Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет53/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл 
жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:

оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен 
қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы 
мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты; 

оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу 
мақсаттарына, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестің 
қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен 
практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- 
техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді; 

оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің 
нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің 
ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне , оқушының оқып-
үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты; 

оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу 
мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың 
жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық 
қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді; 

оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері 
байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының 
орынды келуіне орайласады; 

оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге
деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына 
(внутренние стимулы); оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы 
жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық). 


Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына 
орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары: 

дидактиканың тек өзіне тəн (оқу нəтижесі қолданылған оқу 
əдістері мен құрал-жабдықтарына, оқытушының кəсіби шеберлігіне 
жəне т.б. байланысты); 

таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нəтижесі 
оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне жəне оқуды 
қажетсінуіне, т.б. тəуелді); 

психологиялы? (оқу нəтижесі шəкірттердің оқу-үйрену 
мүмкіндіктеріне, 
зейін 
деңгейі 
мен 
тұрақтануына, 
ой-ақыл 
ерекшеліктеріне жəне т.б. байланысты); 

əлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа 
адамдармен тікелей не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның 
ақыл-парасат дəрежесіне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне 
жəне т.б. тəуелді); 

ұйымдастырушылық 
(оқу 
процесінің 
тиімділігі 
оның 
ұйымдастырылу дəрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған 
ынтаны, қажеттікті тəрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын 
қалыптастыруына, 
қанағаттану 
лəззатына 
бөлеп, 
танымдық 
белсенділікті қанаттандыруына жəне т.б. тікелей байланысты); 
Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде жəне 
оларға орай қабылданған ережелерде байқалады.
Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді 
жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. 
Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тəуелді. Мысалы, 
оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. 
Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды 
əрекет жасауы қажет, себебі тəртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл 
ескерту қалай орындалады- оның жолы бүтіндей жəне толығымен 
нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған 
тəртіптерге, қалыптасқан қатынастарға жəне көптеген басқа да 
себептерге байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет