Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Педагогикалық сараптау технологиясы



Pdf көрінісі
бет154/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

21.3. Педагогикалық сараптау технологиясы 
Педагогикалық сарап мақсаты – бұл мұғалімдердің оқу-тəрбие 
қызметінің тиімділігін шынайы анықтап (диагностикалап), оның 
нақты бағасын шығару. Ал мұғалімнің педагогикалық деңгейіне 
берілетін баға ол оқытып, тəрбиелеп жатқан шəкірттердің оқу іс-
əрекеттерінің нəтижелілігіне байланысты болатыны əбден түсінікті. 
Осыдан мұғалім бағасы мен шəкірт тəлім-тəрбиесіндегі нəтижелілік 
көрсеткіштері ажыралмас бір процестің екі тарапы. Біріншісі –негізі 
сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгей бағасы, ал 
екіншісі – нəтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі (дамуы) мен 
тəртіптілік дəрежесіне берілетін баға.
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі өлшем-
шекке (критерийге) негізделеді: нəтижелілік өлшем жəне процестік 
өлшем. 
Нəтижелілік өлшем-шек (педагогикалық қызмет нəтижесі). 
Оқушының пəн бойынша үлгерімін жəне олардың тəртіптілік деңгейін 
анықтауда ескрілетін жəйттер: 

пəндік нақты білім қоры; 



игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу 
жəне т.б.); 

табиғат жəне қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен 
құбылыстардың мəнін түсіну; 

оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі; 

оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі; 

тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы, 
қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық жəне тəн-дене 
мəдениетіне орай талғамы. 
Əрине, оқу-тəрбие жұмыстарының оқушы арқылы көрінетін 
нəтижелері мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен, олармен 
шектелу шынайылыққа нұқсан. 
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі 
дəрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-əрекет 
процесін ескерген де жөн. Бұл тұрғыдан назар аударарлық ұстаз 
əрекеттері; яғни процестік өлшем- шектері: 

мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары; 

өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары; 

оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас 
жасаудағы мұғалім ептілігі; 

ата-аналармен жұмыс, бала тəрбиесіне байланысты отбасыға 
педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу. 
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі: 
Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес 
қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы 
бекітеді. 
Сараптау жөніндегі Ережеге сəйкес мұғалімнің (педагогикалық 
қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады: 
сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар 
көшірмесі, бақылау- қадағалау не басқа біліктілік жұмыстарын
орындағаны туралы эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы, 
білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.  
Екінші біліктілік категориясын алу үшін мұғалім мектеп сараптау 
комиссиясына , бірінші категория үшін – аудандық комиссияға, 
жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет