Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет2/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Б 
4303000000 
00(05)-05 
 
 
© Бабаев С.Б., 2005. 
© Оңалбек Ж.К.., 2005. 
ISBN  9965-620-48-2
© «Нұр-пресс», 2005. 
 


Алғы сөз 
«Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді». 
А.Байтұрсынұлы 
Сіз өте қиын, бірақ маңызды, жауапты жəне қызықты кəсіпті 
таңдағансыз. Оқуыңызды аяқтағаннан соң сіздің қолыңызға ата-
аналар өзінің ең ардақтыларын – перзенттерін тапсырып, оларды 
қайырымды жəне ақылды адам етіп өсіріп шығарады деп, сізге 
сенім білдіреді. Педагог ретінде сіз жай, cонымен бірге ғажайып іс 
жасайсыз: кешегі ұстағаны қолынан түскен, аттаса сүрінген, 
ебедейсіз, сенімі жоқ сəбиден келелі тұлға қалыптастырасыз. 
əлбетте, бұл жұмысты іске асыру үшін сіз нені, қалай жəне қашан 
орындау қажеттігін білуіңіз міндетті. 
Қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кəсіпқой 
мұғалімді күтуде. Бүкіл əлем бұл күнде тəлім-тəрбие қызметіне ең 
білгір, ең талантты, өте жауапкерлі педагог-мамандарды 
қатыстыру қажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында 
мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында 
жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Егер 
бала-бақша тəрбиешісі, мектеп мұғалімі қателесіп, балаға қажетті 
назар аудармаса, онда бұдан келер кемшілікті ересек дəуірде түзеу 
оңай емес.
Студенттік қабырғаның өзінде болашақ педагог оқушы мен 
мұғалімнің қарым-қатынасын, олардың бірлікті еңбегінің 
мектептегі басты құндылықтар екенін түсініп, оны есінде мықты 
сақтауы қажет. Бала тəрбиенің құралы емес, мақсаты, сондықтан 
баланы мектепке икемдестірмей, керісінше, мектеп, мұғалімдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет