ЭПИСТАЗ
Бір геннің қызметін оған аллельді емес басқа бір геннің тежеуін
эпистаз деп атайды. Эпистаздың өзін доминантты және рецессивті
деп бөледі. Егер мұндай кұбылыс доминантты
гендердің арасында
болса (А >В) - доминантты, ал рецессивті гендерде болса (а >в) -
рецессивті эпистаз дейді. Өзіне аллельді емес басқа бір тенге
басымдылық жасайтын генді эпистазды немесе ингибитор, ал
керісінше басылыңқы болса - гипостазды деп атайды. Гендердің
эпистаздық
жолмен
әрекеттесуі
өзінің
сипаты
жагынан
комплементарлыққа
қарама-қайшы.
Эпистаз кезінде бір геннің
бақылауымен түзілетін фермент, бөтен бір ген анықтайтын басқа
ферменттің қызметін тежейді.
Гендердің эпистаздык
әсерін сұлы дэні бояуының тұқым
қуалауы мысалында қарастыруға болады.
Бұл дақыл дәнінің қара
және сұр түстерін анықтайтын доминантты
гендердің болатындығы
анықталған. Олардың біреуі А, екіншісі В деп белгіленеді. Сонда
будандастырылған ата - аналық формалардың генотиптері ААВВ
(қара тұқымды) және ааВВ (сүр түқымды) деп есептесек,
бірінші
буында алынатын өсімдіктердің генотипінде (АаВв) қара түсті
анықтайтын А жэне сүр түстің - В доминантты гендері болады. Ал А
гені В геніне эпистазды болуы себепті ол оның қызметін тежейді,
сондықтан да Fj -дегі буындардың барлығы да қара тұқымдылар
болып шыгады. Ғ2 -де белгілер 12 қара : 3 сұр 1 ақ болып ажырайды.
Егер бүған талдау жасайтын болсақ тоғыз генотипте доминантты
геннің екеуі де (А мен В) бар, бірақ сүр түстің гені В тежелетіндіктен.
56
қара тұқымды ұрпақ береді. Енді уш генотипте (ААвв, Аавв, Аавв,)
қара
түсті
анықтайтын
доминантты
А
гені
болғандықтан
тұқымдарының түсі қара болады. Сонда 16 өсімдіктің 12-сі фенотипі
бойынша қара түстілер болып шығады. Тағы да үш генотипте (ааВВ,
ааВв, ааВв)
эпистазды А гені жоқ, тек доминантты
В гені
болатындықтан ондай өсімдіктердің түқымдары сүр түсті болады. Тек
бір
ғана
генотиптен
(аавв),
құрамында доминантты
гендер
болмайтындықтан, тұқымы ақ түсті өсімдіктер дамып шығады.
Эпистаз
жағдайындағы
гендердің
өзара
әрекеттесуі
комплементарлықтан өзгеше болады. Алғашқысында белгілі бір
органның дамуына ықпал ететін ген баска бір геннің қызметін
тежейді, соның салдарынан ұрпағында
ата-аналық формаларға тэн
белгілер байқалады. Комплементарлықта керісінше белгілер екі
аллельді емес гендердің әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: