Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет116/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Экологиялық 
тəрбие. 
Бұл 
тəрбиенің 
мақсаттары- 
тəрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты 
ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған 
жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру
нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық 
жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға 
үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан лəззат (халықаралық 
экологиялық 
қауымдастықтың 
ұраны) 
алу 
арқылы 
табиғат 
субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тəрбиелеу. 
Экологиялық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны: 
- тəрбиеленушілердің қоршаған табиғатты зерттеп, тануы; 
- табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу; 
- əлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі 
проблемаларымен танысу
- адам əрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл əлемдік 
экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп, 
білу. 
Эстетикалық тəрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй –
сезімдік жəне тұлғалық сана мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру 
жəне дамыту.
Бұл тəрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы 
барысында іске асады əрі құндылық мəнін иелейді. Эстетикалық 
тəрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен 
бағамдарын туындататын болмыстың əсем нысандары мен олардың 
қасиеттеріне бағытталған тəрбие жұмыстарының формалары жəне 
əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды. 
Эстетикалық тəрбие жəне білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер 
мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру жəне бағалау 
дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани жəне дене шынықтыру 
мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 
Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті тануға орайласқан санасын 
(сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен 
көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын 
жəне олардың əрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-
əрекеттеріндегі 
(қабылдауында, 
бағалауында, 
шығармашылық 
қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, 
талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған. 
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде 
эстетикалық тəрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем 
өнерлік білімді үздіксіз дамыту; оқушылардың əн-күй мəдениетін 
қалыптастыру, театрға байланысты тəрбие мен білім беру, көркем 
əдебиеттік қабілеттер дарыту жəне дамыту, т.с.с. 


Əсемдікке 
тəрбиелеудің 
нəтижелік 
көрсеткіштері: 
тəрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың 
эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар əлемінен 
игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы. 
Эстетикалық тəрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен 
көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем əдебиет туындылары 
бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде 
кездесулер ұйымдастыру; əйгілі орындаушылар (жеке əншілер, хор, 
оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын жəне т.б. 
жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет