Көпшілік тыңдарман тəрбиеленушілерге арналған дəрісбаяндар :
əдемі əрі сəнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын
қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат
тəрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған
көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып,
оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама
шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.
Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын
талқылау үшін қолданылады.
Фəлсафалық бас қосу – тəрбиеленуші өмірінің мəн-мағынасын
тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат-кеңес.
Белгілі тақырып бойынша пікір-сайыс – екі топ кезегімен ой
толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Интеллектуалдар саудасы – ақыл-ес əрекеттерін жарыстырудың
ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» – кітап, сурет, күйтабақ,
қолөнер туындысы жəне т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған
затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.
Мамыра жай əңгіме- сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын
бөлісу, тəлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.
Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойларына орай
өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да
мазмұнды шара.
Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты
материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі
тəрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз-
жарыс.
16.3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау
Тəрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тəрбиеші алдында
тұрған күрделі мəселе. Тəрбиелік іс-əрекеттің тиімді болуы осы
мəселенің дұрыс шешіміне тəуелді.
Тəрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты
мақсат- олардың білім беру, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтерінің
толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой-
толғаныс əрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше
дербес қарым-қатынас жасауға жəрдем беруі.
Тəрбиелік істердің əрбір жекеленген жағдайларында өзіндік
ерекшеліктерімен, қызығулары жəне мүмкіндіктерімен дараланған
əртүрлі тəрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан
ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр-сипатқа ие.
Бұдан шығатын тұжырым –тəрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін
көрсетпе –нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ
сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсыз пайдалана, іс
жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де
болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тəжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді
тəрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай
элементтерін заман ыңғайы мен тəрбиеленушілер ерекшеліктеріне
сəйкестендіре пайдаланған ойға қонымды . Мүмкін болғанша, іс-шара
формаларының тəрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық
қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы
істің орындалуы да қызықты.
Тəрбие формаларын іріктей отырып, дəл мезеттегі нақты тəрбие
міндеттері мен тəрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс-
əрекет түрлерін; тəрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін,
балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін;
материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар жəне
ата-аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тəрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс-əрекет əдіс,
тəсіл, жол-жобаларын пайдалануды қажет етеді жəне бұлардың бəрі
сол əрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.
|