а) метацентрлі - центромері дэл ортасына орналасқан тең иықты
хромосома;
б) субметацентрлі -
иықтары тең емес хромосомалар;
в) акроцентрлі, немесе таяқша тэрізді - центромері бір ұшында
орналасқан сыңар иықты хромосома. ¥рш ық (ахроматин)
жіпшелері
арқылы центромерге бекитін алғашқы тартылыстан басқа қосымша
тартылыс та болады. Ол ядрошықтың қалыптасуына қатысады және
онда рибосомалық РНК-ның синтезіне жауапты гендер шоғырланады.
Қосымша тартылыс кейде ұзынырақ болып келуі мүмкін,
мұндай
жағдайда оны хромосоманың серігі деп атайды. Хромосомалардың
ұштарын теломерлер дейді.
Хромосомалар тек морфологиялық жағынан ғана емес мөлшері
жағынан да әртүрлі
болып келеді, яғни ұзындығы 5 - 5 0 мкм, ал
диаметрі 0,2 - 0,5 мкм болады.
ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Хромосомалардың
құрылымы
клетка
бөлінуінің
профаза
кезеңінде анығырақ байқалады. Профазаның бас кезеңінде хромосома
жіңішке қос жіпше күйінде қалады. Ал метафаза стадиясында оның
жартылай хромотидтер деп аталатын төрт жіпшеден түратындығын
көруге болады. Кейіннен электрондық микроскоптың көмегімен әрбір
хромосоманың
өзі
өте
жіңішке
жіпше
-
хромонемалардан
түратындығы анықталды.
Митоздың эрбір кезеңінде хромосомалардың
жуандығы өзгеріп
отырады.
Мысалы,
профазаның
соңында
жіңішке
хромосом
31
жіпшелері біртіндеп жуандай бастайды да метафазада олардың тұрқы
қысқарып толық жуандап бітеді. Ал оның механизмі хромосома
құрамындағы
хромонемалардың
шиыршықталуына
байланысты
болады.
Шиыршықталу процесі профазаның соңында басталады да
метафаза кезінде аяқталады. Сондықтан да
метафазалық хромосома
қомақты болып келеді. Телофазада хромосомалар шиыршығы
жазылып, интерфазада толық тарқатылады.
3-сурет.
Дроздофила шыбынының сілекей безіндегі
алып хромосома
Жарық
микроскопы
арқылы
хромосоманың
құрылымын
зерттегенде оның жақсы боялатын, күңгірт түсті гетерохроматинді
32
және
әлсіз боялатын, ашық түсті - эухроматинді бөлімдерін
анықтауға
болады.
Гетехроматинді
бөлігінде
хромосомалар
эухроматинді
бөлігіне
қарағанда
көбірек
шиыршықталады.
Гетехроматинді бөлігінің функционалдық жағынан да активтілігі
жоғары болады, себебі гендердің көпшілігі сонда шоғырланған.
Хромосоманың
өзі ұзына бойына жіктеліп, буылтықтанып
жатады. Оны алып хромосомалардан анық көруге болады (3-сурет).
Ондай хромосомалар жай метафазалық хромосомалардан 100 - 200
есе ұзын болады және ондағы хромонемалардың сандары 1000-ға
жуық.
Алып хромосомаларды 1933 жылы Америка оқымыстысы
Т.Паинтер дрозофила шыбынының сілекей безінен тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: