Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет28/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

 
2.5.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру 
 
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, 
оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен 
технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми 
ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің 
міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала 
болжастыру. 
Бағытталу 
тұрғысынан 
педагогикалық 
зерттеулер 
іргелі 
(фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки)
деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде 
педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы 
жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен 
педагогикалық 
жүйелерді 
дамытудың 
моделдері 
ұсынылады. 
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір 
тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің 
заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан 
белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-
практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық 
айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық 
тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – 
зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), 
мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. 
Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: 
зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық 
маңыздылығы. 
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық 
жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып 
көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен 
дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары 
белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, 
қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық 
жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен 
оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет