Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды



Pdf көрінісі
бет27/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды 
ескеру. 
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен 
практика тұтастығы орындалады. 
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген 
ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика 
міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің 
жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық 
шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тəжірибесіне 
байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дəстүрлерді 
қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады. 
Педагогикалық технологиялар жөнінде алдағы дəрісбаяндарда сөз 
болады. 
 
2.4. Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық
принциптері 
 
Ғылыми-педагогикалық 
зерттеулер 
жүргізуде 
төмендегідей 
принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен 
шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив 
заңдары, 
қарама-қарсылықтары 
жəне 
себепті-салдарлы 
байланыстарына орай жасайды əрі дамиды; 
- құбылыстарды даму барысында зерттеу; 
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра 
зерттеу; 
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-
бірі 
толықтырып 
отырушы 
көптеген 
əдістер 
кешенімен 
орындалатынын естен шығармау; 
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай 
келуі; 
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі 
саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс 
жəне өзіндік даму ретінде қарастыру; 


- сынақталушыға, 
білім-тəрбие 
процесіне 
зиян 
келтіретін, 
адамгершілік- 
инабаттылық 
талаптарына 
қайшы 
болатын 
эксперименттерді өткізбеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет