Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет130/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел 
таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – 
бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны 
бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру 
басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың 
ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.
Жарыс əдісімен баланың бəсекелестікке деген табиғи қажеттігін 
жеке тұлғаға жəне жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тəрбие 
арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық 
қылық тəжірибелерін тез игеріп, тəн-дене, адамгершілік, эстетикалық 
сапаларын дамытады. Жарыс əсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін 
аса қажет: өз нəтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра 
отырып, өз білімдері мен ептіліктерін көтеруге болған қозғау күш 
алады, оқуы мен өзіндік тəрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс 
ұйымдастыру – оңай іс емес: балалар психологиясын жете тану қажет, 
біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану əрі орындау керек. 
Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың 
мақсаттары мен міндеттері айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға 
өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт - жағдайлары жасалады, 
қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай 
күрделілігімен əрі қызықты өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс 
ережелері соңғы нəтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты 
болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы 
болып, бағалау өлшемдері қарапайым, баршаға түсінімді болғаны 
дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда 
мектеп тəжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пəн білгірі 
атақтарын алу жарыстары өткізілуде. 
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа шығармайды, бірақ 
оның шегін, сипатын, орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді. 


Жазалаукелеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар 
алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында 
қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді 
жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі 
ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде 
жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер 
таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып 
тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: 
жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа 
сай талап қою. 
Жазалау əдісінің тиімділігін анықтаушы шарттар төмендегідей: 
1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы адам тарапынан болған жаза 
əсерлі келеді. Келеңсіз қылығы тек тəрбиеші емес, дос, жолдастарының 
да жақтырмауына, ескертуіне ұшыраса, айып сезімі күштілеу болады. 
Сондықтан тəрбиеші ұжымдық пікірге көбірек жүгінгені жөн. 
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға болмайды. 
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы шарт. 
4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді болып, оны əділ деп 
қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, оқушымен 
қалыпты қатынас жалғасын табады. 
5. Жазала, бірақ оқушының намысына тиюші болма. Тəрбиеші 
жазаны өз жек көргендігінен емес, педагогикалық қажеттіктен 
қолданады. «Келеңсіз қылық - жаза» формуласы мүлтіксіз орындалуы 
шарт. 
6. Жазалау мəселесін шешуде негізінен келеңсіз қылықтарды, 
болымсыз мінез бітістері мен əдістерді шектеу, тежеуге бағытталған 
тəрбие əрекеттері тізбегін біртіндеп қолданып, басты, мəні нақты, 
ұнамды сапаларды орнықтыруға қаратылған іс-əрекеттерге өту қажет. 
7. Жазалау əдісін қолдануға негіз- дау-дамайлы жағдай 
(ситуация). Бірақ көрінген орынсыз қылық пен ережеден ауытқу 
жанжал туындатпайды, сондықтан, парықсыз жаза қолдана беруге 
болмайды. Жазалау мəселесінде жалпы, барша жағдайға жаза 
тағайындау мүмкін емес, əрқандай тəртіп бұзу өзінің дара сипатына ие: 
оны істеген кім, қандай жағдайда болды, себептері не – осы жəйттерді 
ескерумен жаза жеңіл не өте қатал болуы ықтимал. 
8. Жазалау - өте ауыр да əсерлі əдіс. Жаза таңдаудағы педагог 
қателігін түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жөнінде 
толық та анық түсінім болмағанша, асығыстықпен жаза қолдануға 
болмайды. Кері жағдайда жаза өз əділдігі мен пайдасын жоғалтады. 
9. Педагогикалық процестегі жаза – кек алу құралы емес. Балада 
жазаның оның өз пайдасы үшін қолданылып жатқанына сенім 
тудырыңыз. əрқандай жаза əр баланың жеке ерекшеліктеріне орай 
қолданылғаны дұрыс. 


10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына сай қолдануы – 
əділдіктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды проблема. Егер педагог 
оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мəн беретін болса, жаза да, 
мадақтау да жікке келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың өзіне мəн 
беріп, қай тəрбиеленуші тарапынан болғанына назар аудармаса, жаза 
түрлері жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы 
келеді. Мұғалім өз педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі 
шарт, сонда ғана шəкірттер жаза əділдігін мойындайды. 
11. Əрқандай жаза педагогикалық əдептілікті, жас кезеңдері
психологиясын, сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға болмайтынын 
түсінген жөн. Осыдан да жаза басқа тəрбие əдістерімен бірлікті 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет