Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы



Дата06.12.2022
өлшемі232,5 Kb.
#55254
түріСабақ

Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім берудегі басқару органдары жүйесінің жиынтығы.

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі кезеңдерге бөліп қарастырамыз: 1.1991-1994жж.; 2.1995-1998жж.; 3.1999-2004жж. -; 4. 2005-2010 жж. - «2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы» негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу; 5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады: 1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі: 2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі; 3. Білім берудің зайырлы сипаты; 4. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; 5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; 6. Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

7. Білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту; 8. Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты; 9. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы; 10. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау; 11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру; 12. Оқу мен тәрбиенің бірлігі.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет