пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде
оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық
мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту
педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми
пəндер
ішінде
ересектердің
педагогикалық
проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен –
жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі
ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан
оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы
кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары
технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен
таныстыру.
Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек
педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге
нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық
шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан
жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа
білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы
жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін
əскери педагогика
зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: