Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет136/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Топтық тəрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық 
топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тəрбиеші 
міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің 
бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау. 
Ұжымдық тəрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, 
əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары. 
Тəрбиелік іс-əрекет формаларының əрбіріндегі тəрбиешінің ролі 
мен орны əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, 
тəрбие мақсаттарына байланысты. 


Тəрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде 
болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер 
барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың 
басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, 
ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды. 
Ұжымдық 
шығармашылық 
жұмыстар 
əдістемесі 
негізін 
қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге 
жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер 
шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау жəне өткізу 
бірнеше кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы 
жұмыстарды жоспарлайды. 
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын 
белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар 
талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда 
болады. 
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет 
дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың 
тізімі жасалады.  
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тəрбиеленушілердің 
баршасын түгелдей қамтыған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар 
жүктеме ретінде тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет