мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің
ғылымдық
сипаты
оқу
жоспарларында,
бағдарламаларында
өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады. Озат
дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін
бірнеше ережелерді пайда еткен:
- оқуды педагогика, психология, əдістеме, педагогикалық
тəжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне
педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың
жаңа тəсілдерін ендіру;
- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын
ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ
дедуктивті оқу əдісін де орынды пайдалану, дерексізденген
(абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты
құбылыстардың тереңдегі мəн-мағынасын түсінуге жəрдемін береді.
Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген
абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз;
- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап
отыру, пəнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі
жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады;
- ғылыми таным əдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып
отыру;
- жаңа идеялар қабылдауды бір сəттік міндет деп білмеу – əрбір
құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары жəне
қатынастары аумағында қарастыра талдау;
- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру
мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын
шəкірттерге кең жария ету;
- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден
сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып,
ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді
ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау;
- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін
болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тəжірибе жұмыстарының
негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мəселелерді
шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен
айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;
- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету,
қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: