Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне


ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет70/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. ГЕНЕТИКАЛЫҚ ГОМЕОСТАЗ
Кез-келген биологиялық системаның мейлі клетка, организм, 
биологиялық семья немесе тұтас генетикалық популяция болсын 
өзінің адаптивтік механизмі болады. Соның көмегімен олар өз 
тіршілігін сақтап отырады.
Популяцияның сыртқы орта факторлары 
әсерінен өзінің 
генетикалық құрылымын сақтау қабілетін генетикалық гомеостаз 
дейді. Бүл ұғымды ең алгаш қалыптастырған С. С. Четвериков (1926 
ж.).
Генетикалық 
гомеостаз 
механизмдеріне 
Харди-Вайнберг 
формуласына сэйкес популяциядағы түрлі генотиптердің тепе-теңдік 
қалыпта сақталуы, мутациялық процестің белгілі бір бағытта жэне 
белгілі бір қарқынмен жүретіндігі жатады.
Популяцияда мутация мөлшерінің көп болуы тұқым қуалайтын 
өзгергіштіктің резервін жасайды. Бірақ, мутация көбінесе рецессивті 
гендерде болатындықтан популяция өзгеріске тез бейімделе алады. 
Соған байланысты гетерозиготалардың, гомозиготаларға қарағанда 
тіршілік қабілеті жоғары болып келеді.
Бір популяциядан әртүрлі генетикалық формалардың шығуын 
полиморфизм деп атайды. Н.В.Тимофеев-Ресовский мен Я.Я.Лус 
деген оқымыстылар үзақ жылдар бойы хан қызы жэндігінің
190


қанатының үсті қызыл және қара дарақтардан тұратын полиморфты 
популяциясына зерттеу жүргізді. Сонда бұл популяцияда жыл сайын 
бір ғана жағдай байқалған, күзде қоңыздардың көпшілігі қара, ал 
қыстап шыққаннан кейін олар қызыл түске айналып отырған. Бұл 
популяцияда полиморфизмнің болатындығын көрсетеді.
Сөйтіп, полиморфизм популяцияның бір система ретінде 
сақталып тұруын қамтамасыз ететін механизм болып есептеледі. 
Сондықтан оны эволюция барысында қалыптасқан генетикалық 
гомеостаздың көрінісі деп айтуға болады.
Т ал қ ы л ау ға арналған сұрақтар
1. Популяцияның генетикалық қүрылымын ең алғаш кім зерттеді 
және ол қандай тәжірибе жүргізді?
2. Панмиксиялық популяция дегеніміз не?
3. Харди - Вайнберг заңына түсінік беріңіз.
4. Харди - Вайнберг формуласы не үшін қолданылады?
5. Популяицяның генетикалық динамикасына эсер ететін 
факторларды атаңыз.
6. Эволюцияның генетикалық негіздері туралы түсінік беріңіз.
7. Гнетикалық гомеостаз дегеніміз не?
191




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет