-
реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану
процесінде əлеуметтік қатынастар
нормаларын қалыптастырушы
тəрбиешілер мен тəрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды
реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
-
ақпараттық: тəрбиеленушілердің
игерген білімдерін ғана
біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан,
олардың өзіндік
тəжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске
қосуына жол ашады.
16.2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері
бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі
төмендегі шарттарға
тəуелді:
-
уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут);
ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
-
тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт,
көркем өнер;
-
педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама;
-
нəтиже: ақпарат алмасу,
жалпы тұжырымға келу, қоғамдық
мəнді өнім;
-
қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші),
топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –
бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік
жұмыстардың кейбір
формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес
беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем,
проблема
шешімін
бірлікті
іздестіру.
Тəрбиеші
міндеттірі:
оқушы
мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша
құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дəстүрлі
тапсырмаларды
кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар,
ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.
Достарыңызбен бөлісу: