Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


қосымша бұл терминнің эквиваленті бола алады. Аффиксация



Pdf көрінісі
бет92/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

қосымша
бұл терминнің эквиваленті бола алады.
Аффиксация
– 
сөз түрлендіруде және сөзжасамда 


– 
170 

Салғастырмалы тіл білімі
қолданылатын аффикстердің жалғану процесі. Әлем тілдерінде 
аффиксацияның екі тенденциясы айқындалған: фузиялық және 
жалғамалы. Әлем тілдерінің көпшілігі типологиялық тұрғыдан 
аффиксация тәсілдерінің бірін қолдану мүмкіндіктеріне қарай - 
суффикстену және префикстену болып бөлінеді. Мысалы, қазақ 
тілінінің типологиялық ерекшелігіне орай, көбінесе, суффиксация 
тәсілі қолданылады.
Әлем тілдері – 
жалпы әрі кең ауқымды қолданыстағы 
Халықаралық тілдер.
Билингв – 
екі тілді меңгерген тұлға. Әр тілді меңгеру 
дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Бинарды салыстыру –
қосарлы, екі компонентті салыстыру, 
лингвистикалық типологияда екі тілді салыстыру немесе 
салғастыру.
Вариант – 
тілдік единицаны жүзеге асырудың (фонема, 
морфема, сөз т.б.) сөйлеудегі ерекше түрі, модификациясы.
Варианттылық – 
1.белгілі бір нормадан ауытқу, бір тілдік 
құбылыстың бірнеше түрі. 2.тіл мен тілдік бірліктердің қолданылуы 
мен сақталуын қамтамасыз ететін іргелі және универсал қасиеті.
Вибрант –
фонациялық ауаның өте қарқынды шығуында 
пайда болатын, дірілдеп шығатын дауыссыз дыбыс; мысалы, «р».
Вокализм – 
тілдегі дауысты дыбыстар (дифтонгтарды қоса) 
жүйесі.
Грамматикалық бірліктер
– сөз, сөзтұлға, синтаксистік 
құрылым (сөз тіркесі, жай сөйлем, күрделі сөйлем). Бұдан 
басқа грамматикалық мағынаны білдіретін құралдар: көмекші 
морфемалар (аффикстер) көмекші сөздер (жалғаулық шылаулар, 
демеулік шылаулар) және т.б.
Грамматикалық категория
- грамматикалық мағыналар 
класы, сөздердің өзгеруі, тіркесуін көрсететін морфологиялық, 
синтаксистік белгілері бар грамматикалық жалпы ұғымдар. 
Грамматикалық категориялар морфологиялық, синтаксистік болып 
бөлінеді. Морфологиялық категориялар іштей мысалы, етіс, жақ, 
жекеше-көпше түр, септік т.б.бөлінеді. Әлем тілдері тарихи даму 
процестерінде сипаты жағынан өзгеріп тұратын рамматикалық 
категориялар саны мен құрамына қарай ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет