Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Контрастивті лингвистика –



Pdf көрінісі
бет95/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Контрастивті лингвистика – 
(конфронтативті лингвистика, 
салғастырмалы лингвистика) - ХХ ғ 50 жж дүниеге келген жалпы 
және салғастырмалы тіл білімінің саласы. Негізін салғандар: 
Р.Ладо, В.Н.Ярцева, Г.Никель, П.Селинкер.
Конфикс – 
префикс пен суффикстің бірлесіп қызмет 
атқаратын комбинациялары. Мыс., ор.т. 
по-лесь-е;
нем.т. 
ge-les-en
/оқылған/. Конфикстің қолданылуы парасинтез деп аталады, яғни
сөз ситездеуде бір типті екі аффикстің бір мезгілде қолданылуы.
Коррелят - 
өзге элементпен қатыста, сәйкестікте
корреляцияда болатын элемент, тілдік құрылым. Мыс., /в/ 
дауыссызы /ф/ дыбысының ұяң корреляты, ал /в’/ дыбысының 
қатаң корреляты.
Корреляция – 
екі не одан да көп тілдік бірліктердің – 
корреляттардың өзара себептестігі, семиологиялық тәуелділігі.
Метатіл –
тіл - құрал көмегімен объект тілдің сипатталуы. 
Метатіл белгілі бір тілдің заңдары бойынша және оның 
бірліктерінен қалыптасады, сол тілдің бөлігі болып табылады.
Морф – 
морфеманың тұлғалық өзгешіліктерінің /түрлерінің 


– 
173 

Есеналиева Жанар
/ бірі. Әртүрлі сөздер мен сөз формаларында кездеседі. Мыс., 
аяқ 
сөзі түбір және нольдік морф және жекеше түр мағынасында. 
Терминді 1947 ж Ч.Ф. Хоккетт ұсынған.
Морфема – 
тілдің негізгі бірліктерінің бірі: 1.тілдің ең 
кішкентай мағыналы бірлігі; 2.таңбалаушы мен таңбаланушы 
қасиетке ие, екі жақты ең кішкентай таңба; 3. сөздің ең кішкентай 
мағыналы бөлшегі; 4. нақты варианттардың /морфтардың, 
алломорфтардың / абстрактілі инварианттары. 5. түбір мен 
аффикстердің жалпылауыш ұғымы т.б. Морфема терминін 1881 
жылы И.А.Бодуэн де Куртене ұсынған.
Морфонология - 
әртүрлі типтегі морфонемалардың 
фонологиялық құрылымын және морфологиялық айыр-
машылықтарды білдіру үшін фонологиялық салыстыруларды 
пайдалануды зерттейтін тіл білімінің саласы. Морфонологияның 
пәні сөздер мен морфемалардың фонологиялық құрылымы мен 
фонемалық құрамы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет