанттық 
белгі) т.б. 
Әрбір ғылымның, пәннің зерттеу нысаны болатыны 
сияқты лингвистикалық типологияның да өз зерттеу нысаны 
бар. Ол нысан – тілдер типі.
«Лингвистикалық типология» пәнінің шешуге тиісті өзекті 
мәселелері - негізінен, әлем тілдеріне ортақ жалпы мәселелер, 
бір-біріне ұқсас сәйкестіктер мен ұқсастықтар бар ма, бар болса 
ол қандай мәселелер? Дүние жүзі тілдері бір-біріне несімен 
ұқсайды, несімен ерекшеленеді? Ол айырмашылықтардың мәні 
неде?
Дүние жүзіндегі тіл атаулының бәрі атқаратын 
қызметі жағынан бірдей. Ол - қатынас құралы қызметі. Бұл 
тілдер арасындағы сәйкестіктер мен ортақ заңдылықтар 
болатындығының айғағы. Тілдердің бәрінде де дыбыс, сөз, 
грамматикалық форма, сөйлем дегендер болады. Бұл – дүние жүзі 
тілдерінің тілдік бірліктері жағынан біркелкі болатындығының 
дәлелі. Әрине, тілдер арасында ұқсастықтармен бірге 
ерекшеліктер, айырмашылықтар да болады. Біз мұны тек 
әртүрлі құрылымды тілдерді типологиялық параметрлер 
арқылы салғастыра зерттегенде ғана анықтай аламыз.
Тіл атаулының бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшы рап, 
дамып отырады. Бұл да тілдердің барлығына тән, ортақ қасиет. 
Айта берсек, барша тілдерге ортақ мұндай қасиет көп. Олай 
болса, лингвистикалық типология тіл атаулының барлығына 
тән осындай ортақ қасиеттерді, ортақ заңдылықтарды, 
тілдік универсалийлерді сөз етіп, қарастырады. Ондай тілдік 
универсалийлерді тілдерді бір-бірімен салғастырғанда ғана, 
тілдер арасындағы изоморфизмдер мен алломорфизмдерді
толық көрсеткенде ғана анықтауға болады. 


– 
18 

Салғастырмалы тіл білімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет