Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден



Pdf көрінісі
бет24/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   159
Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден 
бастауын алған əдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана 
объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана 
неотомистер үшін діни догмаларды дəлелдеу мен шіркеудің адамдарға 
болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет. 
Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін 
мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы 
заман жағдайлары мен талаптарына сəйкестендіре қолдануға мəжбүр 
болып отыр. Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан жəне 
рухани. Заттасқан болмыс- ең төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мəні 
жоқ дүние – оны зерттейтін ғылым. Эмпирикалық деректерді жинауға 
бағдарланған ғылым дүние мəнін ашуда қауқарсыз, себебі ол мəн 
Алланың қолында. Сондықтанда анайы шындық, неотомистердің 
пікірінше, Жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында 
ғана пенде санасына қонады. 
Адам – екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан жəне рухани 
дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, 
тұлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мəңгі өмір 
берген Алла тартуы. 
Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тəуелділігін
(рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген 
астарын қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, 
еркіндік пен өмір мəнінің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. 
Сондықтан барша оқу жəне тəрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған 
санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет. 
XIX-XX ғ.ғ. тоғысында химия, биология жəне т.б. жаратылыстану 
ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа – 
позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану 
пəндері мен оларда қолданылатын əдістерді əсіре дəріптеп, сандық 
зерттелген дəйектерді ғана дұрыс та дəлелді деп таниды. Таптық күрес, 


қоғам 
дамуы, 
əлеуметтік 
қайшылықтармен 
байланысты 
проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп 
жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мəнді ғылымдар – бұл 
математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа 
сиыспайтын ертегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет