Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет23/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында 
қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын
құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға 
тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық 
деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, 
мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау 
(моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық 
əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі 
эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, 
кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар 
береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау 
сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, 
өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық 
деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден 
іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау 
əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен 
айқындалады.
2.2. Педагогиканың философиялық негіздемесі 
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар 
əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, 
теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі 
педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді 
ажыратуға 
болады: 
экзистенциализм, 
прагматизм, 
неотизм, 
неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б. 
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс 
толғаныстары 
философиясы. 
Бұл 
бағытты 
дəріптеуші 
көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, 
Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. 
Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік – өз 
«меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер 
түсінігінде шынайы дүниенің мəні оның субъектті сипатта болуына 
тəуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты 
мойындамайды. Сырттай дүние əр адамның ішкі «мені» тарапынан 
қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге
соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына 
жəне 
т.б.себепші 
келеңсіздіктерін 
алға 
тартады. 
Мұндай 


қиыншылықтан құтылудың жолын олар əр адамның өзін-өзі 
кемелдендіру əрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің 
мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі 
қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тəрбие, білім беру. 
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері 
мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім 
құндылығы мен қажеттілігі əр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие 
болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тəрбие материалын игеруде оқушыға 
толық еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. 
Заттар мен құбылыстар мəнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі 
санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске 
асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық 
негіздемесі ретінде танылып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет