Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет58/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі 
талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық 
даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – 
дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре 
ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, 


жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тəсілдеріне сəйкес келген дүниені 
ғана түсіне алады. 
 
Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында 
Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға
белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу 
теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер 
тізімін кеңейте түсті: 

өтілуге тиіс материалдардың бəрі əр жас қабылдауына сəйкес 
реттестіріліп, ұсынылуы тиіс; 

оқушы санасы қандай да пəнді қабылдауға дайын болуы қажет 
екендігін ұмытпау; 

оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың 
дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тəжірибесін, 
қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу жəне оқытуда 
ескеру; 

оқу мазмұны жəне тəсілдері балалар дамуынан бір шама алда 
жүретіндей болсын; 

оқушылардың 
əртүрлі 
топтарындағы 
оқу 
ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар 
балаларды жіктеулі топтауға біріктіру; 

оқу процесін тиімді қарқында жүргізу, бірақ күшті оқушыларды аяқтан 
тартпайтындай, сонымен бірге орташа жəне үлгерімі төмен оқушылардың дамуына 
тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру; 

оқу жұмысы белгілі дəрежеде күш салуды қажет етеді. Олай 
болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар 
əрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны 
ескерумен мұғалім əр оқу ситуациясына сəйкес оқу желісін тиянақты 
əрі нақты белгілеп барғаны жөн; 

педагогиканың жəне психологияның жаңа жетістіктерін 
пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі 
материалдар жəрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды 
білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану; 

сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, 
қайшылықтарды кең қолдану, жаңа жəне күрделі материалды өтуде 
күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа жəне 
төмен оқушыларды тарту; 

жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен 
ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет